Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын соттардың қолдануы кезінде туындайтын мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 1999 жылғы 16 шілде N 14. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот тәжірибесін талқылап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қазіргі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары жетілдіруді қажет ететінін көрсетеді.

      Атап айтқанда, қылмыстық жазаны орындаумен бірге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін реттейтін ҚК-тің K970167_ 95-бабының 1-бөлігінде ҚК-тің K970167_ 88-бабының 1-бөлігіне сілтеме жасалған. Ал, ҚК-тің K970167_ 88-бабының 1-бөлігі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын, оның ішінде олардың есі кіресілі-шығасылы болғандықтан қылмыстық жаза тағайындалмайтын адамдарға да қолданудың негіздерін көздейді. Осыған байланысты ҚК-тің K970167_ 95-бабының 1-бөлігіндегі "88-бабының 1-бөлігіндегі сөздерін" 90-бабының 2-бөлігіндегі сөздермен ауыстыру қажет деп есептейміз.

      Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ісі қаралып жатқан адамдардың құқықтарының реттелуі нақтыландыруды талап етеді. Мысалы, ҚІЖК-нің Z970206_ 515-бабында бұндай адамдар алдын ала тергеу органдарының және соттың оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулыларына шағымдану құқы бар делінсе, сот қаулысына шағымдануға наразылық келтіруге құқы бар адамдарды көрсететін ҚІЖК-нің 518-бабы олардың мұндай құқын жояды.

      Қылмыстық іс жүргізу Z970206_ және Қылмыстық атқару Z970208_ кодекстерінің нормалары қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және психикасы бұзылған адамдарға ҚР ҚІЖК-нің Z970206_ 507-бабында көрсетілген қауіпсіздік шараларын қолдану туралы алдын ала тергеу органдары және сот қаулыларын орындаудың тәртібін көздейді. Сондай-ақ, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі кіресілі-шығасылы күйде немесе оны жасағаннан кейін ауырып қалған адамдарға сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу үшін немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот қаулысын орындау үшін медициналық мекемеге жеткізу тәртібін көздейтін нормалар да жоқ.

      Осындай құқықтық нормалардың (оның ішінде, ведомстволық ережелер мен нұсқаулықтардың және т. б.) болмауы салдарынан іс жүзінде ҚІЖК-нің 507-бабының 1-бөлігіндегі талаптар бұзылып, психикасы ауру адамдарға қауіпсіздік шараларының орнына бұлтартпау шаралары заңсыз қолданылады, осындай адамдарға қауіпсіздік шараларын қолдану, оларды жөнелту туралы алдын ала тергеу органдары мен сот қаулыларын уақытылы орындамау фактілері орын алған.

      Сонымен бірге ҚІЖК-нің Z970206_ бірқатар баптарының мемлекеттік және орыс тілінде берілген мәтіндерінің сәйкессіздігі анықталды.

      Атап айтқанда, ҚІЖК-нің Z970206_ 40, 514, 519 және 520-баптарының мемлекеттік тілде берілген мәтіндерінде "жою (устранить)", "қысқарту (прекратить)", және "бұзу (отменить)" деген терминдердің орнына "тоқтату (приостановить)" деген бір термин қолданылған.

      ҚІЖК-нің Z970206_ 507-бабының 1-бөлігінің және 509-бабының 1-бөлігінің мемлекеттік тілде жазылған мәтінінде ҚІЖК-нің Z970206_ 18-бабында көзделген "бұлтартпау шаралары (меры пресечения)" деген терминнің орнына сот ісін жүргізуде қолданылмайтын "тыйым салу шаралары (запретительные меры)" сөздері қолданылған.

      Бұл қайшылықтар заңның осы нормаларының мағынасын дұрыс түсінбеуге әкеліп соқтырады.

      Аталған мәселелер заң тәртібі бойынша шешілуге жатады, сондықтан Жоғарғы Сот Пленумы заң шығарушы және атқарушы өкім органдарын хабардар ету қажет деп есептейді. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" U952694_ Жарлығының 28-бабының 2-бөлігінің 4-тармағын және 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

      Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі жоғарыда аталғандар туралы хабардар етілсін.

Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан, принятое в целях совершенствования законодательства

Постановление Пленума Верховного Суда от 16 июля 1999 года N 14. Утратило силу нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года № 27.

       Сноска. Утратило силу нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2008 № 27 (порядок введения в действие см. п. 2 ).
      Обсудив судебную практику возмещения вреда, причиненного незаконными действиями органов, ведущих уголовный процесс, а также вопросы применения судами принудительных мер медицинского характера, Пленум Верховного Суда Республики Казахстан отмечает, что действующее уголовное и уголовно- процессуальное законодательство требует совершенствования.
      В частности, часть 1 статьи 95 УК K970167_ , регламентирующая порядок исполнения принудительных мер медицинского характера, соединенных с исполнением уголовного наказания, содержит ссылку на часть 1 статьи 88 УК. Тогда как часть 1 статьи 88 УК предусматривает основания применения принудительных мер медицинского характера, в том числе и к лицам, которым уголовное наказание не может быть назначено в силу их невменяемости. В связи с этим полагаем необходимым в части 1 статьи 95 УК слова "частью первой статьи 88" заменить словами "частью второй статьи 90".
      Требует уточнения регламентация прав лиц, в отношении которых ведется дело о применении принудительных мер медицинского характера. Так, в статье 511 УПК Z970206_ указано, что такие лица имеют право обжаловать постановления суда о применении к ним принудительных мер медицинского характера, а статья 518 УПК, указывающая, кем может быть обжаловано (опротестовано) постановление суда, лишает их этого права.
      Нормы Z970206_ Уголовно-процессуального и Z970208_ Уголовно-исполнительного кодексов не предусматривают порядок исполнения постановлений органов предварительного следствия и суда о применении к лицам, совершившим запрещенные уголовным законом деяния и страдающим психическими заболеваниями, мер безопасности, предусмотренных статьей 507 Z970206_ УПК РК. Отсутствуют также нормы, которые предусматривали бы порядок доставки лиц, совершивших запрещенные уголовным законом деяния в состоянии невменяемости или заболевших после их совершения, в медицинские учреждения для производства судебно-психиатрических экспертиз или для исполнения постановления суда о применении принудительных мер медицинского характера.
      В связи с отсутствием соответствующих правовых норм (в том числе ведомственных положений и инструкций и т.п.) на практике зачастую в нарушение требований части 1 статьи 507 Z970206_ УПК к лицам, страдающим психическими заболеваниями, вместо мер безопасности незаконно применяются меры пресечения, имеют место случаи несвоевременного исполнения постановлений органов предварительного следствия и постановлений суда о применении к этим лицам мер безопасности, их этапировании.
      Выявлено также несоответствие текстов ряда статей Z970206_ УПК, изложенных на государственном и русском языках.
      Так, в текстах статей 40, 514, 519 и 520 Z970206_ УПК, изложенных на государственном языке, вместо терминов "жою" (устранить), "кыскарту" (прекратить) и "бузу" (отменить) употреблен один и тот же термин "токтату" (приостановить).
      В текстах части 1 статьи 507 и части 1 статьи 509 Z970206_ УПК, изложенных на государственном языке, вместо предусмотренного в главе 18 УПК термина "бултартпау шаралары" (меры пресечения) употреблен не принятый в судопроизводстве термин "тыйым салу шаралары" (запретительные меры).
      Указанные несовпадения приводят к неправильному восприятию смысла, заложенного в этих нормах закона.
      Данные проблемные вопросы подлежат разрешению в законодательном порядке, в связи с чем Пленум Верховного Суда считает необходимым довести до сведения органов законодательной и исполнительной власти о необходимости совершенствования законодательства.
      Руководствуясь п. 4 части 2 статьи 28 и статьей 31 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, U952694_ "О судах и статусе судей в Республике Казахстан", Пленум Верховного Суда Республики Казахстан постановляет:
      Об изложенном довести до сведения Парламента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан в целях совершенствования уголовного и уголовно-процессуального законодательства.
(Специалисты: Умбетова А.М., Цай Л.Г.)