"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6
U990006_
Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1322
P981322_
қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктілік талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621
P961621_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 506-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) атауында және мәтінінде:
"тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
"жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың үшінші абзацы "тасымалдаумен" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ережеде:
атауында:
"тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
"жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
мәтінінде:
"Көлік және коммуникациялар министрлігінің", "Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің", "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көлік, инспекциясы", "Көлік инспекциясының" деген сөздер "Көліктік бақылау комитеті", "Көліктік бақылау комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау лицензиялауға жатады";
3-тармақтағы "немесе патент (бұдан әрі - лицензия)" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
6-тармақта:
екінші және үшінші абзацтар "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "бір мезгілде" деген сөз алынып тасталсын, "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияларда оның мынадай қолданылу аймақтары көрсетіледі:";
он екінші абзац алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Лицензиялық алымды заңды және жеке тұлғалар лицензия алғанға дейін енгізеді.
Лицензия беруден алынған қаражат салық заңдарына сәйкес төленеді";
9-тармақта:
б) тармақшасындағы "және әрбір көлік бірлігі үшін құжатқа ақы төленгенін" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын:
"ж) автокөлік құралдарының жолаушылар мен жүктерді
халықаралық тасымалдауға жіберілгені туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі";
10-тармақтың бірінші абзацы "30 күннен" деген сөздерден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он күннен" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтағы "әрбір көлік құралына" және "немесе құжаттың" деген сөздер алынып тасталсын.
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдаумен айналысатын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында:
атауында:
"тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
"жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектілер мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиіс:";
алтыншы абзацтағы "және коммуникациялар" деген сөздер "коммуникациялар және туризм" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі