Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының
Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімді бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан
Республикасының Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы Келісімді
бекіту туралы
1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы еркін сауда туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы
Келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі,
Қазақстан Республикасы Мен Әзірбайжан Республикасы сауда экономикалық ынтымақтастығы теңдік және өзара тиімділік негізінде дамытуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстары мен екі мемлекет экономикасының өзара толығуын ескере отырып,
біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып,
тауарлар мен көрсетілген қызметтердің еркін қозғалысы өзара келісілген шараларды жүзеге асыруды талап ететінін мойындай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісімнің (ТСБК) және Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) принциптерін ұстанатындықтарын растай отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Тараптар, мемлекеттерде қолданылатын заң актілерін сақтай отырып, тікелей шаруашылық байланыстары негізінде тең құқықтық, өзара тиімділік және мүдделік принциптерін басшылыққа ала отырып, олардың меншік түрлеріне қарамастан, шаруашылық қызметі субъектілері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытады және кеңейте түседі.
Әрбір Тарап басқа Тарапқа залал келтіретін әрекеттерден бас тартады.
2-бап
1. Тараптар бір-біріне еркін сауда тәртібін ұсынады.
Тараптар бірінің кедендік аумағынан шығатын және екінші Тараптың кедендік аумағына арналған тауарлардың экспортын және/немесе импортын кедендік ресімдеу алымдарынан, сондай-ақ сандық шектеулерінен басқа, барабар күші бар кедендік баж алымын, алым-салықтарын қолданбайды. Тауарларды келісілген номенклатура бойынша аталған сауда тәртібінен алып тастау, осы Келісімнің ажырамас бөлігі - Хаттамамен ресімделеді.
2. Тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес жыл сайын еркін сауда тәртібінен алынатындардың жалпы тізбесін, сондай-ақ осындай алуды қолдану әдістерін жасайды және келіседі.
3. Осы Келісім мен оны қолдану кезеңіндегі мақсаттар үшін Тараптардың кедендік аумағынан шығатын тауарлар деп Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үкімет Басшылары Кеңесінің Шешімімен бекітілген, тауарлар шығатын елі анықтайтын 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Ережелер белгілеген тауарларды түсінеміз.
3-бап
Әрбір Тарап:
Осы Келісімнің қолданысына жататын басқа Тараптың тауарларына, ішкі өндірістік ұқсас тауарларға немесе үшінші бір елден шығатын тауарларға салынатын тиісті салықтардан немесе алымдардан асатын ішкі салықтарды немесе алымдарды тікелей, не жанама түрде салмайтын болады;
осы Келісімнің қолданысына жататын тауарларды импорттау немесе экспорттауға қатысты, осындай жағдайларда ішкі өндірістік осындай тауарларға немесе үшінші бір елден шығатын тауарларға қолданылмайтын қандай да болмасын арнайы шектеулер мен талаптар енгізбейтін болады;
басқа Тараптан шығатын тауарларды жинастыруға, қайта тиеуге, сақтауға, тасуға, сондай-ақ төлемдерге және төлемдерді аударуға қатысты осындай жағдайларда, өз тауарларына немесе үшінші бір елден шығатын тауарларға қатысты қолданылатындарынан өзге ережелерді қолданбайтын болады.
4-бап
Тараптар өзара саудада осы Келісімнің шеңберінде тауарларды экспорттауға және/немесе импорттауда тауарларда сандық шектейтін кемсітушілік шараларын немесе оларға барабар шараларды қолданудан бас тартатын болады.
Тараптар, бірақ тек ойға қонымды деңгейде және қатаң белгіленген мерзімге біржақты түрде сандық немесе өзге арнайы шектеулер қоюы мүмкін.
Бұл шектеулер аса бөлек сипатта болуға тиісті және тек СБК/БСҰ шеңберлеріндегі келісімдермен көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкін.
Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер қолданатын Тарап аталған шектеулерді қолдануды енгізудің негізгі себептері, оның нысаны мен шамаланып отырған мерзімі туралы толық ақпаратты мүмкіндігінше басқа Тарапқа алдын ала табыс етуге тиіс, содан кейін консультация тағайындалады. Консультация барысында қабылданатын шешімдер тиісті құжаттармен ресімделеді.
