Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы мен Жапония Халықаралық Экономикалық
Ынтымақтастық Қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта
жаңарту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Заңы
Қазақстан Республикасы мен Жапония Халықаралық
Экономикалық Ынтымақтастық Қоры арасындағы
Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы
жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы
1998 жылғы 24 желтоқсанда Токио қаласында жасалған Қазақстан
Республикасы мен Жапония Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры
арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөніндегі
заем туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Заем келісімі, N КАZ-РЗ
Қазақстан Республикасы
мен
Жапонияның халықаралық экономикалық
ынтымақтастық қоры
арасындағы
"Астана қаласындағы
Әуежайды қайта жаңарту" жобасы
бойынша
Заем туралы келісім
1998 жылғы 24 желтоқсан
Мазмұны
1-тарау. Заем
1-бөлім. Заемның сомасы мен мақсаты.
2-бөлім. Заем қаражатын пайдалану.
2-тарау. Өтеу және проценттер.
1-бөлім. Заемның негізгі сомасын өтеу.
2-бөлім. Проценттер және оны төлеу әдістері
3-тарау. Шарттың негізгі талаптары.
1-бөлім. Жалпы талаптар мен ережелер
2-бөлім. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәртібі.
3-бөлім. Заем қаражатын төлеу тәртібі.
4-бөлім. Заемды басқару.
5-бөлім. Хабарлау және сұрау салу
1-қосымша. Жобаның сипаттамасы.
2-қосымша. Заем қаражатын бөлу.
3-қосымша. Заемды бірте-бірте өтеу кестесі.
4-қосымша. Тауарлар мен қызметтерді сатып алумен байланысты рәсім.
5-қосымша. Тиісті соманы қайтару рәсімі.
Қазақстан Республикасы мен Жапонияның халықаралық экономикалық
ынтымақтастық қоры арасындағы Заем туралы 1998 жылғы 24 желтоқсандағы
N КАZ-РЗ келісім
Экономиканы тұрақтандыруға жәрдемдесу мақсатында және Қазақстан
Республикасын дамыту жөнінде күш-жігері арқасында Жапония беретін
заемға қатысты Жапония үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі
арасындағы ноталар алмасудың мазмұнына сәйкес
Қазақстан Республикасы (бұдан әрі "Қарызгер" деп аталады) мен
халықаралық ынтымақтастық қоры (бұдан әрі "Қор" деп аталады) осы
арқылы төмендегі Заем туралы келісімді (бұдан әрі осы Келісімді
толықтыратын барлық келісімдерді қамтитын "Заем туралы келісім" деп
аталады) жасасады.
1-бап.
Заем.
1-бөлім.
Заемның сомасы мен мақсаты.
Қор осы Келісімге 1-қосымшада айтылып отырған "Астана қаласындағы Халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын (бұдан әрі "Жоба" деп аталады), Заем туралы келісімде баяндалған шарттар мен ережелер негізінде және Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес орындау үшін Заемның (бұдан әрі "Заем" деп аталады) негізгі сомасы ретінде Қарызгерге Жиырма екі миллиард жүз жиырма екі миллион жапон иенасы (Ұ 22,122,000,000) мөлшерінде заем беруге келіседі - алайда Заем қаражаты төлемдерінің жиынтық сомасы Заем туралы келісімге сәйкес аталмыш шекке жеткен жағдайда қор одан әрі төлем төлемейтін шарт қояды.
2-бөлім.
Заем қаражатын пайдалану.
(1) Қарызгер Заем қаражатының осы Келісімге 2-қосымшада айтылып отырған Заем қаражатын бөлуге сәйкес, Жобаны орындау үшін қажет лайықты тауарлар мен қызметтерді осы Келісімге 4-қосымшада айтылып отырған қолайлы бастау-елдердегі (бұдан әрі "Қолайлы бастау-елдер" деп аталады) жеткізушілерден, мердігерлерден немесе кеңесшілерден (бұдан
әрі бірге "жеткізуші(лер) деп аталады) сатып алу үшін пайдаланылуын
қамтамасыз етеді.
(2) Заем қаражатының ақырғы төлемі Заем туралы келісімге сәйкес
Заем туралы Келісім күшіне енген күннен кейін бес (5) жыл өткен соң
сол күн мен айдан кешіктірілмей төленеді және бұдан кейін, Қор мен
Қарызгердің арасында басқа жәйіт көзделмесе, Қор ешқандай төлем төлемейді.
2-тарау.
Өтеу және проценттер
1-бөлім.
Заемның негізгі сомасын өтеу
Қарызгер Қорға Заемның негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшада
келтірілген Заемды бірте-бірте өтеу кестесіне сәйкес қайтарады.
2-бөлім
Проценттер және оларды төлеу әдісі
(1) Қарызгер Қорға әрбір жарты жыл өткен бойда төлем төленетін және ол бойынша төлем төлеуге ұсынылмаған сомасы бар төмендегідей негізгі сома бойынша (бұдан әрі "Негізгі сома (|)" деп аталады) жылына бір рет проценттің екі бүтін оннан екі бөлігін (2.2%) құрайтын ставка бойынша төлейді:
(а) Заем қаражатынан төлем төленетін, (А) Санатына жатқызылып бөлінген (осы Келісімге 2-қосымшаның 1-бөлімінде қарастырылғанындай) негізгі сома;
(b) Заем қаражатынан төлем төленетін қызметтер үшін алым жоғарыда келтірілген (1) (а) тармақшаға сәйкес төлемге қатысты тұрғыдан;
(с) (С) Санатына қайта бөлінген (осы Келісімге 2-қосымшаның 1-бөлімінде қарастырылғандай) және төлем (1) ішкі бөлімнің (а) немесе (b) тармақшаларына қатысты тұрғыдан төленетін кез-келген негізгі сома;
(2) Қарызгер әр жарты жыл өткен бойда Қорға төменде айтылып отырған санаттарға сай келетін, төлемі төленетін және ол бойынша төлем төлеуге ұсынылмаған мынадай сомалары бар негізгі сома бойынша ("Негізгі сома (||)" деп аталады) жылына бір проценттің төрттен үш бөлігін (3/4 1 %) құрайтын ставка бойынша процент төлейді:
(а) Заем қаражатынан төлем төленетін, (В) Санатына жатқызылып бөлінген (осы Келісімге 2-қосымшаның 1-бөлімінде қарастырылғандай) негізгі сома;
(b) Заем қаражатынан төлем төленетін қызметтер үшін алым жоғарыда келтірілген (2) (а) тармақшаға сәйкес төлемге қатысты тұрғыдан;
(с) (С) Санатынан қайта бөлінген (осы Келісімге 2-қосымшаның 1-бөлімінде қарастырылғандай) және төлем (2) ішкі бөлімнің (а) немесе (b) тармақшаларына қатысты тұрғыдан төленетін кез-келген негізгі сома;
(3) Қарызгер Қорға әрі жылдың 20 желтоқсанында осы жылдың 20
маусымынан бастап 19 желтоқсанға дейін жиналған процентті және әр
жылдың 20 маусымында өткен жылдың 20 желтоқсанынан бастап жиналған
процентті төлейді - заем қаражатының ақырғы төлемі төленетін күнге дейін
қарызгердің қорға әр жылдың 20 қаңтарында 19 желтоқсанға дейін жиналған
процентті және 20 маусымда өткен жылдың 20 желтоқсанынан бастап осы жылдың
19 маусымына дейін жиналған процентті төлеуі шарты қойылады.
