Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму
Банкі арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Заем туралы
келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы
Заңы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту
және Даму Банкі арасындағы (Жол көлігі саласын қайта
құрылымдау жобасы) Заем туралы келісімді бекіту туралы
Америка Құрамы Штаттары, Колумбия округінде қол қойылған Қазақстан
Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкі арасындағы (Жол
көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Заем туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Заемның нөмірі 4437
KZ
1999 жылғы 16 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы
мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы
(Жол көлігі құрылымын жаңалау жобасы)
несие келісімі
Заемның нөмірі 4437
KZ
Заемды беру туралы келісім
Қазақстан Республикасы ("Заемшы") мен Халықаралық Қайта Құру және
Даму
Банкі ("Банк") арасындағы 1999 жылғы 16 сәуірдегі Келісім.
(А) Заемшының сипаттамасы осы Келісімнің 2-Қосымшасында келтірілген
Жобаның жүзеге асырылатындығына және басымдылығына көзі жеткендігін,
Банкке Жобаны қаржыландыруға көмек көрсету туралы өтініш жасағанын
Назарға ала отырып; және
(В) Банк Заемшыға осы Келісімде жазылған шарттар мен ережелерде, атап
айтқанда жоғарыда аталғанның негізінде Заемшыға заем беруге келісім
бергендігін
Назарға ала отырып;
Тараптар жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, төмендегі туралы
келіседі:
I бап
Жалпы шарттар; Анықтамалар
1.01-бөлім
Банктің 1995 жылғы 30 мамырдағы "Заем туралы келісімдерге қолданылатын жалпы шарттар және заем бойынша бірыңғай валютада кепілдіктер беруі" (1997 жылғы 2 желтоқсанға дейін енгізілген түзетулерімен) (жалпы шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02-бөлім
Анықтамасы Жалпы шарттарда және осы Келісімге Кіріспе тарауда берілетін кейбір терминдердің контексте өзгеше ұғынылатын жағдайларын қоспағанда, осында жазылған тиісті мәндері бар және мынадай қосымша терминдері мынадай мәндерге ие:
(а) "ИЖБ" Заемшының РМЖК-ның құрамында құрған Инвестициялық жобаларын басқаруды білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды;
(b) "АЖД" Заемшының ККМ-ның құрамында құрған Автомобиль жолдары департаментін білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды;
(с) "АЖКД" Заемшының ККМ-ның құрамындағы Автомобиль жол көлігі департаментін білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды;
(d) "ҚМ" Заемшының Қаржы министрлігін білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды;
(e) "ККМ" Заемшының Көлік және коммуникациялар министрлігін білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды;
(f) "ЖЖТ" осы Келісімге 5-қосымшаның 2-тармағында айтылатын Жобаны жүзеге асыру жөніндегі топты білдіреді;
(q) "Жобаны әзірлеуге арналған несие" 1996 жылғы 27 қыркүйекте Банк қол қойған және Заемшының 1996 жылғы 18 қарашадағы қолымен бекітілген хат алмасуларына және 1998 жылғы 23 қыркүйекте Банк қол қойған және 1998 жылғы 23 желтоқсанда Заемшының қолымен бекітілген хат алмасуына сәйкес Банктің Заемшыға беретін Жобаны әзірлеуге арналған несиесін білдіреді;
(h) "РМЖК" Заемшының Республикалық мемлекеттік жол кәсіпорнын
білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық
мұрагерлерін қамтиды;
(i) "Арнаулы шот" осы Келісімнің 2.02 (b) бөлімінде айтылатын шотты
білдіреді;
(j) "ЖТ" осы Келісімге 5-қосымшаның 3-тармағында айтылатын Жұмыс
тобын білдіреді, ол кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық
мұрагерлерін қамтиды.
