Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 1999 жылғы 8 сәуірдегі N 114 U990114_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
үш күндік мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдардың істері мен мүлкін беруге байланысты мәселелерді шешу үшін бірлескен комиссия құрсын;
Солтүстік Қазақстан облысы Көкшетау қаласының, Еңбекшілдер, Зеренді және Щучинк аудандарының әкімшілік ғимараттары мен мүлкін Ақмола облысына қабылдап алу-беруді ұйымдастырсын;
әлеуметтік саланың жекелеген объектілерін Астана қаласында астана қаласының әкіміне, Көкшетау қаласында және берілетін селолық аудандарда - Ақмола облысының әкіміне беруді жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі N 114 Жарлығын іске асыру жөнінде өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды қабылдасын.
2. Ақмола облысының әкімі:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне (келісім бойынша) мемлекеттік органдардың қызметшілері басқа жерге жұмысқа (Көкшетау қаласына) ауысудан бас тартқан жағдайда, заңдарда белгіленген тәртіппен еңбекке орналастыруға көмек көрсету мақсатында олар туралы мәлімет ұсынсын;
Үкімет комиссиясының шешімі бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен кейін беру мақсатымен Астана қаласындағы қызметтік үйлер мен мемлекеттік меншіктегі ғимараттардың сақталынуын қамтамасыз етсін;
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының балансына 1-қосымшаға сәйкес ғимараттар мен қызметтік үй-жайлар берілсін.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.29.
N 525 қаулысымен. P990525_
3. Солтүстік Қазақстан облысының Көкшетау қаласын, Еңбекшілдер, Зеренді және Щучинск аудандарын Ақмола облысына қосуға және Ақмола облысының орталығын Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшіруге байланысты мәселелерді шешу жөнінде Үкімет комиссиясы (бұдан әрі- Комиссия) құрылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Комиссияның құрамы бекітілсін.
5. Комиссия белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне мына мәселелерді:
қызметтік үйлер мен мемлекеттік меншік ғимараттарын одан әрі тиімді пайдалану жөніндегі ұсынысты;
Солтүстік Қазақстан облысының берілетін аумағы және тұтастай алғанда Ақмола облысы бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін субвенцияларды қайта бөлуді көздейтін Үкімет қаулысының жобасын енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 сәуірдегі
N 525 қаулысына
1-қосымша
ЕСКЕРТУ. Жаңа 1 қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.29. N
525
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.26. N 642
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының
балансына берілетін ғимараттар мен қызметтік үй-жайлардың
Тізбесі
р/н Ғимараттардың, қызметтік үй-жайлардың Алаңы
атаулары мен олардың мекен-жайлары (шаршы м.)
1. Ақмола облысының әкiмшілiк ғимараты 3098
Ж.Омаров көшесi, 60
2. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк 1627
қорғау жөнiндегi басқарма
М.Әуезов көшесi, 116
3. Облыстық iшкi iстер басқармасы 5474
Бейбiтшiлiк көшесi, 19
4. Облыстық экология және биоресурстар 1076,5
басқармасы
Жамбыл көшесi, 71/1
5. Ақмола облыстық әскери комиссариаты 1404
Жангелдин көшесi, 40
6. Облыстық сот ғимараты 1225
Дружба көшесi, 018
7.
8. Облыстық білiм беру басқармасы 642,8
Әуезов көшесi, 103 а
9. Облыстық прокуратура (келiсiм бойынша) 1623,4
Желтоқсан көшесi, 59
10. Облыстық қаржы басқармасы 787
Дружба көшесi, 29 б
11. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық 4309,8
станция
Желтоқсан көшесi, 50
12. Ақмола облысының мемлекеттiк мұражайы 1126,5
Әуезов көшесi, 43
13 Облыстық әдiлет басқармасы 450
Ақжайық көшесi, 7
14. Ақмола облыстық бiлiм беру қызметкерлерiнiң 2451
бiлiктiлiгiн арттыру институты
Кенесары көшесi, 270
15. Облыстық мәдениет басқармасы 402
Абылайхан даңғылы, 2 а
16. "Медстандарт" облыстық орталығы 195
Желтоқсан көшесi, 45
17. Облыстық гидрометеорология жөнiндегi 225
орталық
Республика даңғылы, 4
18. Ақмола табиғи монополияларды реттеу және 172,1
бәсекенi қорғау жөніндегi комитетi
Абай даңғылы, 92
19. Облыстық жер ресурстары жөнiндегi комитетi 100
Желтоқсан көшесi, 41
20. Облыстық қазынашылық басқармасы 1271
Бейбiтшiлiк көшесi, 57
21. Ақмола стандарттау, метрология және 875
сертификаттау орталығы
Әуезов көшесi, 104
22. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi 420
басқарма
Сарыарқа көшесi, 89
23. Аумақтық мемлекеттiк мүлiк және 1295
жекешелендiру комитетi
Полевая көшесi, 4/2
24. Облыстық статистика жөнiндегi басқарма 594,9
Желтоқсан көшесi, 23
25. Салық полициясының облыстық басқармасы 1200
Победа көшесi, 132
26. Ақмола облысы бойынша кеден басқармасы 1389
Бөкейхан көшесi, 44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 сәуірдегі N 442 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының Көкшетау қаласын,
Еңбекшілдер, Зеренді және Щучинск аудандарын
Ақмола облысына қосуға және Ақмола облысының
орталығын Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшіруге
байланысты мәселелерді шешу жөніндегі Үкімет комиссиясының
Құрамы
Ертілесова Жанат - Қазақстан Республикасының
Жұрғалиқызы Қаржы бірінші вице-министрі,
төрайым
Арғынғазин Әнуарбек - Қазақстан Республикасының
Арғынғазынұлы Президенті Іс Басқарушысының
орынбасары (келісім бойынша)
Әбітаев Есберген - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда
бірінші вице-министрі
Әділбеков Дәурен - Ақмола облысы әкімінің
Зекенұлы орынбасары
Ахметов Даниал - Солтүстік Қазақстан облысының
Кенжетайұлы әкімі
Власов Николай - Қазақстан Республикасының Ішкі
Афанасьевич істер вице-министрі
Доминов Евгений - Қазақстан Республикасының
Евгеньевич Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
комитеті төрағасының орынбасары
Есілов Сансызбай - Астана қаласы әкімінің
Сейітжанұлы орынбасары
Кәрібжанов Қайрат - Қазақстан Республикасының
Сәлімұлы Көлік, коммуникациялар және
туризм вице-министрі
Кулагин Сергей - Ақмола облысының әкімі
Витальевич
Мағзұмов Еран - Қазақстан Республикасы
Құдысбекұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Ұйымдастыру, бақылау және
қауіпсіздік бөлімінің бас
инспекторы, хатшы
Нұрпейісов Қайрат - Қазақстан Республикасының
Айтмұхамбетұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі
Отаров Қадырхан - Қазақстан Республикасының Ауыл
Махмұтұлы шаруашылығы вице-министрі
Чиркалин Иван - Солтүстік Қазақстан облысы
Федорович әкімінің орынбасары
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.