3-тарау.
Келісімнің ерекше шарттары
1-бөлім
Жалпы шарттар мен ережелер
Әдетте Заем туралы Келісімге қолданылатын басқа шарттар мен ережелер Қордың Жалпы шарттары мен ережелерінде (1987 жылғы қараша) мынадай қосымша тармақтармен (бұдан әрі "Жалпы шарттар мен ережелер") баяндалады:
(1) "Негізгі сома" деген термин әр жолы Жалпы шарттар мен ережелерде қолданылған кезде "Негізгі сома (|) және негізгі сома (||)" деген терминмен ауыстырылады.
(2) Қарызгер төлемақыны белгілі бір берешекке жатқызу тәртібін көрсетпей, негізгі соманы өтеген немесе проценттер мен басқа да алымдарды төлеген жағдайда Қор оларды Негізгі сомаға (|) немесе Негізгі сомаға (||) жататын негізгі сома, проценттер немесе басқадай алымдар арасына жатқызу тәртібі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
(3) Жалпы шарттар мен ережелердің 3.05-бөлімі мынадай ережемен ауыстырылады:
"Егер негізгі соманы өтеу немесе Заем туралы Келісімге сәйкес проценттер мен басқадай алымдарды төлеу мерзімі кешіктірілген болса, негізгі соманың мұндай кешіктірілген төлемдері бойынша 3.03-бөлімде айтылған проценттерді есептеу төлемақы төлеу мерзімі ретінде белгіленген күннен кейін тоқтатылады. Бұған қоса; төлемақы төлеу мерзімінің кешіктірілгені үшін жылына екі процентті (2%) құрайтын проценттік ставка бойынша есептелетін алым Заем туралы Келісімде
көрсетілетін проценттік ставкадан көп және жоғары мөлшердегі алым
мерзімі кешіктірілген сома бойынша негізгі сома, проценттер немесе
кезеңдегі басқадай алым бойынша олардың нақты төленген күнінің тікелей
алдындағы күнінен бастап сол күнді қоса есептеп төленуге тиіс".
(4) Жалпы шарттар мен ережелердің 3.07-бөлімі мынадай ережемен
ауыстырылады:
3.07-бөлім
Төлем әдісі
Қарызгер негізгі соманың барлық төлемдерінің сомасын және Заем
бойынша мынаған проценттер мен басқадай алымдарды:
______________________________________________________________
|Мitsubishi? Ltd Bank of Tokio |Токио банкі - Мицубиси - |
| |Жауапкершілігі шектеулі |
| |акционерлік қоғам |
|________________________________|_____________________________|
|Uсhisаiwаi-сhо Office |Учисиваи-чо офисі |
|Токуо |Токио |
|Jараn |Жапония |
|________________________________|_____________________________|
Қор Заемы шотының кредитіне жатқызады.
(5) Жалпы шарттар мен ережелердің VII бабы ескерілмейді және -
осыған орай - "Кепілдікке" немесе "Кепілгерге" жасалған барлық
сілтемелер әр жолы Жалпы шарттар мен ережелерде қолдану кезінде де
ескерілмейді.
(6) Өзара шарт қордың қаржыландыруы үшін қолайлы екені
айқындалғаннан кейін Қор Жеткізушінің әулетесімі мен есімін (атауын) қор
мүмкін.
2-тарау.
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу рәсімі
Осы Келісімге 4-қосымшада ұсынылып отырған Тауарлар мен
қызметтерді сатып алу рәсімінде ескертілетін тәртіптер Жалпы шарттар
мен ережелердің 4.01-бөлімінде айтылатын тауарлар мен қызметтерді
сатып алу және кеңесшілерді жалдау ережелері болып табылады.
3-бөлім
Заем қаражатын төлеу ережелері
Жалпы шарттар мен ережелердің 5.01-бөлімінде айтылған заем
қаражатын төлеу рәсімі мынадай:
(1) Осы Келісімге 5-қосымшада айтылған Міндеттемемен байланысты рәсім Қазақстан Республикасынан өзге қолайлы бастау-елде(рде)гі Жеткізуші(лер)ге Заем қаражатын өзара шарттың мәлімделген бөлігіне қатысты тұрғыда Қазақстан Республикасының валютасынан өзге валютамен төленген жағдайда қолданылады.
(2) Осы Келісімге 6-қосымшада айтылған тиісті соманы қайтару рәсімі Қазақстан Республикасының Жеткізуші(лері)не және Қазақстан Республикасының өзге қолайлы бастау-елде(рде)гі Жеткізуші(лер)ге төленетін төлемдер төленген жағдайда өзара шарттың Қазақстан Республикасының валютасымен төлеу мәлімделген бөлігіне қатысты тұрғыда қолданылады.
4-бөлім
Заемды басқару
(1) Қарызгер "Астана қаласындағы Халықаралық әуежайға" (бұдан әрі "Атқарушы-ұйым" деп аталады) Жобаны Заем туралы Келісімге сәйкес орындауға уәкілеттік береді.
(2) Көлік және коммуникациялар министрлігі Атқарушы-ұйымның қызметін қадағалайды.
(3) Қарызгер Жобаны орындау үшін Атқарушы-ұйымның кеңесшілер жалдауын қамтамасыз етеді.
