Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1998 жылғы 12 наурызда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметі арасындағы кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Келісім 1999 жылғы 19 желтоқсанда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 6, 68-құжат Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолия Үкіметі,
екі мемлекет арасындағы, соның ішінде кеден ісі саласындағы ынтымақтастық арқылы тату көршілік қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып,
кеден қызметтерінің ынтымақтастығы арқылы екі мемлекет арасында
тауарлар мен жолаушыларды өткізуді жеңілдетуге және жеделдетуге жағдай жасауға ұмтыла отырып, кеден заңдарының бұзылуы екі мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік және салық мүдделеріне нұқсан келтіретіндігін ескере отырып, кеден заңдарының бұзылуын болдырмау және кедендік тәртіп бұзушылықпен күрес жөніндегі күш-жігерлер Тараптардың кеден қызметтерінің ынтымақтастығы арқасында неғұрлым тиімді болатынына кәміл сене отырып, мына төмендегілер туралы келісті: 1-бап Анықтамалар Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын атаулар мыналарды білдіреді:
а) "кеден заңдары" - мемлекеттік шекара арқылы тауарлардың, жүктердің, жолаушылардың, халықаралық почта жіберілімдерінің, валюталық және басқа да құндылықтардың әкелінілуі, әкетілуі және транзиті, кеден бажын және басқа да салықтарды, алымдарды алу, жеңілдіктер, тыйым салулар, шектеулер және рұқсаттар, тауарларды және өзге заттарды өткізуге бақылау жасау тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы;
b) "кеден ережелерін бұзу" - кез келген кеден заңдарының бұзылуы осы заңдарды бұзуға дәл осындай кез келген әрекет;
с) "кеден қызметтері" - Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті; Монғолияда - Мемлекеттік кеденнің бас басқармасы;
d) "тұлға" - кез келген жеке немесе заңды тұлға.
2-бап
Келісімнің қолданылу аясы
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері осы Келісім негізінде өз мүмкіндіктері мен құзыреттері шегінде және өз мемлекеттерінің аумағында қолданылатын заңдарды сақтаған жағдайда:
а) екі мемлекет арасында тауарлар мен жолаушыларды өткізуді жеңілдету және жеделдету;
b) кеден төлемдері мен салықтарын дұрыс алуды, сондай-ақ кеден жеңілдіктерін қолдануды қамтамасыз ету;
с) тауарлардың әкелінуі және әкетілуі кезінде алынатын кеден бажын, салықтар мен алымдарды дәл есептеуді қамтамасыз ету;
d) кеден ісі саласында өз қызметі тәжірибесімен және ақпараттармен алмасу мақсатында қарым-қатынас жасайды және бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
2. Осы Келісім өзге халықаралық шарттар мен келісімдерде көзделген
ынтымақтастықты, атап айтқанда, қылмыстық істер жөнінде құқықтық жәрдем көрсетуді реттейтін ережелерді қозғамайды. 3-бап Ақпаратпен алмасу 1. Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері өз бастамасы бойынша немесе талап-тілек бойынша: а) әкелу немесе әкету кеден баждарын, салықтарды және алымдарды алуды қамтамасыз етуге көмегі тиюі мүмкін; b) өткізуге байланысты жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар: i) қоршаған орта немесе халықтың денсаулығы үшін қатер тудыратын тауарлар немесе материалдар; ii) есірткі құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттар; iii) қару-жарақтар, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар және жару құрылғылары; iv) айтарлықтай тарихи, көркем, мәдени немесе археологиялық құндылығы бар нәрселер; v) акцизделетін тауарлар; vi) жойылып кету қауіп бар жабайы жануарлар және жабайы өсімдіктер, олардың топтары, сарқындары;
vii) Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері алмаса алатын тізбелерге сәйкес ерекше маңызы бар тауарлар туралы бір-біріне қолдағы бар барлық ақпараттарды береді.
2. Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері өз бастамасы бойынша және мейлінше қысқа мерзім ішінде:
а) олардың әдеттегі қызметі барысында алынған және екінші Тарап мемлекетінің аумағында елеулі кедендік құқық бұзушылық жасалуы мүмкін деп санауға толық негіз беретін;
b) құқық бұзушылықты табуға және жолын кесуге жағдай жасайтын;
с) егер олар контрабандалық тауарлардың түсу көздері және өткізілу маршруттары жөнінде екінші бір Тарапқа қатысты болса, бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі анықтаған жағдайлар жөнінде қолдағы бар барлық ақпараттарды бір-біріне беріп отырады.
