"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мына мекемелер:
1) Республикалық, облыстық және аймақтық мал дәрігерлігі лабораториялары қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып;
2) Астана және Алматы қалаларының мал дәрігерлік қадағалау басқармалары мал дәрігерлік-санитарлық сараптама лабораторияларын бөлу және олардың базасында тиісінше Астана қаласының және Алматы қаласының "Қалалық мал дәрігерлігі лабораториясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес құрылатын кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы:
1) жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына лабораториялық зерттеу жүргізу;
2) заң актілерінде көзделген жағдайларда мал шаруашылығы өнімдері мен жануарлар тегінен жасалған шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық сараптама жүргізу болып белгіленсін.
3. "Ветдез" шаруашылық жүргізу құқығындағы көлік құралдарын дезинфекциялау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын, оның қызметінің негізгі нысанасы болып:
жануарлар мен құстардың карантиндік ауруларының ошақтарын жою, мемлекеттік шекарадан өтетін жерлерде Қазақстан Республикасының аумағына кіретін автокөліктерді қоса алғанда, мал дәрігерлігі қызметінің бақылауындағы жүктерді тасымалдау жүзеге асыратын көлік құралдарын дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды орындау болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулының 1 және 3-тармақтарына сәйкес құрылатын кәсіпорындарды (бұдан әрі - Кәсіпорындар) мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
ЕСКЕРТУ. Атауы мен 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999.09.24. N 1451 қаулысымен. P991451_
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорындардың жарғысын бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Кәсіпорындардың басшыларын тағайындасын және олармен келісімшарттар жасассын;
3) Осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999.09.24. N 1451 қаулысымен. P991451_
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 7 мамырдағы
N 552 қаулысына
қосымша
Құрылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың
Тізбесі
1. Республикалық мал дәрігерлігі лабораториясы
2. Ақмола мал дәрігерлігі лабораториясы
3. Ақтөбе мал дәрігерлігі лабораториясы
4. Алматы облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
5. Атырау облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
6. Шығыс Қазақстан облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
7. Жамбыл облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
8. Батыс Қазақстан облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
9. Қарағанды облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
10. Қостанай облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
11. Қызылорда облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
12. Маңғыстау облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
13. Павлодар облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
14. Солтүстік Қазақстан мал дәрігерлігі лабораториясы
15. Оңтүстік Қазақстан мал дәрігерлігі лабораториясы
16. Ақмола облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы
17. Семей қалалық мал дәрігерлігі лабораториясы
18. Жезқазған қалалық мал дәрігерлігі лабораториясы
19. Арқалық қалалық мал дәрігерлігі лабораториясы