(4) Егер Заем сомасынан берілетін қаражат Жобаны орындау үшін жеткіліксіз болса, Қарызгер Атқарушы-ұйымның қажет болып отырған соманың берілуі жөнінде дереу шаралар қолдануын қамтамасыз етеді.
(5) Қарызгер заем қаражатынан - Атқарушы-ұйымға Жобаны орындау үшін заем(дар) (бұдан әрі "Қосалқы заем" деп аталады) бере алады. Қосалқы заемның шарттары Қор үшін қолайлы болуға тиіс.
(6) Қарызгер Атқарушы-ұйымның Жобаның орындалу барысы туралы жоба аяқталғанға дейін тоқсан сайын (әр жылдың қаңтарында, сәуірінде, маусымында және қазанында) Қор негізделген үлгіде сұрау салуы мүмкін нысанда және егжей-тегжейлерді баяндай отырып есеп беруін қамтамасыз етеді.
(7) Қарызгер Жоба аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірмей дереу Атқарушы-ұйымның Қорға Қор негізделген тұрпатта сұратуы мүмкін нысанда және егжей-тегжейлерді баяндай отырып есеп беріп отыруын қамтамасыз етеді.
(8) Қарызгер Жобамен байланысты кез-келген қажетті объектілердің пайдаланылуын және оларға техникалық күтім жасалуын тұрақты негізде жүзеге асырады немесе олардың пайдаланылуы мен техникалық күтімін қамтамасыз етеді немесе оларда барлық қажетті жөндеу жұмыстарының жүргізілуін және олардың жаңартылуын қамтамасыз етеді.
(9) Қарызгер әрбір қаржы жылы аяқталғаннан кейін алты (6) айдан
кешіктірмей халықаралық бухгалтерлік стандарттарға сәйкес үшінші тарап
аудиторының Атқарушы-ұйымның қаржы жағдайына қатысты аудит жүргізуі
туралы есеп береді немесе Атқарушы-ұйымның есеп беруін қамтамасыз етеді.
(10) Қарызгер Қорға Атқарушы-ұйымның жекешелендірілуіне
байланысты жағдай туралы оның ресми шешілуіне дейін хабарлайды немесе
Атқарушы-ұйымның хабарлауын қамтамасыз етеді.
5-бөлім.
Хабарлау және сұрау салу
Жалпы шарттар мен ережелердің 9.03-бөлімінің мақсаттары үшін мына
мекен-жайлар көрсетіледі:
____________________________________________________________________
|Қордың мекен-жайы | |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Роstаl аddrеss: |Пошта мекен-жайы: |
|_______________________________|____________________________________|
|Оvеrsеаs Economic |Халықаралық ынтымақтастық |
|_______________________________|____________________________________|
|Соореrаtiоn Fund |Қоры |
|_______________________________|____________________________________|
|Такеbаshi Godo Вuilding, 4-1, |Такебаши Годо Билдинг. 4-1 |
|_______________________________|____________________________________|
|Оhtемасhi 1-chome |Отемачи 1-чоум |
|_______________________________|____________________________________|
|Сhiуоdа-кu, |Чиодо-ку, |
|_______________________________|____________________________________|
|Токуо 100-0004, |Токио 100-0004 |
|_______________________________|____________________________________|
|Jараn |Жапония |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Аttеntiоn: |Назар салсын: |
|_______________________________|____________________________________|
|Маnаging Dirекtоr, |Өкімгер-Директор |
|_______________________________|____________________________________|
|Ореrаtiоns Departement III |III операцияларды жүзеге асыру |
| |жөніндегі бөлім |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Саblе аddrеss: |Телеграф мекен-жайы: |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Соореrаtiоnfund |Соореrаtiоnfund |
|_______________________________|____________________________________|
|Токуо |Токио |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Теlех: |Телекс: |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|(1) Call Nuмbеr: |(1) Шақыру нөмірі: |
|_______________________________|____________________________________|
|J28360 |J28360 |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Аnswеr Back Соdе: |Автожауап коды: |
|_______________________________|____________________________________|
|Соорfund J28430 |Соорfund J28430 |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|(2) Call Nuмbеr: |Шақыру нөмірі |
|_______________________________|____________________________________|
|J28430 |J28430 |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Аnswеr Back Соdе: |Автожауап коды |
|_______________________________|____________________________________|
|Соорfund J28430 |Соорfund J28430 |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Қарызгердің мекен-жайы: | |
|_______________________________|____________________________________|
|Роstаl Аddrеss: |Пошта мекен-жайы: |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Мinistrу of Finance |Қаржы министрлігі |
|_______________________________|____________________________________|
|Rерubliс of Kazakhstan |Қазақстан Республикасы |
|_______________________________|____________________________________|
|60, Republic Sqr., |60, Республика даңғылы, |
|_______________________________|____________________________________|
|Аstаnа, 473000 |Астана, 473000 |
|_______________________________|____________________________________|
|Rерubliс of Kazakhstan |Қазақстан Республикасы |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Аttеntiоn: |Назар салсын: |
|_______________________________|____________________________________|
|Мinistеr of Finance |Қаржы министрлігі |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Атқарушы-ұйымның мекен-жайы: | |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Роstаl аddrеss: | |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Intеrnftiоnаl Astana Airport |Астана қаласындағы |
| |Халықаралық әуежай |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Аstаnа, 473026 |Астана. 473026 |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Аirроrt, |Әуежай |
|_______________________________|____________________________________|
|Роst box 553 |553-абонементтік пошта жәшігі |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Rерubliс of Kazakhstan |Қазақстан Республикасы |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
|Аttеntiоn: |Назар салсын: |
|_______________________________|____________________________________|
|Gеnеrаl Director |Бас Директор |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
Жоғарыда аталған мекен-жайлар және/немесе әулетесімдер мен мен
есімдер (атаулар) өзгерген жағдайда мұндай жағдайда айтылатын тарап
жаңа мекен-жайлар және/немесе әулетесімдер мен есімдер (атаулар)
туралы басқа тарапқа жазбаша түрде дереу хабарлайды.
Осыны куәландыру үшін өздерінің тиісті уәкілетті өкілдері арқылы
әрекет етуші Қор мен Қарызгер Ынтымақтастық қорының Чиодо-ку, Токио,
Жапония офисінде жоғарыда басында көрсетілген жыл мен күні Заем туралы
Келісімнің өздерінің атынан жасасылуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді.