4-бап
Арнайы байқау
Бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі екінші Тарап мемлекетінің кеден қызметінің талап-тілегі бойынша өз құзыреті мен мүмкіндіктері шеңберінде белгілі бір мерзім ішінде:
а) сұраушы Тарап мемлекетінің аумағында кедендік құқық бұзушылық жасауға кәсіби немесе жай қатысы бар деп күдік тудыруға жеткілікті негіз болған жағдайда нақты тұлғалардың жүріп-тұруына, әсіресе өз аумағына келуіне және одан кетуіне;
b) сұратушы Тарап мемлекетінің кеден қызметі осы Тарап ел мемлекеті
аумағына немесе аумағынан заңсыз өткізу заттары болып табылады деп анықтаған тауарларға; с) сұратушы Тарап мемлекетінің аумағында кедендік құқық бұзушылық жасалған кезде сезікті адамдар пайдаланғандығына жеткілікті негіз болған жағдайда нақты жер үсті, су, әуе және басқа да көлік құралдарына арнайы байқауды жүзеге асырады: Осы байқаулардың нәтижелері сұратушы Тарап мемлекетінің кеден қызметіне беріледі. 5-бап Ақиқаттықты растау
1. Бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі екінші Тарап мемлекеті кеден қызметінің талап тілегі бойынша осы кеден қызметіне:
а) сұратушы Тарап мемлекетінің кеден қызметіне көрсететін жүк декларациясына байланысты берілген ресми құжаттардың ақиқаттығы жөніндегі;
b) сұратушы Тарап мемлекетінің аумағына әкелінген тауарлар екінші
Тарап мемлекетінің аумағынан заңды түрде әкетілді ме, жоқ па; с) сұратушы Тарап мемлекетінің аумағынан әкетілінген тауарлар сұралған Тарап мемлекетінің аумағына заңды түрде әкелінді мен, жоқ па деген ақпаратты береді. 6-бап Талап-тілектің нысаны және мазмұны 1. Осы Келісімге сәйкес жәрдемдесу жөніндегі талап-тілектер жазбаша нысанда жасалады. Талап-тілекке оларды жүзеге асыруға қажетті құжаттар қоса тіркеледі. Төтенше оқиға жағдайларында ауызша да сұрату салынуы мүмкін, алайда олар жазбаша нысанда дереу расталуы тиіс. 2. Мұндай талап-тілектер төмендегідей мәліметтерді: а) талап-тілек жасаушы кеден қызметін; b) сұралып отырған іс-әрекеттерді; с) талап-тілектің мәні және негіздемесін; d) істің мәнін және оған қатысты мән-жайлардың қысқаша суреттемесін; е) іске қатысы бар заңдар, ережелер және басқа да заң актілерін; f) сұрау салудың объектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар туралы мүмкіндігінше неғұрлым дәл және егжей-тегжейлі мәліметтер қамтуы тиіс. 3. Талап-тілек сұралған Тарап мемлекетінің ресми тілінде, не сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі үшін ыңғайлы ағылшын немесе орыс тілінде жасалады.
4. Сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі қажет болған жағдайда осындай талап-тілектерді түзетуді немесе толықтыруды сұрай алады.
7-бап
Талап-тілекті орындау
1. Сұраныс бойынша көрсетілетін кез келген жәрдем көрсету сұралған тарап мемлекетінің аумағында қолданылатын заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бір Тарап мемлекетінің кеден қызметінің сұрауы бойынша басқа Тарап мемлекетінің кеден қызметі құқық бұзушылыққа қатысты міндеттемелерді өз құзыреті шегінде тексеру немесе анықтау жүргізеді, оны тергеу сұралған мемлекеттің аумағында болады.
3. Деректі материалдар мен басқа да құжаттарды алмасу талап-тілектерді орындау түрлерінің бірі болып табылады.
Расталған көшірмелерді тапсыру олардың заңды күшінің ережелері бойынша жеткіліксіз болған жағдайларда құжаттардың түп нұсқасы сұралады. Алынған құжаттардың түп нұсқалары мүмкіндік болған сәтте бірден қайтарылады.
4. Сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі талап-тілекті орындау үшін өз мемлекетінің заңдарына сәйкес барлық қажетті шараларды қолданады.
