Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1339 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қоса беріліп отырған "Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы" Нұсқаулық бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегі жәрдемақыларды
жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың
және төлеудiң тәртiбi туралы
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық әлеуметтiк жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындау және төлеу процесiнде қалыптасқан қатынастарды реттейдi.
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.07. N
707
қаулысымен.
1. Жұмыс берушi осы Нұсқаулықта көзделген тәртiппен қызметкерлерге, тиiстi жағдайларда олардың отбасы мүшелерiне өз қаражаты есебiнен:
жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша;
жүктiлiгi және босануы бойынша әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар беруге мiндеттi.
2. Әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерге оның жұмыс iстейтiн орны бойынша тағайындалады және төленедi. <*>
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.04. N
1278
қаулысымен.
3. Жұмыс берушi аталған жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар науқастануға (жарақаттану), протез салдыруға, жүктiлiгiн жасанды жолмен тоқтатуға, отбасының науқастанып қалған мүшесiне күтiм жасауға, карантинге байланысты, туберкулезге немесе кәсiби ауруға шалдығуына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысқан кезде және басқа жағдайларда жұмысқа уақытша жарамсыз болған жағдайда тағайындалады және төленедi.
5. Белгіленген тәртiппен берiлген жұмысқа жарамсыздық парағы, ол жоғалған жағдайда оның көшiрмесi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындауға және төлеуге негiз болып табылады.
6. Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы еңбекке қабiлетсiздiгi басталған алғашқы күннен бастап еңбекке қабiлетi қалпына келген күнге дейiн немесе халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi мүгедектiгiн белгiлегенге дейiн төленедi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.06.24 N
703
қаулысымен.
7. Жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақылар жұмыс iстейтiн азаматтарға заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысы есебiнен төленедi. Бұл ретте жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақының мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiш шамасынан аспауы тиiс. <*>
Нақты қызметкердiң айлық жәрдемақысының мөлшерi оның орташа күндiк жалақысын жұмысқа уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын күндер санына көбейту жолымен айқындалады.
Егер жұмысқа уақытша жарамсыздық алдыңғы тоқсанда басталып, ағымдағы тоқсанда аяқталатын болса онда жәрдемақы мен оның мөлшерiнiң айлық шектелуi тоқсанға тиiстi есептiк көрсеткiш қолданыла отырып, екi бөлiнiп жүргiзiледi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.04. N
1278
қаулысымен.
8. Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысында болған кезiнде жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшiн есептелмейдi. Егер қызметкердiң жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейiн де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кiрiсуге тиiстi күннен бастап есептеледі. <*>
Жұмысқа уақытша жарамсыздық басталған жағдайда жалақы төленбейтiн демалыс кезеңiнде жәрдемақы төленбейдi. Егер жұмысқа жарамсыздық жалақы төленбейтiн демалыс аяқталғаннан кейiн де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кiрiсуге тиiс күннен бастап берiледi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.04. N
1278
қаулысымен.
9. Жұмыс iстейтiн Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерi мен соларға теңестiрiлген адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке қабiлетiн жоғалтқан алғашқы күннен бастап орташа айлық жалақысының жүз процентi мөлшерiнде төленедi. <*>
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.04. N
1278
қаулысымен.
10. Қызметкердiң еңбекте мертiгуiне немесе кәсiби науқастануына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны жұмыс берушi еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектiгi белгiленгенге дейiн орташа жалақысының жүз процентi мөлшерiнде төлейдi.
11. Қызметкердi протез-ортопедия ұйымының стационарына жатқызған жағдайда жәрдемақы оның стационарда болған барлық уақытына және стационарға бару-қайту уақытына, бiрақ 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа берiледi.
12. Отбасының науқастанып қалған мүшесiне күтiм жасау үшiн демалыста болған кезде, егер науқастанған адамға күтiм жасамау оның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн болса және айғақтамасы бойынша науқасты ауруханаға жатқызу мүмкiн болмаса, ал отбасы мүшелерi арасында оған күтiм жасай алатын адам табылмаса, жәрдемақы жалпы негiздерде берiледi.