___________________________________________________________________
|Халықаралық |Қазақстан Республикасы |
|Ынтымақтастық қоры |үшін |
|үшін | |
|- - - - - - - - - - - - - - - |- - - - - - - - - - - - - - - - - |
|_______________________________|____________________________________|
|Киосуке Шинозава |Тілеухан Қабдірахманов |
|Президент |Төтенше және |
|Басқарма Кеңесінің Төрағасы |Өкілетті Елші |
|_______________________________|____________________________________|
|_______________________________|____________________________________|
1-Қосымша
Жобаның сипаттамасы
Жоба туралы қысқаша мәліметтер
(1) Мақсаты:
Пайдалану кезінде қауіпсіздік нормаларымен сәйкес келтіру және
әуе тасымалымен байланысты көбейе түскен сұранымды
қанағаттандыру үшін Астана қаласындағы аэропорт объектілерін жетілдіру.
(2) Жобаның орындалатын жері:
Астана қаласы
(3) Атқарушы-ұйым
Астана қаласындағы Халықаралық әуежай
(4) Жұмыстардың көлемі:
(а) Әуежайдың қазіргі инфрақұрылымы мен объектілерін қайта
жаңарту;
(b) Жабдықтар жеткізу және объектілер салу;
(с) Кеңес беру қызметтері.
Заем қаражаты (а), (b) және (с) айқындамаларына қатысты беріледі.
Жоғарыда көрсетілген айқындамалардың балансындағы кез-келген
қалдықты және басқа айқындамаларды Қарызгер қаржыландыруға тиіс.
2-бөлім.
Төменде аталмыш жылы бағалауға сәйкес талап етілетін қаражаттың
сомасы көрсетіліп отыр.
_________________________________________________________________
| Қаржы жылы | Заемға қатысты | Жобаға қатысты |
|(қаңтар-желтоқсан | (миллион | (миллион |
| | жапон иенасымен) | жапон иенасымен) |
|__________________|______________________|_______________________|
| 1997 | 0 | 2,942 |
|__________________|______________________|_______________________|
| 1998 | 0 | 0 |
|__________________|______________________|_______________________|
| 1999 | 304 | 322 |
|__________________|______________________|_______________________|
| 2000 | 4,116 | 4,283 |
|__________________|______________________|_______________________|
| 2001 | 9,455 | 9,694 |
|__________________|______________________|_______________________|
| 2002 | 8,247 | 8,436 |
|__________________|______________________|_______________________|
| Жиыны | 22,112 | 25,677 |
|__________________|______________________|_______________________|
(Айырбастау бағамы: 1 американ доллары = 125,34 жапон иенасы)
Заем қаражаты жапония Үкіметінің Қорға арнап жыл сайын бөлінетін
қаржысы шегінде төленеді.
3-тарау.
Жобаны 2002 жылдың қаңтарына аяқтау жорамалданып отыр.
2-қосымша
Заем қаражатын бөлу
1-тарау.
Санаттар бойынша бөлу
_________________________________________________________________
| Санат |Бөлінетін заем сомасы | Қаржыландырылатын |
| | (миллион | шығын % есебімен |
| | жапон иенасымен) | |
|__________________|______________________|_______________________|
|(А) Құрылыс | 18,823 | 100 |
|жұмыстары | | |
|__________________|______________________|_______________________|
|(В) Кеңес беру | 1,417 | 100 |
|қызметтері | | |
|__________________|______________________|_______________________|
|(С) Тосын шығындар| 1,882 | - |
|__________________|______________________|_______________________|
|Жиыны | 22,122 | |
|__________________|______________________|_______________________|
| | | |
|__________________|______________________|_______________________|
Ескерту: Қаржыландыруға жатпайтын айқындамалар төменде көрсетіліп
отыр.
(а) Жалпы әкімшілік шығындар;
(b) Салықтар мен баждар;
(с) Жер мен өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу;
(d) Өтемақы
(d) Өзгедей данама айқындамалар.
Әрбір санат бойынша заем қаражатынан төленетін төлемдерге қатысты
төленетін сома, Қор мен Қарызгер өзге жәйітті келіспеген болса, орынды
шығындардың осы Бөлімде айтылатын проценттік қатынасын көрсететін
санға көбейтілген жалпы сомадан есептеледі.
2-бөлім.
Шығындарды бағалауда өзгерістер болған жағдайда
заем қаражатын қайта бөлу
(1) Егер (А) және/немесе (В) санаттарының қайсыбіріне енгізілген айқындамалар бойынша бағалауда құн азайса, онда осы жағдай бойынша бөлінген және осы Санатқа қатысты енді қажеті болмайтын соманы Қор қайта бөліп, оны (С) Санатына жатқызады.
(2) Егер (А) және/немесе (В) санаттарының қайсыбіріне енгізілген
айқындамалар бойынша бағалауда құн көбейсе, онда заем қаражатынан
қаржыландырылатын осындай көбею бөлігіне тең сома, егер осындай бөлік
орын алса, Қарызгердің өтініші бойынша бөлініп, Қор басқа Санаттардағы
айқындамалар бойынша шығындарға қатысты тұрғыда айқындайтынындай,
тосын шығындарға қатысты талаптарды ескере отырып, санаттардың
ішіндегі осындай Санатқа жатқызылады.
3-қосымша
Заемды бірте-бірте өтеу кестесі
___________________________________________________________________
|1. Негізгі соманы (I) өтеу |Сома (жапон иенасымен) |
|Міндеттемені өтеу мерзімі | |
|_______________________________|____________________________________|
|2008 жылдың 20 желтоқсанынан |505,000,000 |
|бастап 2028 жылдың 20 | |
|желтоқсанына дейін қоса әр | |
|жылдың 20 желтоқсаны мен 20 | |
|маусымы | |
|_______________________________|____________________________________|
|2. Негізгі соманы (II) өтеу |Сома (жапон иенасымен) |
|Міндеттемені өтеу мерзімі | |
|_______________________________|____________________________________|
|2008 жылдың 20 желтоқсаны |23,260,000 |
|2008 жылдың 20 маусымынан | |
|бастап 2038 жылдың 20 | |
|желтоқсанына дейін қоса әр | |
|жылдың 20 желтоқсаны мен 20 | |
|маусымы |23,229,000 |
|_______________________________|____________________________________|
4-қосымша
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу рәсімі
1-бөлім
Заем қаражатынан тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі
сақталуға тиіс тәртіптер
(1) Тауарлар мен қызметтерді - кеңес беру қызметтеріне басқа заем қаражатынан қаржыландырылатын сатып алу оларды шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық ұйымының заем қаражатынан сатып алу тәртіптеріне (1997 жылғы желтоқсан) (бұдан әрі "Тауарлар мен
қызметтерді сатып алу тәртіптері" деп аталады) сәйкес жүзеге асырылады.
