Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген дәрі-дәрмекпен жабдықтау, фармацевтік және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында мына құрамда ведомствоаралық комиссия құрылсын:
Ерлан Мұхтарұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Арын сақтау, білім және спорт
вице-министрі, төраға
Төлебай - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Қосиябекұлы сақтау, білім және спорт министрлігі
Рахыпбеков Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы,
төрағаның орынбасары
Серік Сапарұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Дүйсенов сақтау, білім және спорт министрлігі
Денсаулық сақтау комитетінің
Дәрі-дәрмекпен жабдықтау, фармацевтік
және медициналық өнеркәсіпті дамыту
басқармасының бастығы
Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасы Ғылым және
Қосынов жоғары білім министрлігі
Нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету және халықаралық
ғылыми-техникалық ынтымақтастық
департаментінің директоры
Геннадий - Қазақстан Республикасы Ғылым және
Николаевич жоғары білім министрлігі
Лепешкин Биотехнология жөніндегі ұлттық
орталығының бас директоры
Серік Егелұлы - "Дәрі-дәрмек" дәрілік құралдар
Сұлтанов орталығы" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас директоры
Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Сармурзина индустрия және сауда министрлігі
Химия және мұнай химиясы
басқармасының бастығы
Бауыржан - Қазақстан Республикасының
Жаңабекұлы Аймақов Инвестициялар жөніндегі агенттігінің
директоры
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі 1999 жылдың 10 мамырына қарай Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
3. Ведомствоаралық комиссия "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамыту бөлігінде орындалуын ұйымдастыру және оның іске асырылуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, 1999 жылдың 30 мамырына қарай ұсынатын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі министрліктер мен ведомстволардың "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын дәрі-дәрмекпен жабдықтау мен Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамыту бөлігінде іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі