Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді жасасу туралы қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасы
Үкіметінің арасында халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім
жасалсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм
министрі Серік Мінуарұлы Бүркітбаевқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің
атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасы Үкіметінің
арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді жасасуға
өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.