II бап
Заем
2.01-бөлім
Банк Заемшыға жазылған шарттар мен ережелерде, немесе бұл туралы Заем беру туралы келісімде айтылатын жүз миллион АҚШ долларына тең соманы (100.000 000 АҚШ доллары) беруге келісім береді.
2.02-бөлім
(a) Заем сомасы Заем беру туралы осы Келісімнің 1-қосымшасының ережелеріне сәйкес Жобаны жүзеге асыру үшін қажет осы Келісімнің 2-қосымшасында сипатталған оны қаржыландыру заемдық қаражаттан жүргізілетін тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге шеккен шығыстары үшін (немесе Банктің келісімі бойынша - алдағы шығыстар үшін), сондай-ақ Заем бойынша проценттер мен өзге де төлемдерге қатысты несие шотынан алынуы мүмкін.
(b) Заемшы Жобаның мақсаты үшін - есептесуден, мүлікті тұтқындаудан немесе оны борыш үшін ұстап қалудан тиісті қорғануды қоса алғанда Банк үшін қолданымды шарттар мен ережелерде, коммерциялық банкте АҚШ долларында арнаулы депозит шотын ашып, оны жүргізе алады. Арнаулы шотқа салымдар мен одан төлемдер төлеу осы Келісімге 6-қосымшаның ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
(c) Банк Заемды орналастыру басталған күннен кейін бірден Заемшының атынан Жобаны әзірлеуге арналған, белгілі бір күнде алынған және төленбеген негізгі соманы өтеу үшін және ол бойынша барлық төленбеген алымдарды төлеу үшін қажетті соманы несие шотынан алады және оны өзіне өзі төлейді. Бұдан соң Жобаны әзірлеуге арналған несиенің рұқсат етілген сомасының алынбаған қалдығы жойылады.
2.03-бөлім
Жабу күні 2004 жылдың 31 желтоқсаны болып табылады немесе одан анағұрлым кеш мерзімді Банк белгілейді. Банк осы анағұрлым кеш мерзім туралы дереу Заемшыны құлақтандырады.
2.04-бөлім
Заемшы Банкке Заем сомасының бір процентіне (1%) тең сомада комиссиялық алым төлейді. Заемның орналастырылған күнінің басында немесе бірден содан кейін Банк Заемшының атынан жоғарыда аталған алымның сомасын несие шотынан алады және өзіне өзі төлейді.
2.05-бөлім
Заемшы Банкке Заемның негізгі сомасы бойынша жылына ұдайы алынбайтын бір проценттің төрттен үшін құрайтын (3/4 1%) ставка бойынша кредит беру міндеттемесі үшін комиссиялық алым төлейді.
2.06-бөлім
(a) Заемшы Заемның негізгі сомасы бойынша әрбір проценттік кезең үшін евровалютада берілетін қысқа мерзімді кредиттер бойынша Базистік Лондон банкаралық ставкасына тең ставка бойынша мерзім сайын алынатын және төленбейтін проценттерді және бұған қоса Лондон банкаралық ставкасымен айырманы төлейді.
(b) Осы бөлімде:
(i) "Проценттік кезең" осы Келісім, күшіне енген күнінен бастап проценттерді төлеудің бірінші кезеңіне дейінгі бастапқы кезеңді, және бастапқы кезеңнен кейін - проценттерді төлеудің келесі датасын қоса алғанда, проценттерді төлеу күнінен бастап, бірақ ол қосылмайтын әрбір кезеңді білдіреді.
(ii) "Проценттерді төлеудің датасы" осы Келісімнің 2.07-бөлімінде көрсетілген кез келген датаны білдіреді.
(iii) "Валюталық мәмілелердің Лондондық банкаралық рыногының базистік ставкасы" әрбір проценттік кезеңге қатысты АҚШ долларындағы жартыжылдық депозиттер бойынша, белгіленген проценттік кезеңнің бірінші күніндегі бағалау бойынша (немесе, бастапқы проценттік кезең жағдайында, проценттерді төлеу күніндегі немесе айқындалған проценттік кезеңнің бірінші күнінен кейінгі күндегі бағалау бойынша) валюталық мәмілелердің Лондондық банкаралық рыногы ұсынатын және Банк белгілеген және жыл сайынғы проценттік аударымдар ретіндегі ставканы білдіреді.
