Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1994 жылғы 8 тамызда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ғылым, техника және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Келісім ҚР 20.12.2019 № 281-VI Заңына сәйкес өзінің қолданысын тоқтатады (қолданысқа енгізілу тәртібін 18-баптан қараңыз).
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi
арасындағы әскери ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы
ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 10-құжат)
(1999 жылғы 8 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 85 бет)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi, БҰҰ Жарғысында қарастырылған мақсаттар мен принциптерге өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
1994 жылғы Вена Құжатын қоса есептегенде, Жаңа Еуропа үшiн Париж Хартиясының принциптерi мен мақсаттары, Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық туралы Париж Конференциясының нәтижелерi, сондай-ақ 22 Ұлт Декларациялары мен Еуропадағы жәй қару-жарақ туралы Келiсiм Еуропа тарихында шешушi кезең болып табылатынын атай отырып;
екi ел арасындағы достық және ынтымақтастық қатынастарын ары қарай дамытуға, сондай-ақ әскери салада ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып,
төмендегiлер жайында келiстi:
1-бап
Мақсаты
Осы Келiсiмнiң мақсаты Тараптар арасындағы әскери бiлiм беру, техника, ғылым және қорғаныс өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастықты орнату және жүзеге асыру болып табылады.
2-бап
Тақырыбы
Осы Келiсiм әскери бiлiм беру саласында жүзеге асырылатын өзара қызмет және қорғаныс өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық принциптерiн қамтиды.
3-бап
Анықтамалар
1. "Жiберушi мемлекет" әскери персоналды жiберушi мемлекеттi бiлдiредi.
2. "Қабылдаушы мемлекет" Келiсiм практикасына сәйкес өз аумағына әскери персоналды қабылдаушы мемлекеттi бiлдiредi.
3. "Қонақ персонал" жiберушi мемлекеттiң және қабылдаушы мемлекеттiң аумағына бiлiм алу және дайындық, сынақтан өту және бақылау үшiн келген әскери персоналды бiлдiредi.
4. "Қарауындағы жан" терминi қонақ персонал өз елiнiң заңдылығына сай қамқорлық көрсетуге мiндеттi әскери адам жанұясының мүшелерiн бiлдiредi.
5. "Әскери дайындық саласындағы ынтымақтастық" терминi Тараптар арасында тәжiрибе мен ақпараттар және әскери дайындық саласындағы қызметке байланысты персоналмен алмасуды бiлдiредi.
6. "Қорғаныс өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық" терминi Тараптар арасында тәжiрибе, ақпараттар және персоналмен алмасу олардың қорғаныс өнеркәсiбiне қатысты ғылым мен техника саласындағы қызметтi бiрiгiп атқарушы персоналмен алмасуды бiлдiредi.
4-бап
Әскери ынтымақтастық салалары
Тараптар келесi салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады:
1. Әскери дайындық саласында:
а. Жеке құрам мен әр түрлi категориядағы курсанттардың кәсiби даярлығын жетiлдiрудi әскери оқу орындары мен әртүрлi әскер тектерi өзара негiзде жүзеге асырады.
b. Әскери оқу орындары мен әскери бөлiмдер әскери қызметшiлерiнiң сапар алмасуы.
с. Өзара келiсiммен Тараптар армиясының әскери жаттығуларында әскери бақылаушылардың қатысуы. (Егерде бұл жаттығулар сенiмдiлiк шаралары мен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде 1992 жылы қабылданған Вена Құжатында көрсетiлген мiндеттi нотификациялауды және бақылаушылар шақыруды талап етпесе.)
d. Әскери даярлық пен жаттығуларға қатысу әскери оқу бағдарламасы мен қабылдаушы Тарап құпияда сақтауды жөн көрген мәлiметтер енгізiлмеген жаттығулармен шектеледi.
е. Өзара келiсiм негiзiнде әскери әртiстер немесе спорт командалары сапарларымен алмасу.
f. Әскери кино-және фотостудиялардың ынтымақтастығы.
2. Әскери техника және ғылым саласында:
а. Тараптар ақпараттармен алмасу және консультациялар жөнiндегi келесi бағыттар бойынша бiрлескен механизм құрады:
(1) зерттеулер/дамыту және ғылым жөнiндегi ынтымақтастық,
(2) әскери технология саласындағы ынтымақтастық,
(3) әскери медицина саласындағы ынтымақтастық.
Бұл бағыттағы ынтымақтастық Тараптар арасындағы жасалатын қосымша келiсiмдер мен шарттар шеңберiнде жүзеге асырылады.
b. Тараптар, егерде олар бұдан бұрын үшiншi елдермен жасалған екi немесе көпжақты Келiсiмдерге қарама-қайшы келмесе, үшiншi елдерден алынған техникалық ақпараттар және тәжiрибемен алмаса алады.