(2) Қызметтеріне ақы заем қаражатынан төленетін кеңесшілерді
жалдау Қарызгерлердің, шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық
ұйымының кеңесшілерді жалдау тәртіптеріне (1997 жылғы желтоқсан)
(бұдан әрі "Кеңесшілерді жалдау тәртіптері" деп аталады) сәйкес
жүргізіледі.
2-бөлім
Қолайлы бастау-елдер
Барлық елдер мен аймақтар кеңес беруді қоса Заем қаражатынан
қаржыландырылатын барлық тауарлар мен барлық қызметтерді сатып алу
үшін қолайлы бастау-ел болып табылады.
3-бөлім
Қордың тауарлар мен қызметтерді (кеңес беру қызметтерінен басқа)
сатып алуға қатысты шешімдерді қарауы
Осы Келісімге 2-қосымшаның 1-бөлімінде айтылғандай, (А) санатына жатқызылып бөлінген Заем қаражатынан қаржыландырылатын өзара шарттар туралы әңгіме қозғалған жағдайда Жалпы шарттар мен ережелердің 4.02-бөліміне сәйкес мынадай тәртіптер Қордың қарап, мақұлдауына ұсынылады. Бұл өзара шарттар жөнінде екі конверттен тұратын сауда-саттық тәртібі қабылдануы мүмкін, ол тәртіп Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәртіптерінің 2.03 (b) тармағында қарастырылады.
(1) Құны Бес жүз миллион жапон иенасынан (500, 000,000 жапон иенасы) аспайтын мөлшерде бағаланатын кез-келген өзара шарт жөнінде:
(а) Егер Қарызгер Халықаралық Бәсеке Сауда-саттығынан өзгешелігі бар тауарлар мен қызметтерді сатып алу рәсімдерін қабылдағысы келсе, онда ол Қорға Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәсіл(дер)іне шолу туралы сұрау салады (осы Келісімге тіркелген N 1 нысанға сәйкес). Қор тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәсіл(дер)іне қатысты Хабарламада Қарызгерге өзінің келіскені туралы хабарлайды.
(b) Алдын-ала біліктілік бағасы берілген фирмаларды іріктеу жүргізілгеннен кейін Қарызгер Қордың қарап, мақұлдауына осы фирмалардың тізімін және таңдаудың жүргізілгені туралы есеп ұсынады, барлық қажетті құжаттамалар тіркеп, жасалған іріктеудің себептерін көрсетеді, сонымен бірге біліктілікті алдын-ала бағалаудың нәтижелерін қарау туралы сұрау салады. Қарызгер біліктілікті алдын-ала бағалауға қатысты және Қор негізделген түрде сұрау салатын басқа да құжаттарды Қордың қарауына ұсынады. Егер Қор аталған құжаттар жөнінде қарсы болмаған жағдайда, ол біліктілікті алдын-ала бағалау нәтижелері жөніндегі хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды.
(c) Екі конвертті сауда-саттық рәсімі қабылданған жағдайда Қарызгер - баға жөніндегі ұсыныстар берілгенге дейін - Қордың техникалық ұсыныстарға жасалған талдауды қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бірге техникалық ұсыныстарға жасалған талдауды қарау туралы сұрау салады. Қарызгер қаралатын мәселелерге қатысты қор негізделген түрде сұрау салған құжаттарды Қордың қарауына ұсынады. Қор қарсы болмаған жағдайда ол техникалық ұсыныстарды талдау жөніндегі хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды.
(d) Сауда-саттық ұтқан қатысушыға тапсырыс беру туралы хабарламаны жөнелтердің алдында Қарызгер өзара шарт жасасу туралы ұсыныстарға жасалған талдауды және тапсырыс беру туралы ұсынысты Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бірге өзара шарт жасасу туралы ұсыныстарға жасалған талдауды және тапсырыс туралы ұсынысты қарау туралы сұрау салады. Егер (с) "Өзара шарт жасасу туралы ұсыныстарға жасалған талдау" (бұдан әрі "Баға ұсыныстарын талдау" деп аталады) атты тармақшада айтылған іс-әрекет жасалса, Қарызгер Қор негізделген түрде сұрау салатын тендерге байланысты құжаттама сияқты тапсырыс беруге қатысты осындай басқа да құжаттарды Қордың қарауына ұсынады. Қор аталмыш құжаттар жөнінде қарсы болмаған жағдайда Қор өзара шарт жасасу туралы ұсыныстарды және тапсырыс беру туралы ұсынысты талдау жөніндегі хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды.
(е) Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәртіптерінің 5.10-бөлімінде қарастырылғанындай - Қарызгер өзара шарт жасасу туралы барлық ұсыныстарды қабылдамай тастамақ болған немесе қолайлы жағдайда өзара шарт жасасу мақсатында ең төмен баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушылардың бірімен немесе екеуімен келіссөз жүргізбек болған жағдайда, Қарызгер Қорға өзінің себептері туралы хабарлап, алдын-ала қарап, мақұлдау туралы сұрау салады. Қор қарсы болмаған жағдайда ол Қарызгерге өзінің келіскені туралы хабарлайды. Қайталап сауда-саттық өткізетін жағдайда барлық кейінгі тәртіптерде шын мәнінде (а)-дан (d)-ға дейін қоса барлық тармақшалардың ережелері сақталады.
(f) Өзара шарт жасасылғаннан кейін Қарызгер өзара шарттың тиісті түрде расталған көшірмесін қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бірге өзара шартты қарау туралы сұрау салады (осы Келісімге тіркелген N 2 нысанға сәйкес). Қор өзара шарттың Заем туралы Келісіммен келісетінін анықтаған жағдайда ол өзара шартқа қатысты хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды.
(е) Қор қараған өзара шартқа кез-келген өзгерту енгізу немесе оның күші жою үшін, осындай өзгерту енгізуге немесе оның күшін жоюға Қордың алдын-ала жазбаша келісімі талап етіледі, алайда өзара шартқа елеулі өзгерту енгізбейтін және өзара шарттың бағасына тиіспейтін өзгерту енгізу үшін Қордың келісуі талап етілмейтін шарт қойылады.