(iv) "Лондондық банкаралық рыноктың проценттік ставкаларының арасындағы айырма" әрбір проценттік кезеңге қатысты мыналарды білдіреді:
(A) бір проценттің төрттен үші (1%-тен 3/4);
(B) төленбеген банктік Заемдарға қатысты немесе Лондондық банкаралық валюталық мәмілелер рыногы ұсынатын ставкалардан төмен (немесе жоғары) болып бір проценттік кеден немесе Банктің заемдарды қаржыландыру үшін бірыңғай валютада бөлетін олардың үлестеріне немесе Заемды қамтитын олардың үлестеріне қатысты жартыжылдық депозиттер бойынша өзге де бақылаулық ставкалар үшін; Банк белгілеген және жыл сайынғы проценттік аударымдар ретіндегі минус (немесе плюс) орташа есептелген маржа;
(C) Банк Заемшының назарына Лондондық банкаралық рыноктың Базистік ставкасы және оларды айқындаған соң бірден әрбір проценттік кезең үшін Лондондық банкаралық рыноктың ставкаларының арасындағы Айырмалар туралы ақпаратты жеткізуі тиіс.
(D) Осы 2.06-бөлімде айтылатын проценттік ставкаларды айқындауға ықпал ететін нарықтық практикадағы өзгерістер тұрғысында әрбір ретте Банк тұтастай алғанда өзінің Заемшыларының және Банктің мүдделері үшін белгілейді және жоғарыда аталған Бөлімде берілгеннен ерекшелігі бар заемға қолданылатын проценттік ставкаларды айқындау үшін қолданылатын негізгі құлақтандырмаса, Банк заемға қолданылатын проценттік ставкаларды айқындау үшін Заемшыны жаңа негіз туралы алты айдан (6) кешіктірмей құлақтандырып, негізді өзгерте алады. Негіз егер Заемшы Банкке жоғарыда аталған уақыт аралығының ішінде мұндай негізге өзінің қарсы екендігі туралы наразылығын негізді құлақтандыру үшін мерзімнің өтуі бойынша қолдануға ие болады, онда жоғарыда аталған өзгеріс Заемға қолданылмайды.
2.07-бөлім
Проценттер мен өзге де алымдар жарты жылда 15 наурызда және әрбір жылы 15 қыркүйекте бір рет төленуге жатады.
2.08-бөлім
Заемшы заемның негізгі сомасын заемды өтеудің осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген кестесіне сәйкес бөліп-бөліп өтейді.
III бап
Жобаны атқару
3.01-бөлім
(а) Заемшы осы Келісімнің 2-қосымшасында жазылған Жобаның міндеттері бойынша өзінің міндеттемелері туралы хабарлайды және Жобаның А, В, С және Е тарауларын ИЖБ және ЖЖТ арқылы, Жобаның D тарауын ЖТ арқылы, әкімшілік, қаржы, инженерлік, қоршаған ортаны қорғауға және техникалық практикаға сәйкестікте орындайды және қажет болуына қарай Жоба үшін керек құралдармен, объектілермен, қызмет көрсетулермен және өзге де ресурстармен қамтамасыз етеді.
(b) Заемшы мен Банк өзге келісімге келген жағдайларды қоспағанда Заемшы осы Жобаны Бөлімнің (а) тармағының ережелері бойынша шек қоюсыз жүзеге асырады және Жобаның А, В және С тарауларын ИЖБ және ЖЖТ арқылы Жобаның D бөлімін - осы Келісімнің 5-қосымшасында жазылған орындау Бағдарламасына сәйкес ЖТ арқылы орындайды.
