Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ және "Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөніндегі ұлттық оператор туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 P971659_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасынан:
"Уран" жабық үлгідегі акционерлік қоғамымен (Қырғыз Республикасы) 1998 жылғы 22 желтоқсандағы 1999 жылға арналған ураны бар өнімдерді беруге және қайта өңдеуге арналған шартқа сәйкес СЭҚ ТН коды 2844 уран бойынша көлемі 450 тонна жер астында сілтісіздендірілген ураны бар өнімдерді;
"Шығыс сирек металдар комбинаты" өндірістік бірлестігімен (Тәжікстан Республикасы) 1998 жылғы 8 желтоқсандағы U308 түрінде табиғи уран алу арқылы жер астында сілтісіздендірілген ерітінділерді беру және қайта өңдеу туралы шартқа сәйкес СЭҚ ТН коды 2844 уран бойынша көлемі 150 тонна жер астында сілтісіздендірілген ерітінділерді әкетуге рұқсат етілсін.
2. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына 1-тармақта аталынған шарттар бойынша Қырғыз Республикасынан уран бойынша 450 тонна және Тәжікстан Республикасынан уран бойынша 150 тонна СЭҚ ТН коды 2844 табиғи уранның шала тотықтарын-тотықтарын қайта өңделгеннен кейін әкетуге рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына өнімнің көрсетілген көлемін әкелуге және әкетуге лицензиялар берсін.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен жоғарыда аталған өнімді Қазақстан
Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеуге рұқсат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі уран өнімдерінің әкетілуі мен әкелінуін
бақылауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.