5. Егер сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі оның құзыретіне жатпайтын талап-тілек алса, ол оны сұралған Тараптың тиісті ведомствосына тапсырады және бұл туралы, сондай-ақ осы талап-тілектің орындалу нәтижелері туралы сұраушы Тарап мемлекетінің кеден қызметіне хабарлайды. Бұл орайда талап-тілектің орындалуы сұралған Тараптың тиісті ведомствосының қарауында болады.
Егер талап-тілекті орындаудан бас тартылған болса, сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі бұл туралы, бас тартудың себептерін көрсете отырып, сұраушы тарап мемлекетінің кеден қызметіне жазбаша түрде хабарлайды. Сұралған Тарап мемлекетінің кеден қызметі аталған талап-тілекте көрсетілген істі одан әрі жүргізу үшін пайдалы болуы мүмкін, қолда бар барлық ақпаратты береді.
8-бап
Ақпараттар мен құжаттарды пайдалану
1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес алынған ақпараттар, құжаттар мен басқа да мәліметтер Осы Келісімнің 3-тармағында айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады.
2. Ақпараттар, құжаттар мен басқа да мәліметтер өзге мақсаттарға, сот
немесе әкімшілік тергеулері кезінде дәлелдемелер ретінде пайдалануды қоса алғанда, оларды берген мемлекеттің кедендік қызметінің жазбаша келісімімен ғана, және осы кеден қызметі белгіленген кез келген шектеулер сақталған жағдайда ғана, өзге мақсаттар үшін пайдаланылады. 9-бап Құпиялылық Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес алынған кез келген ақпаратқа, құжаттарға немесе мәліметтерге алушы елде оның өз аумағында алынған осы елдің сондай ақпараттары, құжаттары немесе мәліметтері сияқты жариялаудан қорғау жасалады. 10-бап Жәрдем көрсету жөніндегі міндеттемелерден айрықшалықтар
1. Егер бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі сұралып отырған жәрдем оның мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе басқа да елеулі мүдделеріне зиян келтіреді, не кез келген мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынның заңды коммерциялық мүдделеріне зиян келтіреді, не сұраған Тарап мемлекетінің аумағында жүргізіліп жатқан тергеуге бөгет жасайды деп есептесе, ол жәрдем беруден бас тарта алады, не белгілі бір жағдайлар немесе талаптар сақталған жағдайда ғана оны көрсетеді.
2. Егер бір Тарап мемлекетінің кеден қызметі, басқа Тарап мемлекетінің кеден қызметі осындай тілек білдірілгенде өзі жәрдем көрсете алмаған жәрдемді көрсету туралы талап қойса, өз талап-тілегінде ол бұл туралы ескертеді. Мұндай талап-тілекті орындау сұралған кеден қызметінің қарауына беріледі.
11-бап
Есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін
заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымының алдын алу, тергеу және жолын кесу жөніндегі әрекеттерді күшейту мақсатында өз бастамасымен және мүмкіндігінше қысқа мерзімде бір-біріне:
а) есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына тартылғаны белгілі немесе осындай күдік тудыратыны белгілі тұлғалар;
b) есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына пайдаланылып жүргені белгілі немесе осы жөнінде күдік тудыратын жер үсті, су, әуе немесе басқа көлік құралдары, контейнерлер және сауқаттар туралы хабарлайды.
2. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері өз бастамасы бойынша бір-біріне есірткі құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналысының олар қолданып жүрген тәсілдері туралы, сондай-ақ контрабандамен пәрменді күрес жүргізудің жаңа әдістері туралы қолдарында бар барлық ақпаратты бір-біріне береді.
3. Егер Тараптар өзара келісе отырып есірткі құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналысына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатымен бақыланып отырған жеткізу әдісін пайдалану туралы шешімге келсе, Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері олардың мемлекеттерінің ішкі заңдарына сәйкес өздерінің мүмкіндіктері мен құзыретті шектерінде осы саладағы ынтымақтастыққа жәрдем көрсетеді.
4. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері есірткі құралдар мен жүйкеге әсер ететін заттарды өндіру үшін пайдаланылатын заттарға осы баптың қолданылуын кеңейте алады.
12-бап
Кедендік нысандылықты жеңілдету
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері екі мемлекет арасындағы жолаушы және жүк қатынастарын, тауарлар транзитін қоса алғанда, жеңілдету және жеделдету мақсатында кедендік рәсімдеуді оңайлату жөнінде өзара келісу арқылы қажетті шаралар қолданады.
