Активтердi пайдалануға дайындауға, КҚЖК-нiң жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын орындауға байланысты шығындарды бақылауды тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Каспий Құбыр желiсi консорциумындағы үлесiн иелiк ету және пайдалану құқығында "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына берудi қамтамасыз етсiн.
2. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы"
жабық акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң Каспий Құбыр
желiсi консорциумы - КҚЖК-Р және КҚЖК-К-дағы уәкiлеттi өкiлi болып
белгiленсiн.
3. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамы
туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы
N 410
қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Каспий Құбыр желiсi консорциумы"
АҚ Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң үлесi КҚЖК акциясының 19 жалпы санынан 19"
деген жол алынып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы
N 3378 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 29 сәуірдегі N 514 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.