ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.27. N 1070
қаулысымен. P991070_
"Ертіс химия-металлургия зауыты" акционерлік қоғамын банкрот деп тануға байланысты және Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңының 2-бабына сәйкес "Ертіс химия-металлургия зауыты" акционерлік қоғамының республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Конкурстық массаны сатудың:
1) "Ертіс химия-металлургия зауыты" акционерлік қоғамының мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сатуды;
2) "Ертіс химия-металлургия зауыты" акционерлік қоғамының мүліктік кешенін сатып алушының жылына кемінде 3000 тонна концентратты қайта өңдеу жөніндегі өндірісті қамтамасыз етуін;
3) конкурстық массаның бірінші және үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес бастапқы бағасын;
4) конкурстық массаны Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өкілдерінің қатысуымен сатуды;
5) банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде қайта құрылымдау және қысқы жағдайға дайындалу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру үшін әлеуетті инвесторды тартуды;
6) әлеуетті инвестордың шығынын банкроттық рәсімдерін жүргізуге байланысты әкімшілік шығындарға кіргізуді көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
2. Конкурстық массаны сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар көзделсін:
1) сауда-саттыққа жерде сирек кездесетін және сирек металды салада жұмыс тәжірибесі бар заңды тұлғалар жіберіледі;
2) сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна әкімшілік шығыстар сомасының кемінде 100 процентін құрайды;
3) банкроттық рәсімдерін жүргізу кезеңінде қаржыландыруға қатысқан әлеуетті инвесторға, егер басқа заңды тұлға жеңімпаз деп жарияланған жағдайда кепілдікті жарнаны төлеудің есебіне шығынның сомасын қайтару жөнінде кепілдік берілсін;
4) сатып алушының конкурстық массаны сатудан түсетін қаражат
жеткіліксіз болған жағдайда осындай кредиторлардың өкілетті өкілімен
келісім бойынша төртінші кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеу
жөніндегі міндеттемесі белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.