5-бап
Осы Келісім кез-келген келісуші Тараптардың өзінің өмірлік мүдделерін қорғауда қажет деп санайтын немесе өзі қатысушы болып табылатын немесе қатысуға ниет еткен халықаралық шарттарды орындау үшін сөзсіз қажетті деп санайтын, сыртқы экономикалық байланыс саласында мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибеде жалпы қабылданған шараларын біржақты түрде қолдану құқығына кедергі келтірмейді, егер бұл шаралар:
адамдардың өмірі мен денсаулығын, айнала ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, сақтауға;
қоғамдық әдептілікті және қоғамдық тәртіпті қорғауға;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери техника саудасына;
тарқағыш материалдарды, радиоактивтік заттардың көзін жеткізуге, радиоактивтік қалдықтарды залалсыздандыруға;
алтын, күміс немесе өзге де бағалы металл мен асыл тастар саудасына;
азайғыш табиғи ресурстарды сақтауға;
төлем балансының бұзылуына;
мемлекеттік қолдау бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде ішкі
бағасы әлемдік деңгейден төмен болатын өнімдер экспортын шектеуге;
өндірістік және рухани, ақыл-ой меншігін қорғауға;
ұлттық игілік құндылықтарын қорғауға;
халықаралық қатынастарда соғыс уақытында немесе басқа төтенше
жағдайларда қолданылатын шараларға;
халықаралық бейбітшілік пен хауіпсіздікті сақтау үшін БҰҰ-ның
Жарғысы негізіндегі міндеттерді орындауға арналған іс-қимылға;
және ТСБК-інің ХХ баптарымен көзделген басқа жағдайларға қатысты
болса.
Төтенше сипаттағы жағдайлардан басқа, осындай шараларды қолданушы
Тарап осы бапқа сәйкес басқа Тарапқа мүмкіндігінше алдын ала аталған
шектеулерді енгізудің негізгі себептері, нысандары мен болжамды
мерзімдері туралы толық ақпарат тапсыруға тиіс, содан соң консультациялар
тағайындалады.
6-бап
Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы сауда- экономикалық ынтымақтастық жөніндегі барлық есеп айырысулары мен төлемдері банкаралық тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
7-бап
Тараптар өздеріне қатысты кеден статистикасын қоса алғанда, сыртқы экономикалық байланысты іштей құқықтық реттеу туралы, соның ішінде сауда, инвестиция, салық салу, банк пен сақтандыру қызметі және көлік пен кеден мәселелері жөніндегі өзге де қызметтер бойынша тұрақты негізде ақпар алмасатын болады.
Тараптар осы Келісімнің орындалуына ықпал етуі мүмкін ұлттық заңдардағы өзгерістер туралы бір-біріне дер кезінде хабарлап тұрады.
Мұндай ақпарат алудың тәртібін Тараптардың өкілетті органдары келісіп алады.
Осы баптың ережелері:
кез-келген Тараптың органдарын заң бойынша немесе Тараптардың бірінің әдеттегі Әкімшілік іс-тәжірибесі барысында алуға болмайтын ақпарат тапсыруға;
Олардың ашылуынан Тараптардың мемлекеттік мүдделеріне қайшы келетін, қандай болмасын сауда, кәсіпкерлік, өндірістік, коммерциялық не кәсіптік құпияны немесе сауда ісін, немесе өзге ақпарат тапсыруға міндетті деп түсіндірілмейтін болады.
8-бап
Тараптар теріс іскерлік тәжірибесін осы Келісімнің мақсаттарына үйлеспейтінін мойындайды және оның мынадай әдістеріне жол бермей, жоюға:
Тарап-Мемлекеттердің аумағында бәсекелестікке кедергі келтіру немесе шектеу, оның шарттарын бұзу мақсатын қойып отырған кәсіпорындар арасындағы шарттарға, олардың бірлестігі қабылдаған шешімдерге және іс- тәжірибенің жалпы әдістеріне;
бір немесе бірнеше кәсіпорындардың өздерінің үстемдік жағдайын пайдаланып, Тараптардың барлық аумағында немесе едәуір бөлігінде бәсекелестікті шектейтін іс-әрекетіне жол бермеуге және жоюға міндеттенеді.
9-бап
Статистикалық ақпарат алмасу, кедендік ресімдерді жүргізу үшін экономикалық қарым-қатынастың тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру кезінде Тараптар тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлесімді жүйесіне және Еуропалық экономикалық одақтастықтың құранды тарифтік-статистикалық номенклатурасына негізделген Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тоғыз таңбалы Тауарлық номенклатурасын (СЭҚ ТН) пайдаланатын болады. Бұл орайда өз мемлекеттерінің жеке мұқтаждары үшін Тараптар қажет болған жағдайда тоғызтаңбадан тыс Тауарлық номенклатураны дамытуды жүзеге асырады.
