Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясының бесінші сессиясын шақыру туралы" 1999 жылғы 7 қаңтардағы N 4191 N994191_ өкімін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне 1999 жылдың қаңтарында Астана қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының V сессиясын өткізуді ұйымдастыру тапсырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан халықтары Ассамблеясының V сессиясын өткізуге арналған шығыстарды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың әкімдері жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен
Қазақстан халықтары Ассамблеясының V сессиясына қатысушылардың іссапарлық
шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысының орындалуына
бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
А.С.Павловқа жүктелсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы қол қойылған күнінен
бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.