3.02-бөлім
Жоба үшін қажетті және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды сатып алу, жұмыстар мен консультанттардың қызмет көрсетулерін қамтамасыз ету Банк өзге шешім қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осы Келісімге 4-қосымшаның ережелерімен реттеледі.
3.03-бөлім
Заемшы Жалпы шарттардың 9.08-бөлімінің мақсаты үшін және ол бойынша шек қоюсыз:
(а) Банк үшін қабылданымды ережелердің негізінде, Банкке жабу датасынан кейін Жобаның міндеттерін тұрақты орындауды қамтамасыз етуге арналған жоспарды әзірлейді немесе Банкке алты (6) айдан кешіктірмей Заемшы мен Банктің арасында осы мақсат үшін келісілуі мүмкін анағұрлым кешірек мерзімде ұсынады; және
(b) Банкке жоғарыда аталған жоспар бойынша Заемшымен пікірлер алмасу мүмкіншілігін береді.
3.04-бөлім
Заемшы тиісті түрде қаржыландыруды қамтамасыз етуді қоса алғанда өзінің мемлекеттік, мемлекетаралық және аймақтық (облыстық) жол желілерін қанағаттанарлық ұстауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және өзінің мемлекеттік және мемлекетаралық жолдарының желілерін ұстауға және қайта жаңартуға АҚШ долларымен есептегенде 1999-шы күнтізбелік жылда 100 000 000-нан кем емес, 2000-шы күнтізбелік жылда 125 000 000-нан кем емес және 2001-шы күнтізбелік жылда 150 000 000-нан кем емес қаражат жұмсайды.
3.05-бөлім
Заемшы:
(a) 2000 жылдың 31 наурызында Банк үшін қабылданымды өкілеттіктерінің шеңберін, жолдарды пайдаланушылармен алымдардың жүйесін қарауы және Банкпен осы талдаудың нәтижелерін талқылауы; және
(b) 2000 жылдың 30 қыркүйегіне қарай барлық осы секілді алымдардың сомасы жолдарды пайдалануға кететін шағындардың кем дегенде 75%-ін құрауы және ол автомобильдер мен автобус иелерінің есебіне жатқызылуы, ал 2002 жылдың 30 қыркүйегіне қарай - мұндай шығындар 100% болуы үшін жүк автомобильдері мен автобустардың иелерінен алымдарды бірте-бірте өсіруі тиіс.
IV бап
Заемшы кейбір қаржылық көрсеткіштерді қолдауға
міндеттейін шарттың талаптары
4.01-бөлім
(а) Заемшы есеп құжаттары мен шоттарын қоса алғанда қаржы қызметін басқару жүйесін жүргізеді немесе жүргізуді қамтамасыз етеді, Банк үшін қабылданымды, жобаға байланысты операцияларды, қаражат пен шығыстарды көрсету бойынша талаптарға жауап беретін нысанда қаржы есептерін дайындайды.
(b) Заемшы:
(i) есеп құжаттарын, шоттарды жүргізеді және осы Бөлімнің (а) тармағында айтылатын қаржы есептерін және Банк үшін қабылданымды аудитті жүргізудің тиісті стандарттарына сәйкес, Банк үшін қабылданымды тәуелсіз аудиторлар ұдайы қолданатын аудит жүргізілген әрбір қаржы жылы бойынша есеп құжаттары мен арнайы шоттар бойынша шоттарды дайындайды;
(ii) Банкке мүмкіндігіне қарай ерте, бірақ қалай болған күнде де әрбір осындай жыл аяқталған соң алты айдан кешіктірмей:
(A) талдау жүргізілген әрбір осындай жыл бойынша осы Бөлімнің (а) тармағында айтылатын қаржы есептерінің куәландырылған көшірмелерін, және
(B) Осындай есептер, есеп құжаттары мен шоттары бойынша қорытындыны және жоғарыда аталған аудиторлар, Банк негізді сұрау салатын көлемдер және егжей-текжейде аудит жүргізілген осы секілді есепті ұсынады және
(iii) Банкке Банк мерзім сайын негізді сұрайтын осындай есеп құжаттары мен шоттарына, олардың аудитіне және жоғарыда аталған аудиторларға қатысты кез келген басқа ақпаратты ұсынады.