Тауарлар мен көлік құралдарының ауысуы өзара уағдаластық бойынша белгіленген бекеттер арқылы жүзеге асырылады.
2. Тараптар мемлекеттерінің кедендік бір-бірінің кедендік қамтамасыз етуін және кедендік құжаттарын тану туралы қызметтері кеңестер өткізеді және мәселені жеке келіседі.
13-Бап
Тәжірибе алмасу
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері өзара түсіністікке қол жеткізу мақсатында мынадай салаларда өз қызмет тәжірибелерін алмасып отырады:
а) кеден заңдары;
b) тауарларды, жолаушыларды және почталық жіберілімдерді кедендік бақылауды ұйымдастыру және қолданылып жүрген әдістер;
с) кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану;
d) контрабанда әрекеті, оның түрлері, жасыру құралдары, құқық
бұзушылықтың жаңа әдістері, әшкерелеу әдістері мен олардың нәтижелері туралы ақпараттар; е) басқа кедендік қызметтермен, Дүниежүзілік кеден ұйымымен және өзге халықаралық ұйымдармен; f) өзара мүдделілік тудыратын басқа да мәселелер. 2. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері төмендегілерді қоса алғанда, мынадай салаларда ынтымақтасады: а) өзара мүдделілік туған жағдайда, оның ішінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен, компьютерлік техникамен және басқа да осы заманғы ғылыми-техникалық құралдармен танысу мақсатында, кедендік қызметтердің қызметшілерімен және сарапшыларымен алмасу; b) кеден қызметшілерін кәсіби оқыту; с) кеден ісіне қатысты кәсіби, ғылыми және техникалық мәліметтермен алмасу. 14-бап Шығындар
1. Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтер кедендік қызметте істемейтін куәгерлерге, сондай-ақ сарапшылар мен аудармашыларға ақы төлеу жөніндегі, осы келісімнің ережелеріне сәйкес талап-тілектерді орындау кезінде жұмсалған шығындарды қоспағанда, осы Келісімді орындауға байланысты шығындардың орнын толтырудың кез келген талаптарын қабылдамайды.
2. Осы Келісімнің 13-бабының ережелерін орындауға байланысты
шығындардың орнын толтыру Тараптар мемлекеттерінің кедендік қызметтері арасында жеке уағдаластықтың тақырыбы болуы мүмкін. 15-бап Келісімді орындау 1. Тараптардың кедендік қызметтері олардың орталық бөлімшелері арасында байланыстың тікелей арналарын орнатуды көздейді және өздерінің жергілікті бөлімшелеріне өзара байланыстарды жүзеге асыруға өкілеттік бере алады, бұл Тараптардың кедендік қызметтерінің жеке уағдаластығымен келісілетін болады. 2. Тараптардың кеден қызметтері осы Келісімнің ережелерін пайымдау немесе қолдану кезінде кеңестер өткізеді және пайда болатын мәселелерді шешіп отырады. 16-бап Келісімнің аумақтық қолданысы Осы Келісім Қазақстан Республикасының кедендік аумағында және Монғолия Республикасының кедендік аумағында қолданыста болады. 17-бап Дауларды шешу Осы келісімнің ережелерін орындауға байланысты даулар Уағдаласушы Тараптар арасындағы кеңестер және келіссөздер жолымен шешілетін болады. 18-бап Келісімнің күшіне енуі және қолданысының тоқтатылуы
Осы Келісім, дипломатиялық арналар бойынша, осы келісімнің іске
қосылуы үшін қажетті ішкі мемлекеттік заң рәсімдерін Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған сәттен отыз күн өткен соң 5 жылдық мерзіммен күшіне енеді және егер осы Келісім әрекетінің мерзімі біткенге дейін кемінде 6 ай бұрын Тараптардың бірі оның әрекетін өзінің тоқтататын ниеті туралы мәлімдемесе, ол өздігінен ұзартылатын болады. 19-бап Өзгертулер мен толықтырулар енгізу Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Алматы қаласында 1998 жылғы 12 наурызда екі данада, әрқайсысы қазақ, монғол және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің заңды күші бірдей. Осы келісімнің ережелерін пайымдауда пікір алшақтығы пайда болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады. Қазақстан Республикасының Монғолия Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.