ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.22. N 1042
қаулысымен. P991042_
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 7-тармағына сәйкес экономикалық өсу мен ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 10 маусымынан бастап мұнай өңдеу саласының шаруашылық жүргізуші субъектілері ұсынатын шикі мұнайды қайта өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулерге арналған бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп рынокта үстем
жағдайға ие шаруашылық жүргізу субъектілерге шикі мұнайды қайта өңдеу
жөніндегі қызмет көрсетулерге арналған бағаларды уақтылы белгілеуді
және бекітуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Нарбаев Е.