(2) Құны кем дегенде БІР МИЛЛИАРД жапон иенасы (1,000,000,000 жапон иенасы) деңгейінде бағаланатын кез-келген өзара шарт жөнінде:
Жоғарыда (1) кіші бөлімде, (а)-дан (g)-ге дейінгі тармақшаларды қоса алғанда оларда айтылған барлық рәсімдерге толықтыру ретінде мынадай іс-әрекет жасалады.
Біліктілікті алдын-ала бағалау туралы жарияланғанға және/немесе хабарланғанға дейін Қарызгер біліктілікті алдын-ала бағалаудың критерийлерін Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бірге біліктілікті алдын-ала бағалаудың критерийлерін қарау туралы сұрау салады. Қордың қарауы үшін біліктілікті алдын-ала бағалауға қатысты құжаттарды беру туралы Қарызгерге сұрау салу құқығын Қор өзінде сақтайды. Қор аталмыш критерийлерге қарсы болмаған жағдайда Қор біліктілікті алдын-ала бағалаудың критерийлері жөніндегі хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды. Қарызгер аталмыш критерийлерге кейіннен кез-келген өзгерту енгізу үшін мұндай өзгертуге Қордың алдын-ала жазбаша келісімі талап етіледі. Қор мұны қажет деп тапқан жағдайда біліктілікті алдын-ала бағалаудың құжаттамасы жөнінде қордың қарауы және келісімі талап етіледі.
(3) Құны кем дегенде Үш миллиард жапон иенасы (3,000,000,000 жапон иенасы) деңгейінде бағаланатын кез-келген өзара шарт жөнінде:
Жоғарыда (1) кіші бөлімде, (а)-дан (g)-ге дейінгі тармақшаларды қоса алғанда оларда айтылған барлық рәсімдерге толықтыру ретінде мынадай іс-әрекет жасалады.
Өзара шарт жасасу туралы ұсынысты табыс етуге шақырған өтініш бергенге дейін Қарызгер өзара шарт жасасу туралы ұсынысты бағалаудың критерийлерін Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бірге өзара шарт жасасу туралы ұсынысты бағалаудың критерийлерін қарау туралы сұрау салады. Тендерге қатысты құжаттарды Қордың қарауына беру туралы Қарызгерге сұрау салу құқығын Қор өзінде сақтайды. Қор аталмыш критерийлерге қарсы болмаған жағдайда Қор Өзара шарт жасасу туралы ұсынысты бағалаудың критерийлері жөніндегі хабарламада Қарызгер тиісінше хабарлайды. Қарызгердің аталмыш критерийлерге кейіннен кез-келген өзгертулер енгізуі үшін қордың осындай өзгертуге алдын-ала жазбаша келісімі талап етіледі. Қор мұны қажет деп есептеген жағдайда Қордың тендермен байланысты құжаттамаға қатысты құжаттарды қарап, мақұлдауы талап етіледі.
(4) Құны кем дегенде Бес жүз миллион жапон иенасы (500,000,000 жапон иенасы) деңгейінде бағаланатын кез-келген өзара шарт жөнінде:
(а) Қарызгер өзара шарт жасасылғаннан кейін дереу өзара шарттың тиісті түрде расталған көшірмесі Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бірге Өзара шартты қарау туралы сұрау салады (осы Келісімге тіркелген N 2 нысанға сәйкес). Қор өзара шарт жасасылғаннан кейін Қарызгер дереу өзара шартты оның тиісті түрде расталған көшірмесін Қордың қарап, мақұлдауына ұсынып отырғанын, сонымен бірге Өзара шартты қарау туралы сұрау салып отырғанын (осы Келісімге тіркелген N 2 нысанға сәйкес) анықтап, Заем туралы Келісіммен келісетін жағдайда ол Өзара шарт жөніндегі хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды. Қарызгер Қор негізді түрде сұрау салатын өзара шартқа қатысты басқа да құжаттарды Қордың қарауына ұсынады.
(b) Қор қараған өзара шартқа кез-келген өзгерту енгізу немесе
оның күшін жою үшін мұндай өзгерту немесе күшін жою үшін Қордың
алдын-ала жазбаша келісімі талап етіледі, алайда өзара шартқа елеулі
өзгерту енгізбейтін және өзара шарттың бағасына тиіспейтін өзгерту үшін
қордың мұндай келісімі талап етілмейтін шарт қойылады.
4-бөлім
Қордың кеңесшілерді жалдауға
қатысты шешімдерді қарауы
Қор Жалпы шарттар мен ережелердің 4.02-бөліміне қатысты мына
рәсімдерді қарап, мақұлдауы тиіс.
(1) Кеңесшіге өзінің ұсыныстарын беруге шақырған өтініш жасардың алдында Қарызгер Өкілеттіктер шеңберін, Кеңесшілердің қысқа тізімін және Шақыру-хатты Қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бірге осы құжаттарды қарау туралы сұрау салады. Қор аталмыш құжаттар жөнінде қарсы болмаған жағдайда, ол Өкілеттіктер шеңбері, Кеңесшілердің қысқа тізімі және Шақыру-хат жөніндегі Хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды. Қарызгердің аталмыш құжаттарға кейіннен қандайда болсын өзгерту енгізуі үшін Қордың алдын-ала келісуі талап етіледі.
(2) Өзара шарт жасасу мақсатымен неғұрлым білікті кеңесшіні келіссөз бастауға шақырардың алдында Қарызгер алынған ұсыныстарға өзі берген бағалаудың нәтижелерін Қордың қарап, мақұлдауына жібереді, сонымен бірге Кеңесшілердің ұсыныстарын бағалау туралы есепті қарау жөнінде сұрау салады. Қор аталмыш құжаттарға қарсы болмаған жағдайда Қор Кеңесшілердің ұсыныстары жөніндегі бағалау туралы есепке қатысты Хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды
(3) Егер Қарызгер, Кеңесшілерді жалдау тәртіптерінің (2) 3.01 бөлімінде қарастырылғанындай, нақты аталған кеңесшіні жалдағысы келсе, ол Қордың қарап, мақұлдауы үшін мұның себептері туралы Қорға жазбаша түрде хабарлайды, сонымен бірге Шақыру-хат пен Өкілеттіктер шеңберін жібереді. Қордың келісімін алғаннан кейін Қарызгер Шақыру-хат пен өкілеттіктер шеңберін айтылып отырған кеңесшіге жіберуіне болады. Егер Қарызгер кеңесшінің ұсынысын қолайсыз деп тапса, ол мұндай жағдайда өзара шарттың талаптары туралы (қаржы талаптарын қоса) келіссөз жүргізуі мүмкін.