3. Тыл саласында:
а. Тараптар консультациялар механизмi анықталғаннан кейiн, Тараптардың тыл жүйелерiнiң ортақ аспектiлерiн айқындайды және молайтады және түпкi мақсат ретiнде дамытылуға тиiс жобаларды жүзеге асыру шеңберiнде, екi Тарап Қарулы Күштерiнiң ортақ немесе ұқсас жүйелерiн пайдалану мүмкiндiктерiн зерттеп үйренедi.
b. Тараптар артық әскери жабдықты бiр Тараптан екiншiсiне берiп тұруды жүзеге асырады, сондай-ақ оған техникалық жағынан қызмет көрсетудi/жөндеудi қамтамасыз етедi.
с. Тараптар тыл штабы сарапшыларын және басқа да тыл әскери мамандарын дайындау жоспарын бiрлесiп жасайды.
Техникалық қызмет көрсетуге керек жабдықтарды жеткiзу және тыл жүйелерiн қолдауды қамтамасыз етуші мамандарды дайындау және қамтамасыз ету Тараптардың "әскери жабдықты пайдалану" тақырыбында үшiншi елдермен жасаған iс жүзiндегi келiсiмдерi, құжаттары мен нұсқаулары шеңберiнде жүзеге асырылады.
е. Тыл жағынан ынтымақтастық шеңберiнде жоспарланған барлық қызметтiң түрлерi Тараптардың үшiншi елдермен осы салада жасаған келiсiмдерiн бұзбауы негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Қорғаныс өнеркәсiбi саласында:
а. Тараптар бiрiккен консультациялар және ақпараттар мен алмасу механизмi белгiленгеннен кейiн, дайындалатын жоспар мен бағдарламаларға сәйкес, қорғаныс өнеркәсiбi инфраструктуралық ұйымы және қорғаныс өнеркәсiбi ынтымақтастығы шеңберiнде өз қызметiн жүзеге асырады.
b. Тараптар өзара негiзде мемлекеттiк пен жеке секторлар және ресми делегациялар ұйымдастыратын қорғаныс өнеркәсiбi көрмелерi жұмысына қатысуға келiседi және өз қорғаныс өнеркәсiбi корпорацияларының қатысуын қолдайды.
с. Тараптар екi мемлекет Қарулы Күштерi ұйымдастыратын қорғаныс өнеркәсiбi көрмелерi жұмысына қатысуға келiседi.
d. Тыл және қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастық мәселелерi бойынша Тараптар арасында қол қойылатын қосымша Келiсiм бұл ынтымақтастықтың саласын нақтырақ талдап көрсетедi.
5-бап
Тараптардың әскери ақпаратты сақтауды
қамтамасыз етудегi мiндеттерi
1. Әскери персонал қабылдаушы Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн және осы елдiң Қарулы Күштерiне қатысты алған құпия жүйеленген ақпаратты пайдалану ережелерiн орындауға мiндеттi.
2. Тараптар тiкелей пайдаланатын барлық жүйеленген әскери ақпарат, сондай-ақ кез-келген Тараптан алынған құпия ақпарат төмендегi принциптерге сәйкес сақталуы қажет:
а. Ақпаратты алушы Үкiмет үшiншi елдiң Үкiметiне немесе қандай да бiр ұйымына ақпаратты берушi Мемлекеттiң рұқсатынсыз ақпаратты беруге хұқы жоқ.
b. Ақпаратты алушы Yкiмет ақпаратты берушi Yкiмет жеткiзген ақпараттың құпиялылық дәрежесiне пара-пар ақпаратты беруге мiндеттенедi, сөйтiп, құпия ақпаратты сақтаудың қажеттi шаралары қабылданады.
с. Ақпарат өзi берiлген немесе алынған мақсаттардан басқа мақсаттарға пайдаланылмайды.
d. Патентке деген құқық, көшiрме жасау немесе кәсiби құпиялар мүлтiксiз сақталуы керек.
3. Yкiметаралық байланыс каналдары арқылы қамтамасыз етiлетiн ақпараттарға рұқсат бұл ақпараттарды тек қызмет бабында пайдаланатын лауазымды адамдарға ғана берiледi.
4. Тараптар әр Тараптың қауiпсiздiк ережелерiн құрметтейдi.
6-бап
Бiрлескен Комиссиялар/Техникалық комитеттер
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттарын жүзеге асыру үшiн Тараптар Бiрлескен Қазақ-Түрiк Комиссиясын (бұдан былай Комиссия деп аталатын) құрады.
2. Техникалық комитеттер жалпы келiсумен осы Келiсiмге сәйкес бiлiм беру, техника және ғылым саласында қосымша келiсiмдер, хаттама-ниеттер мен техникалық шарттарды орындау, бақылау және жасау мақсатында Комиссия арқылы ұйымдастырыла алады.
