1. Алматы қаласында 1997 жылдың 23 қыркүйегінде жасалған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Беларусь Республикасының Қарулы Күштері үшін жеткізіліп тұрылатын өнімдердің сапасына әскери бақылау жасау туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Беларусь Республикасының Қарулы Күштері үшін жеткізіліп тұрылатын өнімдердің сапасына әскери бақылау жасау туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 6-құжат) (1999 жылғы 1 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет) Бұдан әрі қарай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі,
1992 жылғы 20 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің қарулы күштерін қару-жарақпен, әскери техникамен
және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру принциптері туралы Келісімнің, 1995 жылғы 3 қарашадағы қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы Келісімнің ережелерін дамыту мақсатында,
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтыла отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Кәсіпорындарда әскери өнімдерді (қару-жарақты, әскери техниканы, мүлікті және оларға арналған жинақтаушы бұйымдарды) әзірлеу мен жасау сапасына әскери бақылау жасауды, сондай-ақ өнімдерге тапсырыс беруші мемлекеттің (тапсырыс беруші мемлекеттің) қарулы күштері үшін оларды қабылдап алуды осы өнімді жеткізуші мемлекет (жеткізуші мемлекет) қорғаныс министрлігінің әскери өкілдіктері жүзеге асырады.
Әскери өнімнің сапасына әскери бақылау жасау қажеттілігін тапсырыс беруші мемлекеттің қорғаныс министрлігі (жинақтаушы бұйымдар бойынша - түпкі өнімге тапсырыс беруші мемлекет) анықтайды және ол өнімді жеткізу (әзірлеу) шартында (контрактіде) көрсетіледі.
Тапсырыс беруші мемлекеттің қарулы күштері үшін жеткізуші мемлекеттің қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің өнімді қабылдап алу жөніндегі шығыстарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы жекелеген келісіммен анықталады.
Әскери өнімнің техникалық құжаттама талаптарына және келісім (контракт) шарттарына сәйкестігі әскери өнімді қабылдап алуды жүзеге асыратын әскери өкілдіктің тапсырыс беруші мемлекет қорғаныс министрлігінің тиісті тапсырыс беруші басқармасына өнімді қабылдап алғаннан кейін бір тәулік ішінде жіберген куәлігімен расталады.
2-бап
Қажет болғанда, тапсырыс беруші мемлекеттің әскери өкілдіктері жеткізуші мемлекеттің әскери өкілдіктері қабылдаған дайын өнімді келіп түскен кезде бақылауды жүзеге асыра алады.
3-бап
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің қызметіне бақылау жасауды аталған министрліктердің осы әскери өкілдіктер бағынатын басқармалары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы уағдаластық бойынша өнімнің сапасына әскери бақылауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі олардың әскери өкілдіктерінің қызметін тексеруге тапсырыс беруші мемлекеттің қорғаныс министрлігі өкілдерінің қатысуы мүмкін.
4-Бап
Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап уақытша қолданыста болады және оның күшіне енуі үшін қажетті тиісті ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғандығын растайтын мәліметтердің соңғысының түскен күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалды. Егер Тараптардың ешқайсысы
тиісті мерзімнің аяқталуына алты ай қалғанға дейін оның күшін жою туралы өзінің тілегін жазбаша мәлімдемесе, оның қолданысы әр ретте келесі жылға өзінен-өзі ұзартылатын болады. Алматы қаласында 1997 жылғы 23.09. екі түпнұсқа данада әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісім ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін негізге алынады. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Оқығандар: Қобдалиева Н. Орынбекова Д.