(4) Өзара шарт жасасылғаннан кейін Қарызгер өзара шарттың тиісті түрде расталған көшірмесін дереу қордың қарап, мақұлдауына ұсынады, сонымен бірге Өзара шартты қарау туралы сұрау салады (осы Келісімге тіркелген N 3 нысанға сәйкес). Қор өзара шарттың Заем туралы Келісіммен келісетінін анықтаған жағдайда, ол Өзара шарт жөніндегі Хабарламада Қарызгерге тиісінше хабарлайды.
(5) Қор қараған өзара шартқа кез-келген өзгерту енгізу немесе
оның күшін жою үшін мұндай өзгерту немесе күші жою жөнінде Қордың
алдын-ала жазбаша келісімі талап етіледі, алайда өзара шартқа елеулі
өзгерту енгізбейтін және өзара шарттың бағасына тиіспейтін өзгерту үшін
қордың мұндай келісімі талап етілмейтін шарт қойылады.
5-бөлім
Тіл
Қарызгер қорға берілетін барлық хабарларды ағылшын тілінде
дайындайды. Сауда-саттыққа қатысты құжаттар қамтылатын барлық құжаттар
ағылшын тілінде дайындалады.
N 1 нысан
Күні:
Сілтеме нөмірі:
Шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық қоры
Токио, Жапония
Назар салсын: Өкімгер-Директор, ІІІ операцияларды жүзеге асыру
жөніндегі бөлім
Құрметті мырзалар:
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәсіл(дер)ін
қарау туралы сұрау
Мынаған сілтеме жасалды: Астана қаласындағы әуежайды қайта
жаңарту жобасымен байланысты 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N КАZ-РЗ Заем
туралы Келісім
Сілтеме жасалып отырған Заем туралы Келісімнің тиісті ережелеріне
сәйкес, біз осы арқылы қосымша-параққа сәйкес Сізге Тауарлар мен
қызметтерді сатып алудың тәсіл(дер)ін қарауды ұсынамыз.
Сіз Өзіңіздің келісетініңіз туралы бізге хабарласаңыз, алғыс
сезімімізді білдіреміз.
Құрметпен,
__________________ үшін
(Қарызгердің атауы)
______________________
(Құжатқа қол қоюға
уәкілетті ресми
адамның қолы)
N___ қосымша-парақ
1. Жобаның атауы
2. Тараулар мен қызметтерді сатып алу тәсіл(дер)і
() Шектелген Халықаралық (Жергілікті) сауда-саттық
() Елден сыртқары жерден (Елдің ішінде) сатып алу
() Тікелей байланыстар жасасу
() Тағы басқалар
3. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу тәсіл(дер)ін таңдау
себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы
4. Жеткізушінің әулетесімі мен есімі (атауы) және азаматтығы
(Шектелген Халықаралық (Жергілікті) сауда-саттық жағдайында) және
Тікелей өзара шарттар жасасу жағдайында
5. Байланыстың бағаланатын сомасы
Шетел валютасымен
Жергілікті валютамен
6. Өзара шартта қамтылатын негізгі айқындамалар
7. Өзара шарт үлгісі
()"Сақадай сай" әзір етілетін құрылыс жөніндегі өзара шарт
()Тауарлар/жабдықтар/материалдар сатып алу
()Азаматтық жұмыстар жөніндегі өзара шарт
()Қызметтерді сатып алу
()Тағы басқалар
8. Кесте
(i) Өзара шарттың жасасылған күні
(ii) Жүктің жөнелтілген күні және/немесе Жұмыстардың басталған/
қызметтердің көрсетілген күні
(iii) (жеткізілімнің немесе құрылыс жұмыстарының) аяқталған күні
N 2 нысан
Күні:
Сілтеме нөмірі:
Шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық қоры
Токио, Жапония
Назар салсын: Өкімгер-Директор, ІІІ операцияларды жүзеге асыру
жөніндегі бөлім
Құрметті мырзалар:
Өзара шартты қарау туралы сұрау
1998 жылғы 24 желтоқсандағы N КАZ-РЗ Заем туралы Келісімнің
тиісті ережелеріне сәйкес, біз осы арқылы Өзара шарттың осы Сұрауға
тіркелген расталған көшірмесін Сіздің қарауыңызға ұсынамыз. Өзара
шартта мынадай мәліметтер берілді:
1. Өзара шарттың нөмірі мен күні
2. Жеткізушінің әулетесімі мен есімі (атауы)
3. сатып алушының әулетесімі мен есімі (атауы):
4. Өзара шарттың бағасы
5. Мынау үшін пайдаланылатын қаржыландыру
Сомасы
(қолайлы шығынның____%)
6. Тауарлардың сипаттамасы мен шыққан жері
Сіз өзара шарт жөнінде Өзіңіздің келісетініңіз туралы бізге Өзара
шартқа қатысты Хабарлама жіберіп, хабарласыңыз, алғыс сезімімізді
білдіреміз.
Құрметпен,
__________________ үшін
(Қарызгердің атауы)
______________________
(Құжатқа қол қоюға
уәкілетті ресми
адамның қолы)
N 3 нысан
Күні:
Сілтеме нөмірі:
Шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық қоры
Токио, Жапония
Назар салсын: Өкімгер-Директор, ІІІ операцияларды жүзеге асыру
жөніндегі бөлім
Құрметті мырзалар:
Өзара шартты қарау туралы сұрау
(кеңес беру қызметтері жөнінде)
1998 жылғы 24 желтоқсандағы N КАZ-РЗ Заем туралы Келісімнің
тиісті ережелеріне сәйкес, біз осы арқылы Өзара шарттың осы Сұрауға
тіркелген расталған... көшірмесін... Сіздің қарауыңызға ұсынамыз.
Өзара шартта мынадай мәліметтер берілді:
6. Өзара шарттың нөмірі мен күні
7. Жеткізушінің әулетесімі мен есімі (атауы)
8. Сатып алушының әулетесімі мен есімі (атауы):
9. Өзара шарттың бағасы
10. Мынау үшін пайдаланылатын қаржыландыру
Сомасы
(қолайлы шығынның____%)
6. Тауарлардың сипаттамасы мен шыққан жері
Сіз өзара шарт жөнінде Өзіңіздің келісетініңіз туралы бізге Өзара
шартқа қатысты Хабарлама жіберіп, хабарласыңыз, алғыс сезімімізді
білдіреміз.
