"Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған республикалық бюджеті туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін және бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Басқарушы компаниялардың қызметіне тексеру жүргізу үшін қоса беріліп отырған комиссия құрамы бекітілсін.
2. Комиссия басқарушы компаниялардың акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару жөніндегі келісім-шарттар (шарттар) және концессия шарттары бойынша міндеттемелерін орындауына қоса беріліп отырған кестеге сәйкес тексеру жүргізсін және тексеру аяқталғаннан кейін 3 күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
1 сәуірдегі N 350
қаулысымен
бекітілген
Басқарушы компаниялардың қызметіне тексеру жүргізуге
арналған комиссияның
Құрамы
Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы
Қайырбекұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
Кешубаев орынбасары, төраға
Комиссия мүшелері:
Дәнияр Рүстемұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әбілғазин вице-министрі - Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
департаменті директорының міндетін
атқарушы
Мерей Құрманұлы - Қазақстан Республикасының Әділет
Уәйісов вице-министрі
Сәуле Мұсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Жолдыбаева индустрия және сауда вице-министрі
Анатолий Васильевич - Қазақстан Республикасы Бас
Константинов Прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Серік Шолпанқұлұлы - Қазақстан Республикасының
Құрманғалиев Монополияға қарсы саясат және бәсекені
қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары
Қайрат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Айтмұхамбетұлы кіріс вице-министрі
Нұрпейісов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
1 сәуірдегі N 350
қаулысына
қосымша
Басқарушы компаниялардың келісім-шарттар (шарттар) бойынша
міндеттемелерін орындауына тексеру жүргізудің
Кестесі
__________________________________________________________________________
|Рет|Сенімді басқаруға | Басқарушы | Тексеру
|N |(концессияға) берілген | компаниялардың | жүргізілетін күн
| |шаруашылық жүргізуші | атауы |
| |субъектілердің атауы | |
|___|____________________________|______________________|__________________
|1 |Павлодар мұнай өңдеу зауыты |"ССL OIL" |1999 жылдың
| | |компаниясы (АҚШ) |5 сәуірінен бастап
|___|____________________________|______________________|__________________
|2 |"Заңғар" сауда үйі" АҚ |"Вutуа" ЖШС |1999 жылдың
| | |(Қазақстан) |12 сәуірінен
| | | |бастап
|___|____________________________|______________________|__________________
|3 |"Қазақгаз", "Алаугаз", |"Акцепт-Клиринг" |1999 жылдың
| |"Батыстрансгаз" АҚ |ЖАҚ (Қазақстан) |10 сәуірінен
| | | |бастап
|___|____________________________|______________________|__________________
|4 |"Шүлбі ГЭС-і" АҚ, |"АЭС" компаниясы |1999 жылдың
| |"Өскемен ГЭС-і" АҚ |(АҚШ) |3 мамырынан бастап
|___|____________________________|______________________|__________________
|5 |"Химфарм" АҚ |"Доннадел ЛТД" |1999 жылдың
| | |компаниясы (Ирландия) |17 мамырынан
| | | |бастап
|___|____________________________|______________________|__________________
|6 |"Ақбақай КБК" АҚ, |"Алтыналмас" ҰАК |1999 жылдың
| |"Васильков КБК" АҚ |(Қазақстан) |24 мамырынан
| | | |бастап
|___|____________________________|______________________|__________________
|7 |"Қазақмыс корпорациясы" |"Самсунг Дойчланд |1999 жылдың
| |АҚ ("Жезқазғантүстімет" |ГмбХ" |7 маусымынан
| | | |бастап
| |АҚ-ын басқару жөніндегі |корпорациясы |
| |келісім-шарт бойынша) |(Германия) |
|___|____________________________|______________________|__________________
|8 |Ішкі және халықаралық газ |"Трактебель С.А." |1999 жылдың
| |тасымалдау жүйелері және |компаниясы |21 маусымынан
| |шаруашылық қызмет |(Бельгия) |бастап
|___|____________________________|______________________|__________________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.