Тауарлық номенклатураның эталондық данасы тиісті халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер арқылы өзара келісілген негізде енгізіліп, жүзеге асырылады.
10-бап
Тараптар транзиттік өту еркіндігі принциптерін сақтау осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізудің аса маңызды шарты және олардың халықаралық еңбек бөлінісі мен бірлесу жүйесіне қосылу процесінің елеулі буыны екендігімен келіседі.
Осыған байланысты Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптың немесе үшінші бір елдің кедендік аумағынан шығатын және басқа Тараптың немесе кез-келген үшінші бір елдің кедендік аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы кедергісіз транзиттелуін қамтамасыз етеді және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға транзит арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін өзінің экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына немесе кез-келген үшінші бір мемлекеттің экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына берілетін сол құралдар мен қызмет көрсетулерден еш кем түспейтін шарттармен жағдай жасайтын болады.
Тараптардың аумақтары бойынша жүктердің өту тәртібі мен шарты тасымалдаудың халықаралық Ережелеріне сәйкес реттеледі.
11-бап
Әрбір Тарап осы тауарлар өз аумағынан шығатын басқа Тараптың экспортына қатысты рұқсат етілмеген тауарларды қайта экспорттауға жол бермейді, реттеудің тарифтік және/немесе тарифтік емес шараларын қолданады немесе оларға барлық кеден аумағынан әкету кезінде сыртқы экономикалық жеңілдіктер береді. Тараптар рұқсатсыз қайта экспорттауға тиым салынатын тауарлардың тізбесін белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тізімдерін алмасады.
Бұл тауарларды үшінші бір елге қайта экспорттауға осы тауарлар шығатын мемлекеттің өкілетті органы айқындайтын жазбаша келісімімен және шарттарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Осы ереже сақталмаған жағдайда мүдделі Тараптың басқа Тараппен алдын ала консультация алысқаннан кейін тауарларды келісімсіз қайта экспорттауға жол берген басқа Тараптың аумағына шығаруды реттеу жөнінде бір жақты түрде шаралар енгізуге құқы бар.
Бір Тараптың кедендік аумағынан шығатын тауарды басқа Тараптың
үшінші бір елге экспорттау мақсатында өзінің кедендік аумағынан тыс
жерге шығаруын қайта экспорттау деп түсінеміз.
12-бап
Үшінші бір ел тұрғысында экспорттық бақылаудың келісілген
саясатын жүргізу мақсатында Тараптар тұрақты түрде консультация
өткізетін болады және экспорттық бақылаудың тиімді жүйесін құру үшін
өзара келісілген шаралар қабылдайды.
13-бап
Осы Келісімнің ережелері Тараптар арасында бұрын жасалған екі жақты келісімдердің ережелерін өзімен не сәйкес келмейтін не ұқсас болатын шамасына қарай алмастырады.
14-бап
Осы Келісімде егер бұл қатынастар мен міндеттемелер осы Келісімнің мақсаттары мен ережелеріне қайшы келмеген жағдайда кез- келген басқа Тараптың үшінші бір елмен қарым-қатынас орнатуына, осы Тарап қатысушы болып табылатын немесе болуы мүмкін елмен өзге бір
халықаралық келісімдерге сәйкес өзіне алған міндеттемелерін орындауына
ештеңе де кедергі жасамайды.
15-бап
Әрбір Тарап өзінің заңдарына және халықаралық міндеттемелерге
сәйкес басқа Тараптың шаруашылық субъектілеріне тең құқықтық, соның
ішінде сотпен қорғалу құқықтарын және заңды мүдделер береді.
16-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдануға қатысты
Тараптар арасындағы даулы мәселелер келіссөздер арқылы немесе
Тараптарға қолайлы басқа тәсілдермен шешіледі.
Тараптар өзара сауда шиеленісті жағдайларды болдырмауға ұмтылады.
17-бап
Осы Келісімнің мақсаттарына жүзеге асыру және екі мемлекет
арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру жөнінде
ұсыныстар дайындау үшін Тараптар бірлескен қазақ-әзірбайжан комиссиясын
құруға келісті.
18-бап
Тараптардың келісуі бойынша, қажет болған жағдайда, осы Келісімге
өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
19-бап
Осы Келісім Тараптардың осы үшін қажетті мемлекеттік ішкі ресімдерді орындағандықтары туралы соңғы хабар алынған мерзімнен күшіне кіреді және Тараптардың бірі басқасына оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабар жіберген мерзімнен алты ай өткенше күшінде қалады.
Осы Келісім тоқтатылғаннан кейін оның ережелері оның күшінде болған кезеңде Тарап-Мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында жасалған, бірақ орындалмаған шарттамаларға, бес жылдан аспайтын мерзімге қолданылатын болады.
Алматы қаласында 1997 жылғы 10 маусымда әрқайсысы қазақ,
әзірбайжан және орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды және
де барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсатында орыс тіліндегі
мәтіннің күші басыңқы болады.
Қазақстан Республикасы Әзірбайжан Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы 1997 жылғы
10 маусымдағы Келісімдегі еркін сауда тәртібінен алу туралы
Хаттама
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметтері
төмендегі туралы осы Хаттаманы жасады.
1-бап
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы
Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы 1997 жылғы _______________
Келісімнің 2-бабымен көзделіп, алып тасталынатындар:
- N 1 Қосымшаға сай Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан
Республикасына импортталатын тауарлар.
- N 2 Қосымшаға сай Қазақстан Республикасынан Әзірбайжан
Республикасына импортталатын тауарлар.
2-бап
1. Тараптар осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркін сауда тәртібінен алынатын тауарларға қатысты бір-біріне аса қолайлы жағдай туғызады, Олар:
осы алым-салықтарды алудың әдісін қосқанда, импорт N 1 және N 2 Қосымшаларда көрсетілген тауарларды импорттауда алынатын алым-салыққа;
- транзитті кедендік ресімдеуге, тасымалдауға, жинастыруға, қайта
тиеуге және осы басқа осы сияқты қызметтерге қатысты ережелер;
- Төлемнің әдістері және аударылуы;
- импорттық лицензиялар беру;
- ішкі нарықта тауарларды сату, сатып алу, тасымалдау, бөлу және
пайдалануға қатысты ережелер.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері қолданылатындары:
- Тараптардың бірінің Кеден одағын немесе еркін сауда аймағын
құру мақсатымен, не осындай одақ, аймақ құру нәтижесінде үшінші бір
елге беретін басымдығы;
- Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге берілетін басымдықтар;
- шекара бойында сауданы жеңілдету мақсатымен көрші елдерге берілетін
басымдықтар;
- арнаулы келісімдерге сәйкес Тараптардың бір-біріне беретін
басымдықтары.
3-бап
1. Осы Хаттама - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан
Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы 1997 жылғы 10
маусымда Келісімнің ажырамас бөлігі және аталған Келісіммен бір мезгілде к
үшіне кіреді.
2. осы Хаттама Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан
Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы 1997 жылғы ____ ____
_____Келісімнің 2-бабымен көзделген, жаңа Хаттама жасалатын кезеңге дейін
күшінде болады.
1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында екі түпнұсқа данамен,
әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде жасалды.
Қазақстан Республикасы Әзірбайжан Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
1997 жылғы ____ __________ еркін сауда
тәртібінен алу туралы Хаттамаға
N 1 Қосымша
Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына импорттауда
еркін сауда тәртібінен алуға жататын тауарлардың
Тізбесі
_________________________________________________________________________
Тауардың аты | СЭҚ ТН коды 1993 ж.
__________________________________________|______________________________
Алкогольді және алкогольсіз 22 топ,
ішімдіктер (2201, 2202, және 2209-
ден басқа)
Темекі және темекіні 24 топ
өндірістік алмастыратындар
1997 жылғы ____ __________ еркін сауда
тәртібінен алу туралы Хаттамаға
N 2 Қосымша
Қазақстан Республикасынан Әзірбайжан Республикасына импорттауда
еркін сауда тәртібінен алуға жататын тауарлардың
Тізбесі
_________________________________________________________________________
Тауардың аты | СЭҚ ТН коды 1993 ж.
__________________________________________|______________________________
Ликер-арақ және спирт өнімдері 2203, 2204, 2205, 2206
220710000, 220810,
220820, 220830,
220840, 220850,
220890110, 220890190,
220890310, 220890330,
220890390, 220890510,
220890790, 220890910,
220890990
Темекіден жасалған сигареттер 240220000
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.