Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басшылары Кеңесінің 1996 жылғы 17 мамырдағы Мәскеу қаласындағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің Кеңесі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері Кеңесінің (бұдан әрі - ІІМК) кезекті мәжілісі 1999 жылғы 3-6 маусымда Астана қаласында өткізілсін.
2. Аталған мәжіліс құжаттарының жобаларын әзірлеу мақсатында 1999 жылғы 4-6 мамырда Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Ішкі істер министрліктері өкілдері сарапшылардың кеңесі өткізілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
сарапшылар кеңесі мен ІІМК мәжілісін өткізуді қамтамасыз етсін, ресми делегациялардың мүшелерін, еріп жүрген адамдар мен сарапшыларды орналастыру және оларға қызмет көрсету, баспа өнімдерін дайындау және кәдесый сатып алу бойынша қажетті шаралар қолдансын;
Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметімен (келісім бойынша) бірлесіп Делегация басшыларының Қазақстан Республикасының Президентімен кездесуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан ресми қабылдау ұйымдастырсын;
әуежайда тиісті тәртіпті, Делегация басшыларының және делегацияның жүріп өтетін жолдары мен болатын жерлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігімен бірлесіп делегация ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағынан ұшып өтуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм
министрлігі ұшақтарға техникалық қызмет көрсетулерін, олардың тұрағын
және жанар-жағар майдың құйылуын ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі ІІМК мәжілісі шеңберінде өткізілетін іс-шараларды
кеңінен көрсетуді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қосымшаға сәйкес
сарапшылар кеңесі мен ІІМК мәжілісін өткізуге қажетті қаржы қаражаттарын
бөлсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 сәуірдегі
N 496 қаулысына
қосымша
Ішкі істер министрлері Кеңесі сарапшыларының кеңесі мен мәжілісін
өткізу үшін қажетті негізгі қаржы қаражаттары
1999 жылғы 4-6 мамырда Алматы қаласында өтетін ІІМК мәжілісін
әзірлеу жөніндегі сарапшылар кеңесін өткізудің шығыс
Сметасы
_____________________________________________________________________
|р/н| Шығыстардың атауы | Адам | Тәулік | Құны | Шығыстар |
| | | саны | саны |(теңге)| жиыны |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|1. |Тұру | 35 | 3 |5200 | 546000 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|2. |Тамақтану | 35 | 3 | 450 | 47250 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|3. |Буфеттік қызмет көрсету | 35 | 3 | 150 | 15750 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|4. |Тұрмыстық қызмет көрсету| 35 | 3 | 150 | 15750 |
| |және басқа да шығыстар | | | | |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
| |Барлық шығыс | | | | 624750 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
1999 жылғы 3-5 маусымда Астана қаласында өтетін
ІІМК кезекті мәжілісін өткізудің шығыс
Сметасы
_____________________________________________________________________
|р/н| Шығыстардың атауы | Адам | Тәулік | Құны | Шығыстар |
| | | саны | саны |(теңге)| жиыны |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|1. |Делегация жетекшілері. | 15 | 3 |53040 | 2386800 |
| |нің тұруы | | | | |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|2. |Делегация мүшелерінің | 60 | 3 |29640 | 5335200 |
| |тұруы | | | | |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|3. |Тамақтануы | 75 | 3 | 450 | 101250 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|4. |Ресми түскі, кешкі та. | 15 | 3 | 600 | 18000 |
| |мақтандыру шығыстары | 60 | 3 | 450 | 81000 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|5. |Буфеттік қызмет көрсету | 75 | 3 | 150 | 33750 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|6. |Мәдени қызмет көрсету | 75 | 3 | 150 | 33750 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|7. |Тұрмыстық қызмет көрсету| 75 | 3 | 150 | 33750 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|8. |Автокөлік жалдау | | | | 100000 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|9. |Ұшақ жалдау | | | | 2961790 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|10.|Кеңсе керек-жарақтарын | | | | 100000 |
| |сатып алу | | | | |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
|11.|Конференцзалын жалдау | | 3 |55808 | 167424 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
| |Барлық шығыс | | | | 11352714 |
|___|________________________|_______|_________|_______|______________|
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.