Минералды тыңайтқыштардың экспорттық өндірісін сауықтыру және Маңғыстау облысында тұтыну себетінің құнын төмендету мақсатында, "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жергілікті атқарушы органдардың жиынтық қарыз алу лимиті шегінде 400,0 (төрт жүз) миллион теңге көлемінде заңдармен белгіленген тәртіпке сәйкес облигациялық заем шығару арқылы Маңғыстау облысының инвестициялық жобаларын іске асыруға қазақстандық қор рыногындағы қаржылық қаражатты қарызға алу туралы Маңғыстау облысы әкімінің ұсынысымен келісілсін.
2. Маңғыстау облысының әкімі:
1) Маңғыстау облысының облигацияларын 400,0 (төрт жүз) миллион теңге көлемінде шығарудың шарттарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне келісуге ұсынсын;
2) жергілікті бюджеттің қаражатынан облигациялар шығаруды,
орналастыруды, оларға қызмет көрсету мен өтеуді келісілген шарттарға
сәйкес қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органының облигацияларын
шығарудың шарттарын келісуді жүзеге асырсын;
2) мемлекеттік борышты басқару шеңберінде Маңғыстау облысы жергілікті
атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, оларға қызмет
көрсетудің және өтеудің мониторингін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.