3. Комиссиялар мен Техникалық Комитеттерге екi Тараптың осы салаларға сәйкес қызмет атқаратын генералдары/адмиралдары/офицерлерi немесе басқа да лауазымды адамдары басшылық жасайды. Тараптар қажет болған жағдайда, Комиссия және Техникалық Комитеттер жұмыстары үшiн кез келген өкiлдердi (сарапшыларды) шақыра алады.
4. Комиссия/Техникалық Комитет әдетте, жылына бiр рет кезекпен Қазақстанда және Түркияда жиналады.
Комиссия/Техникалық Комитет сессиясында сессияны өткiзушi ел делегациясының басшысы төрағалық етедi.
5. Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiне енгiзiлуге тиiстi мәселелер Комиссия мәжiлiсiнiң басталуынан 3 ай бұрын Тараптардың өзара келiсуiмен бекiтiледi.
6. Делегация басшылары комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiндегi материалдар мен бағдарлама туралы бiр-бiрiне мәжiлiстiң басталуынан 30 күн бұрын жазбаша түрде хабарлайды.
7. Егер Комиссия құрамына әскери атташелер тағайындалса, олар осы Келiсiмдi қамтамасыз етуге байланысты қызметтi дайындауға және жүзеге асыруға тартылады.
8. Қабылдаушы Тарап халықаралық көлiктерде жүру шығыны мен тәулiктiк ақыны төлеуден басқа жағдайда, Комиссияның және Техникалық Комитеттердiң әр сессиясын ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығынды өтеуге жауапты болады.
7-бап
Заңдық сұрақтар
Бүлiншiлiкке/шығынға жауапкершiлiк және өтемақы:
Әр Тарап өзiнiң әскери немесе азаматтық персоналының iс-әрекетi немесе қателiктерi салдарынан екiншi Тарапқа, қаза болған немесе жарақаттанған жағдайда, жабдығына (қару-жарақ/оқ дәрi, материалдық заттар, жанар-жағар май материалдары) келтiрiлген зиянды өтеуге мiндеттенедi.
8-бап
Таласты сұрақтарды реттеу
1. Осы Келiсiмдi талқылау және қолдану барысында келiспеушiлiк туса, Тараптар оны Комиссиялар арасында келiссөздер жүргiзу арқылы шешуге тиiс.
2. Егер даулы мәселе жоғарыда баяндалған параграфқа сәйкес 90 күн iшiнде шешiлмесе, оны Тараптар қарауға тиiс. Егер бұл нәтиже, бермесе, әр Тарап бұл туралы 30 күн бұрын жазбаша түрде мәлiмдей отырып, осы Келiсiмдi тоқтата алады.
9-бап
Тараптардың басқа халықаралық Келiсiмдерге сәйкес мiндеттерi
Осы Келісім Тараптардың басқа да халықаралық келiсiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң қауіпсіздік мүдделерi мен аумақтық тұтастығына тiкелей қарама-қайшы келмейтiн мiндеттемелерiне әсер етпейдi.
10-бап
Өзгертулер мен түзетулер енгiзу
Әр Тараптың осы Келiсiмге жазбаша түрде өзгертулер немесе түзетулер ұсынуға құқығы бар. Бұл жағдайда Тараптар осы өзгертулер мен түзетулердi қарау жөнiнде 30 күн ішінде консультацияларды бастауға мiндеттенедi.
Егерде консультациялар 90 күн iшiнде шешiмге келтiрмесе, Тараптардың әрқайсысы 30 күн бұрын жазбаша мәлiмдей отырып, осы Келiсiмдi тоқтата алады.
11-бап
Келiсiмнiң қолданылу кезеңi мен тоқтатылуы
1. Осы Келiсiм 5 жыл мерзімге жасалады. Егер Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа Келiсiмдi тоқтату туралы шешiмiн Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн 90 күн iшiнде жазбаша түрде мәлімдемесе, ол өз күшiнде қалады.
2. Егер Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң шарттарын орындай алмаса, немесе екiншi Тарап оны орындамай отыр деп есептеген жағдайда, Тараптар 30 күн iшiнде бұл мәселенi Комиссия шеңберiнде шешу үшiн, консультацияларды бастайды. Егер 45 күн iшiнде шешiм табылмаса, Тараптар 30 күн бұрын жазбаша түрде хабарлай отырып, осы Келiсiмдi тоқтата алады.
12-бап
Күшiне енуi
Осы Келiсiм Тараптардың ұлттық заңдарында көзделген барлық рәсiмдердi орындағаннан кейiн, бiр-бiрiн жазбаша ескертуден соң күшіне енеді.
1994 жылы 8 тамызда Алматы қаласында қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық текстің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін талқылауда келіспеушілік туған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі тексті басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Түрік Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін