1. 1996 жылы 26 сәуірде Бухарест қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Румыния Зерттеулер және технология министрлігінің арасындағы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі румын жағын Үкімет қабылдаған шешім туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы мен Румынияның Зерттеу және технология Министрлiгi арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Келісім Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы мен Румынияның Зерттеу және технология Министрлiгi бұдан былай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады, төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң, ережелерiне және әрбiр мемлекетте қолданылып жүрген заңдарға сәйкес теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде ғылым мен техника саласында ынтымақтастықты қолдап, дамытады.
2-бап
Осы Келiсiмнiң 1-бабында көзделген ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында Уағдаласушы Тараптар төте байланыстар орнатуда мүдделi румын және қазақстан ұйымдары мен мекемелерiн қолдап, ынтымақтастықтың нақты бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асырудың шарттарын, қаржыландыру тәсiлдерiн, сондай-ақ басқа да қажеттi мәселелердi анықтайды.
Уағдаласушы Тараптар, өзара келiскен жағдайда, осы Келiсiмнiң шеңберiнде атқарылатын шараларды жүзеге асыруға қатысу үшiн үшiншi мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың өкiлдерiн шақыруына болады.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар ғылым мен техниканың өзара мүдделi болып табылатын саласында, осы Келiсiмнiң 1-бабында көзделгендей, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға атсалысады.
4-бап
Румын және Қазақстан ұйымдары арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық мына төмендегiдей нысандарда жүзеге асырылуы мүмкiн:
- бiрлескен зерттеу жобалары, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар және олардың нәтижелерiн алмасу;
- ғалымдар мен мамандар алмасу;
- бiрлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, көрмелер және басқа да шаралар;
- ғылыми, ғылыми-техникалық ақпарат және құжаттама алмасу;
- өзара мүдделi болып табылатын салаларда бiрлескен ғылыми-техникалық лабораториялар мен зерттеу ұжымдарын құру.
Аталған Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес өзара уағдаластық негiзiнде
ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың басқа да нысандары пайдаланылуы мүмкiн. 5-бап 1. Осы Келiсiмнiң орындалуына атсалысу мақсатында Уағдаласушы Тараптар Ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерi бойынша Тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерi бойынша Бiрлескен комиссия құрады; 2. Бiрлескен Комиссия өз мәжiлiстерiн, әдетте, әрi кеткенде екi жылда бiр рет, елдердiң әрқайсысында алма-кезек өткiзiп тұрады, бiрақ кезектен тыс мәжiлiстерiн қажет деп тапқан уақытта өткiзедi; 3. Бiрлескен комиссияның мiндеттерi мыналар: а) ынтымақтастықтың басым бағыттарын келiсу; б) осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн қолайлы жағдайлар жасау; в) бiрлескен бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуына атсалысып, оларды қолдау; г) ынтымақтастықты дамыту туралы соны ұсыныстарды қарап, жүзеге асыру негiзiнде екi жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың келешегi мен стратегиясын айқындау; 4. Комиссия өз қызметiн ұйымдастыру үшiн өз қызметiнiң Тәртiбiн әзiрлеп, бекiтедi. 6-бап Осы Келiсiмнiң орындалуына және румын және қазақстан ұйымдары арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық жүзеге асырылуына байланысты қаржы шығындары: - бағыттаушы Уағдаласушы Тараптың есебiнен; - валютасыз баламалы алмасу негiзiнде; - арнайы уағдаластықтардан туындайтын басқа да жағдайлар негiзiнде жұмсалуы мүмкiн. 7-бап
Осы Келiсiмнiң шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың барысында алынған өзге де ақпараттар сияқты, ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелердi де көпшiлiкке мәлiм ету үшiн таратуға, жариялауға немесе сауда-саттық мақсаттарына пайдалануға болады, бұл үшiн міндеттi түрде Тараптардың өзара келiсiмi, олардың әрбiр мемлекеттер қолданылып жүрген заңдарға, сол сияқты санаткерлiк меншiкке жататын халықаралық ережелерге сәйкес болуы қажет.
8-бап
Аталған Келiсiмнiң ережелерi Уағдаласушы Тараптардың олар мен басқа елдер арасында жасалған келiсiмдерi мен шарттарынан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.
9-бап
Уағдаласушы Тараптардың осы Келiсiм күшiне кiруi үшiн қажет тиiстi үрдiстердi орындайтынын айғақтаушы ақтық жазбаша хабары алынған күннен бастап аталған Келiсiм күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданылатын болады және Уағдаласушы тараптардың бiрде-бiреуi оның күшiн жою жөнiнде жазбаша хабардар етпеген жағдайда өзiнен-өзi кезектi бiр жыл мерзiмге ұзартылады. Келiсiмнiң күшiн жою туралы жазбаша хабар алынғаннан соң алты ай өтісімен оның қолданылуы тоқтатылады.
Осы келісімнің қолданылуын тоқтатуы аталған Келісімге сәйкес
жасалған, оларды жүзеге асыру келісілген шарттар негізінде жалғастырыла беретін жобаларды іске асыруға әсерін тигізбейді. Бухарест қаласында, 1996 жылғы 26 сәуірде екі дана болып әрқайсысы қазақ, румын және орыс тілдерінде жасалды, және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Мағыналық жағынан әртүрлі түсінік туған жағдайда орыс тілінде жазылған нұсқа дұрыс деп есептелінеді. Қазақстан Республикасының Румынияның зерттеу және Ғылым Министрлігі - Академиясы технология Министрлігі үшін үшін Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.