"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңын және "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 P981334_ қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық ғылыми-техникалық орталықтың республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
2. Ұлттық ғылыми-техникалық орталық (келісім бойынша) қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
27 қаңтардағы
N 67 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық ғылыми-техникалық орталықтың республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалары мен кіші
бағдарламаларының тізбесі
____________________________________________________________________
N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылғы
| |қаржыландыру | қаржыландыру | | нысаны | нысаны ____|_____________________________|______________|__________________
1 Жалпы сипаттағы мемлекеттік Ұстауға Ұстауға
қызмет көрсетулер
Ақпараттық және ұлттық қауіп.
сіздік саласындағы іргелі
ғылыми зерттеулер
Мемлекеттік мекемелер
Ұлттық ғылыми-техникалық
орталық
Қолданбалы математика институты
Арнайы техникалық зерттеу
институты
Эргономика институты