Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы
өндірістік кооперация туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы
өндірістік кооперация туралы Келісімді бекіту туралы
1996 жылғы 17 қыркүйекте Тбилиси қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы өндірістік
кооперация туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі
арасындағы өндірістік кооперация туралы
Келісім
Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі,
экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық тұрақты да ұзақ мерзімді негіздегі екі жақты қатынастарды дамытудың маңызды және қажетті элементі болып табылатындығын түсіне отырып,
өз мемлекеттерінің өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеттері арасында қалыптасқан технологиялық өзара байланыстарды ескере отырып,
нарықтық қатынастар негізінде ортақ экономикалық кеңістік құрудағы Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық қызметі субъектілерінің тікелей өндірістік өзара іс-қимыл жасауларының шешуші рөлін мойындай отырып,
кәсіпорындар мен салалар арасында өндірістік кооперацияны өзара тиімді дамыту мен оны қолдау үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
екі ел арасындағы экономикалық өзара әрекеттестіктің қол жеткізілген деңгейіне сүйене отырып,
Дүниежүзілік Сауда Ұйымының және Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізгі принциптеріне сәйкес сауда саласындағы қатынастарды дамытумен көп жақты сауда жүйесінің нығайтылуына жәрдемдесуге бекем бел байлай отырып,
өз азаматтары тұрмысының сапасын жақсарту мен оны экономикалық тұрғыдан ұдайы арттырып отыруды қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылуын кеңейту, материалдық және адам ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мақсаттарын басшылыққа ала отырып,
мына төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен салалық және салааралық кешендердің арасында олардың тікелей өндірістік байланыстарының негізінде кооперацияны дамыту мен оны жүзеге асыруға көмектесетін болады.
2-бап
Уағдаласушы Тараптар өндірісті халықаралық мамандандыру мен кооперациялауды дамыту, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету, өнеркәсіп салаларындағы басымдықтарды анықтау, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ қорғаныс салаларын конверсиялау өрісін қоса алғанда өндірісті үйлестіруді жүргізу мақсатымен қажетті шаралар қолданатын болады.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар мынадай деп келісті:
кооперациялау бойынша тауарлар жеткізу деп шикізат пен материалдардың, тораптар мен тетіктердің, қосалқы бөлшектер мен дайындамалардың, жартылай өңделген өнімдердің, сондай-ақ негізгі өнімдерді бірлесіп шығару үшін қажетті және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты салалық және салааралық мақсаттағы жинақтаушы және басқа да бұйымдардың жеткізілуі түсініледі;
қызмет көрсетуде жобалау, жөндеу жұмыстары, техникалық қызмет
көрсету мен технологиялық операциялар түсініледі;
кедендік режимдер шеңберінде тауар өңдеудің жеткізілімі деп
Уағдаласушы Тараптардың кедендік заңдарымен белгіленген шарттарға
сәйкес тауар жеткізілуі түсініледі.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар шаруашылық қызметтің субъектілері тиісті
салалық және салааралық келісімдердің негізінде жасасатын шарттарды
(келісім-шарттарды) өндірістік кооперация мен тікелей байланыстардың
негізгі нысаны деп есептейді.
5-бап
Уағдаласушы Тараптар өндірістік кооперация туралы салалық және
салааралық келісімдер жасасуға көмектесетін болады.
6-бап
Уағдаласушы Тараптар мына салаларда өндірістік кооперация туралы
келісімдер жасасудың айрықша маңызы бар деп есептейді:
отын-энергетика кешені;
металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі;
мәшине жасау және қорғаныс өнеркәсібі;
көлік;
медицина және фармакология өнеркәсібі;
ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі;
жеңіл өнеркәсіп.
7-бап
Өндірістік кооперация туралы салалық және салааралық келісімдерде кооперацияға қатысатын және өнім (қызмет көрсету) өндірісінің мамандандырылуын сақтап қалатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ өнімнің (қызмет көрсетудің) кооперацияланған жеткізілімінің көлемі мен номенклатурасы белгіленетін болады.
