Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
1999 жылғы 1 шілдеден K990409_ бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлігін) және Азаматтық іс жүргізу кодексін K990411_ қолдану Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармағына сәйкес олардың мәтіндері ресми түрде толық жарияланғаннан кейін мүмкін болатыны соттарға түсіндірілсін.
Осыған байланысты аталған заңдар жарияланғанға дейін соттар азаматтық және шаруашылық істерді қараған кезде Қазақ КСР Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігін), Қазақ КСР Азаматтық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы төрелік соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" Заңының нормаларын қолданғаны жөн.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
Пленум хатшысы