13. 2 жасқа дейiнгi бала науқастанып қалған жағдайда апасына жәрдемақы отбасының сырқаттанған балаға күтiм жасай алатын басқа мүшесi бары-жоғына қарамастан берiледi.
14. Кезектi немесе қосымша демалыста, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмысшыға немесе қызметшiге отбасының науқастанып қалған мүшесiне күтiм жасау бойынша жәрдемақы берiлмейдi.
15. Қызметкердi жұмысқа қайта алған жағдайда босатылуының дұрыстығы туралы даудың кезiндегi оның жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақысы оны алуға құқығы пайда болған бiрiншi күннен бастап төленедi.
16. Әскери жаттығу немесе тексеруге жинау, не оқу орындарында өндiрiстен қол үзбей оқуға байланысты берiлген қосымша демалыс кезiнде жұмысқа уақытша жарамсыздық пайда болған жағдайда, жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы, жұмысқа уақытша жарамсыздық басталған алғашқы күннен бастап жоғарыда аталған кезең аяқталғанға дейiн төленедi.
17. Қызметкер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жұмыстан (лауазымнан) шығарылған кезде жұмысқа уақытша жарамсыздық пайда болған жағдайда жәрдемақы төленбейдi. Егер жұмысқа уақытша жарамсыздық жұмысқа жiберiлгеннен кейiн де жалғасатын болса, жәрдемақы еңбекке қабiлетiнен айрылған алғашқы күннен бастап төленедi.
18. Қызметкерлердi заңдарда белгiленген жағдайларда ұдайы медициналық тексеруден өткiзу уақыты үшiн жәрдемақылар төленбейдi.
18-1. Дипломатиялық қызметтiң персоналы шетелде болған кезеңiнде науқастанған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнiнде:
1) ұлттық валютада - науқастанған барлық уақыты iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде;
2) шетелдiк валютада - шетелдiк валютадағы орташа айлық жалақысының есебiнен, бiрақ екi айдан артық емес мерзiмге жәрдемақы алады.
Егер ауруы екi айдан артыққа созылса және денсаулығының жағдайы бойынша науқас Қазақстан Республикасына жол жүре алмаса (көлiк қиындығын көтере алмаса), онда уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнiндегi жәрдемақы шетелдiк валютада, оның емдеу мекемесiнде болған барлық уақыты үшiн, Қазақстан Республикасына эвакуациялау мүмкiндiгi туралы дәрiгерлердiң шешiмi шыққанға дейiн төленедi.
Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.
N 23
қаулысымен.
19. Жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақылар:
жұмысқа уақытша жарамсыздығы қылмыс жасаған кезде алған жарақаттың салдарынан болған қызметкерлерге;
қызметкердiң соттың шешiмiмен мәжбүрлi емделу уақытына (жүйке ауруларынан басқа);
қызметкердiң кiнәсi анықталған жағдайда, оның тұтқында отырған уақытына және сот-медициналық сараптау уақытына;
қызметкердiң алкогольдi, есiрткiнi және уытты заттарды пайдалануы салдарынан болған ауруына немесе жарақатына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздығына төленбейдi.
3. Жүктiлiгi және босануы бойынша жәрдемақылар
20. Жүктiлiгi және босануы бойынша жәрдемақылар, сондай-ақ тiкелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жәрдемақылар жүктiлiгi және босануы бойынша демалыстың немесе бала асырап алған күннен бастап бала туған күннен алпыс алты күн өткенге дейiнгi демалыстың барлық кезеңiне заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысы мөлшерiнде төленедi. <*>
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.04. N
1278
қаулысымен.
21. Жұмыс iстейтiн әйелдерге жүктiлiгi және босануы бойынша жәрдемақылар бүкiл демалыс уақытына төленедi. Жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыс күндерi босанудан кейiнгi күндерге қосылып 126 күнтiзбелiк күндi құрайды және жәрдемақылар бiр жолға төленедi. Босануы қиын болған немесе бiрден екi және одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақылар 140 күнтiзбелiк күнге төленедi.
Ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктiлiгi және босануы бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар қалыпты босанғанда 170 күнтiзбелiк күн үшiн, ал босануы ауыр болғанда немесе екi және одан да көп бала туғанда 184 күнтiзбелiк күн үшiн төленедi. <*>
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.04. N
1278
қаулысымен.