Құрметпен,
__________________ үшін
(Қарызгердің атауы)
______________________
(Құжатқа қол қоюға
уәкілетті ресми
адамның қолы)
5-қосымша
Міндеттемемен байланысты рәсім
Тиісті өзгертулер енгізілген 1988 жылғы 5 шілдедегі Міндеттемемен байланысты рәсім Қазақстан Республикасынан өзге қолайлы Бастау-ел(дер)дегі Жеткізушіден тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін Заем қаражатынан төлем төлеу жөніндегі өзара шарттың Қазақстан Республикасының валютасынан өзге валютамен мәлімделген бөлігіне қатысты мынадай қосымша тармақтармен қолданылады:
1. Міндеттемемен байланысты рәсімнің (2) 1-бөліміне қатысты тұрғыда Bank of Tokyo - Мitsubishi, Ltd., Токио Жапонияның банкі және Эмитент-банк ретінде әрекет етуші болып табылады.
2. (а) Қарызгер Қорға Міндеттеме туралы тиісті хат берілген күні Міндеттеме туралы Хатта көрсетілген соманы өтеуге қызмет көрсетілгені үшін алым ретінде осы соманың бір процентінің нөл бүтін оннан бірін (0.1%) құрайтын соманы жапон иенасымен төлейді. Қор Қарызгерден қызмет көрсетілгені үшін алымдар алынған бойда Міндеттеме туралы хат береді.
(b) Қызмет көрсетілгені үшін төленген осындай алымның сомасына тең сома заем қаражатынан қаржыландырылады және Қор осындай соманы Міндеттеме туралы Хат берілген күні қызмет көрсеткені үшін төлемақы ретінде дереу өзіне-өзі төлейді. Заем қаражатынан төленетін мұндай төлем Заем туралы Келісімнің шарттары мен ережелеріне сәйкес Қарызгердің заң жүзінде қолданыстағы және байланыстырушы міндеттемесі болып табылады.
3. Халықаралық сауда палатасының міндеттемемен байланысты рәсімі баяндалатын N 400 кітапшасы Халықаралық сауда палатасының (а) N 500 кітапшасымен ауыстырылады.
6-қосымша
Тиісті соманы қайтару рәсімі
Тиісті өзгертулер енгізілген 1988 жылғы қыркүйектегі Тиісті соманы қайтару рәсімі Заем қаражатын төлеуге қатысты және Қазақстан Республикасындағы Жеткізушіге және Қазақстан Республикасынан өзге қолайлы Бастау-ел(дер)дегі Жеткізушіге төленген төлемдерге қатысты, өзара шарттың Қазақстан Республикасының валютасынан өзге валютамен мәлімделген бөлігіне қатысты мынадай қосымша тармақтармен қолданылады:
1. Bank of Tokyo - Мitsubishi, Ltd., Токио әр жолы осы Қосымшада аталған кезде тиісті соманы қайтару рәсімін қоса Токиода шетел валютасын айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банк болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тағайындаған банк тиісті соманы қайтару рәсімінде айтылған шетел валютасын айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын Қарызгердің аумағындағы уәкілетті банк болып табылады.
3. Тиісті соманы қайтару рәсімінің (b) 1-тармағында айтылғанындай, мыналар әрбір төлемнің және оның пайдаланылуының айғағы ретінде қуаттаушы құжаттар болып табылады:
(а) Кеңес беру қызметінен өзге тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерге қатысты.
(і) мердігердің орындалған жұмыстың көлемі жеткілікті дәрежеде егжей-тегжейлі көрсетілетін және осы жұмыспен байланысты талап етілген сома көрсетілетін мәлімдемесі, шоты немесе шот-фактурасы;
(іі) мердігер орындаған жұмыстың белгіленген талаптар бойынша қанаттандыратыны және айтылып отырған өзара шарттың талаптарына сай келетіні мазмұнынан көрінетін куәлік; мұндай куәлікке Атқарушы-ұйымның Жобамен байланысты тағайындалған бас инженері қол қояды;
(ііі) өтелген банк чегі немесе мердігер төлеген төлемнің күні мен сомасын қуаттайтын соған ұқсас құжат; сондай-ақ мердігерден алынған төлем күні мен сомасы көрсетілген жеткілікті дәрежеде қарапайым квитанция.
(b) Кеңесшілердің қызметіне ақы төлеу үшін
(і) Кеңесшілер берген мәлімдеме, онда қамтылған уақыт аралығында көрсетілген қызмет және ол төлеуге тиіс сома туралы жеткілікті дәрежеде егжей-тегжейлі мәліметтер беріледі;
(іі) банк өтеген чек, ұсынылған бойда дереу төленуге тиіс тратта немесе кеңесші төлеген төлемнің күні мен сомасын қуаттайтын соған ұқсас құжат; сондай-ақ кеңесшіден алынған төлем күні мен сомасы көрсетілген жеткілікті дәрежеде қарапайым квитанция.
3.4. (а) Қарызгер Қорға Міндеттеме туралы тиісті хат берілген күні Міндеттеме туралы Хатта көрсетілген соманы өтеуге қызмет көрсетілгені үшін алым ретінде осы соманың өтеуге қызмет көрсетілгені үшін алым ретінде осы соманың бір процентінің нөл бүтін оннан бірін (0.1%) құрайтын соманы жапон иенасымен төлейді. Қор Қарызгерден қызмет көрсетілгені үшін алымдар алынған бойда Міндеттеме туралы Хат береді.
(b) Қызмет көрсетілгені үшін төленген осындай алымның сомасына тең сома заем қаражатынан қаржыландырылады және Қор осындай соманы Міндеттеме туралы Хат берілген күні қызмет көрсеткені үшін төлемақы ретінде дереу өзіне-өзі төлейді. Заем қаражатынан төленетін мұндай төлем Заем туралы Келісімнің шарттары мен ережелеріне сәйкес Қарызгердің заң жүзінде қолданыстағы және байланыстырушы міндеттемесі
болып табылады.
4. Тиісті соманы қайтару жөніндегі сұрауда көрсетілген сома жапон
иенасымен есептеледі.
5. OECF (Шет мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық қоры) -
Тиісті соманы қайтару рәсіміне тіркелген SSP нысаны осы Келісімге
тіркелген OECF-SSR нысанымен ауыстырылады.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.