8-бап
Өндірістік кооперация туралы салалық және салааралық келісімдерді жүзеге асыру олардың негізінде өнімді кедендік ресімдеу мен өнімді Уағдаласушы Тараптардың кедендік шекарасынан өткізу үшін негіз болып табылатын Уағдаласушы Тараптар елдері кәсіпорындарының арасында шарттар (келісім-шарттар) жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Өндірістік кооперация шеңберінде жеткізілетін өнімді (қызметтерді) ресми мәлімдеу мен есепке алу олардың заңдарына сәйкес Уағдаласушы Тараптар елдерінің кеден органдарымен жүзеге асырылады.
9-бап
Уағдаласушы Тараптар салалық және салааралық келісімдер тізбелеріне сәйкес экспорттық және импорттық кедендік баж салықтары мен жеткізілетін тауарларға қатысты акциздер мен қосымша құнға деген салықты қолданбауға міндеттенеді.
Көрсетілген өнімді (қызмет көрсетуді) кедендік ресімдеу үшін алымдар жалпы шарт бойынша Уағдаласушы Тараптардың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өндіріліп алынады.
Осы баптың ережелері Уағдаласушы Тараптардың қандай болса да бір кедендік одаққа қатысуынан туындайтын міндеттемелеріне қайшы келе алмайды.
10-бап
Кооперация бойынша алыс-беріс шикізатынан шығарылатын өнімнің жеткізілуі Уағдаласушы Тараптар елдерінде қолданылып жүрген алыс-беріс шикізатымен операциялар туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
11-бап
Өндірістік кооперация шеңберінде жеткізілетін шикізат, материалдар мен жинақтаушы бұйымдар аумағынан өндірістік кооперацияның шеңберінде шикізат, материалдар мен жинақтаушы бұйымдар жеткізілген Уағдаласушы Тараптардың өкілетті органының тиісті алдын ала жасалған жазбаша келісімінсіз үшінші бір елдер қайта экспорттауға жатпайды.
Уағдаласушы Тараптар өндіріс саласындағы интеграция процестерін дамыту мақсатында кәсіпорындар мен салалардың кооперациялық байланыстарын реттеу жайындағы шаруашылық субъектілеріне қатысты өз елдері ұлттық заңдары нормаларын үйлестіру мен жақындату жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу туралы уәделесті.
12-бап
Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда ғылымды көп қажет ететін өндірістердегі және экспортқа бағытталған салалардағы кооперацияны дамыту, сондай-ақ импортты алмастыратын өнім шығаруды ынталандыратын несиелер мен инвестицияларды беру шарттарын келісетін болады.
13-бап
Уағдаласушы Тараптар олардың шешімін мүдделі министрліктер мен
ведомстволарға тапсыра отырып, мәселелерді бірлесіп пысықтау ұйымдастырады:
маркетингтік, лизингтік зерттеулерді жүргізу және көрмелер мен
қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
өз елдерінің арасында серіктестіктерді іздестіруде, шарттарды
(келісімдерді) дайындауда, жасауда және орындауда жәрдемдесуді
қамтамасыз ететін осы заманғы ақпараттық коммуникацияларды дамыту;
мамандарды даярлау жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыру.
14-бап
Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың өзара келісуі бойынша
өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
15-бап
Осы Келісімді түсіндіруде және қолдануға байланысты даулар Уағдаласушы Тараптардың арасында алдымен консультациялар және келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.
16-бап
Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы оның күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағаны туралы жазбаша мәлімдеме алған күннен бастап күшіне енеді.
Келісім Уағдаласушы Тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тараптан осы Келісімнің қолданысын тоқтатқысы келетін ниеті туралы жазбаша мәлімдемесін алған күннен бастап алты ай өткеннен кейін өз күшін жояды.
Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда оның ережелері екі
елдің кәсіпорындары мен ұйымдарының арасында осы Келісім негізінде
жасалған шарттар мен келісімдерге осы Келісімнің қолданыс мерзімі
тоқтатылған сәттен бастап 6 ай бойы қолданылатын болады.
Тбилиси қаласында 1996 жылғы 17 қыркүйекте қазақ, грузин және
орыс тілдерінде екі данада жасалды, сондай-ақ барлық мәтін де
бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келеді. Түсіндіру мақсатында орыс тіліндегі
мәтіннің басым күші бар.
Қазақстан Республикасының Грузия Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Орынбекова Д.