22. Бала үш жасқа толғанша оған күтiм жасау үшiн жалақысы сақталмайтын демалыста болып, осы кезең iшiнде жұмысқа шықпай босанып қалған әйелдерге жәрдемақылар, төленбейдi. Егер жүктiлiгi және босануы бойынша жәрдемақылар алу құқығы балаға үш жасқа толғанша күтiм жасау демалысы кезiнде туындайтын болса, жәрдемақылар жалақысы сақталмайтын демалыс бiткен алғашқы күннен бастап төленедi. <*>
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.04.
N 1278,
2005.07.07.
N 707
қаулыларымен
.
23. Қамауда болған уақытқа, сот-медициналық сараптан өту уақытына, сондай-ақ соттың айқындауы бойынша мәжбүрлi емдеу уақытына (жүйке ауруларынан басқа) жүктiлiгi және босануы бойынша жәрдемақылар төленбейдi.
24. Жұмысқа қайта алынған жағдайда жұмыстан босатудың дұрыстығы туралы дау кезiндегi, жүктiлiгi және босануы бойынша жәрдемақылар жәрдемақы алу құқығы пайда болған күннен бастап төленедi.
4. Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегі
жәрдемақыларды жұмыс берушінiң қаражаты есебiнен
тағайындаудың және төлеудің тәртiбi
25. Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар оларды алу құқығы пайда болған күннен бастап және жұмысқа уақытша жарамсыздық, жүктiлiк және босану фактiлерiн куәландыратын тиiстi құжаттардың тапсырылуы бойынша тағайындалады.
26. Негiзгi жұмыс орнындағы жалақысы толық немесе iшiнара сақтала отырып басқа ұйымда жұмыс iстеу үшiн жiберiлген қызметкерлерге осы кезеңде туындаған, жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы, аталған жұмысқа ауыстырылғанға дейiнгi заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысы есебінен төленедi. Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеу негізгi жұмыс орны бойынша жүргiзiледi. <*>
Маусымдық жұмыс iстейтiн қызметкерлерге, үй шаруасымен айналысатындар мен үйге жұмыс алып iстейтiн қызметкерлерге жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы, егер жеке еңбек шартында өзгеше айтылмаса, осы нұсқаулыққа сәйкес тағайындалады және төленеді. <*>
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.04. N
1278
қаулысымен.
27. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру курсының тыңдаушыларына жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы, егер оларды курсқа ұйым жiберген болса және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақы тағайындалатын және төленетiн олардың жалақысы сақталған болса, жұмыс орны бойынша төленедi.
28. Өндiрiстiк практика кезiнде ақылы жұмыс орындарына немесе лауазымдарға алынған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерiне, колледждердiң, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларына практика кезiндегi жұмысқа уақытша жарамсыздық күндерi немесе жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс үшiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар практикадан өтiп жүрген жерi бойынша төленедi.
29. Қызметкердiң еңбекте мертiгуi немесе кәсiби науқастануы салдарынан жұмысқа уақытша жарамсыздық пайда болған кезде жәрдемақы қызметкердiң өндiрiсте мертiгуi немесе денсаулығына өзгедей зақым келуi туралы актiсi болған жағдайда тағайындалады.
30. Қызметкерлер жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын жұмысқа жарамсыздығы бiткесiн жұмысқа шыққан күнi жұмыс берушiге тапсырады. Жұмысқа уақытша жарамсыздық парағы жұмысқа жарамсыздық жалғаса беретiн жағдайда да төлеуге тапсырылуы мүмкiн.
Жұмыс берушi жұмысқа жарамсыздық парағының бөлiмдерiне қажеттi белгiлер қояды.
31. Жәрдемақы төлеу үшiн тапсырылған жұмысқа жарамсыздық парағы мен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында ақша құжаттарымен бiрдей сақталады.
32. Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар жалақы төлеу үшiн белгiленген мерзiмдерде төленедi.
33. Қызметкердiң қайтыс болуы себебiнен алынбаған жәрдемақылар отбасының бiрге тұратын мүшелерiне, не марқұмның асырауындағы адамдарға, олар болмаған жағдайда жерлеудi өз мiндетiне алған адамдарға төленедi.