(с) Шығыстар туралы есептердің негізінде несие шотынан қаражатты алу жүргізілген барлық шығыстар бойынша Заемшы:
(i) осы Бөлімнің (а) тармағына сәйкес осындай шығыстарды көрсететін есеп құжаттары мен арнаулы шоттарды жүргізеді немесе жүргізілуін қамтамасыз етеді;
(ii) Банк есеп шотынан қаражатты соңғы алу жүргізілген қаржы жылы үшін аудиторлық есепті алған соң осындай шығыстарды растайтын барлық есеп құжаттарын (келісімшарттар, тапсырмалар, шот-фактуралар, жүктеме қағаздар, түбіршектер және өзге де құжаттар), кемінде бір жыл бойы сақтайды;
Банк өкілдеріне есеп құжаттарын зерделеуі үшін жағдай жасайды; және
(iv) осы есеп құжаттары мен шоттарын осы Бөлімнің (b) тармағында айтылатын жылдық аудитке енгізуді және мұндай аудит туралы қаржылық жылдың ішінде ұсынылған шығыстар туралы есептердің негізінде шоттардың қаражатты алуды қамтамасыз етуге болатын-болмайтындығы туралы жоғарыда аталған аудиторлар енгізген қорытындының, оларды дайындаудағы рәсімдер мен ішкі бақылаудың болуын қамтамасыз етеді.
V бап
Келісімнің күшіне ену датасы;
келісімінің қолданылуының тоқтатылуы
5.01-бөлім
Мынадай жағдайлар:
(a) осы Келісімнің 4.01 (a) бөлімінде айтылатын ЖЖТ-да құрылған қаржы қызметін басқару жүйесі;
(b) Осы Келісімнің 4.01 (b)(i) бөлімінде айтылатын осы Келісімнің
4.01 (b)(i) бөліміне сәйкес Жобаны жүзеге асыру уақытында бірінші қаржы жылы үшін аудит жүргізуге тағайындалған аудиторлар; және
(c) осы Келісімнің 5-қосымшасының 2-тармағына сәйкес құрылған ЖЖТ Жалпы шарттардың 12.01 (c) Бөлімінің мәнінде Заем туралы Келісім күшіне енуі үшін қосымша шарттар ретінде айқындалады.
5.02-бөлім
Жалпы шарттардың 12.04-бөлімінің мақсаты үшін осымен осы Келісімнің датасынан кейін тоқсан (90) күннен кейін басталатын дата белгіленеді.
VI бап
Заемшының өкілдері; Мекен-жайлары
6.01-бөлім
Заемшының сонымен бір мезгілде қаржы үшін жауапты Министрі Жалпы шарттардың 11.03-бөлімінің мақсаты үшін Заемшының өкілі ретінде тағайындалады.
6.02-бөлім
Жалпы шарттардың 11.01-бөлімінің мақсаты үшін мынадай мекен-жайлар
көрсетіледі:
Заемшының мекен-жайы:
Ministry of Finance Қаржы министрлігі
60 Republic Avenue Республика даңғылы, 60
473000, Astana 473000, Астана
Republic of Kazakhstan Қазақстан Республикасы
Cable аdrеss: Телеграфтың мекен-жайы:
Теlех: 264126 (FILIN) Телекс: 264126 (FILIN)
Банктің мекен-жайы:
International Bank for Халықаралық Қайта құру
Reconstruction және Даму Банкі
and Development 1818 Н көшесі, Солтүстік
1818 H Strееt, N.W. Батыс Вашингтон
Wаshingtоn, D.С. 20433 Колумбия Округі 20433
United States of America Америка Құрама Штаттары
Cable аdrеss: Телеграфтың мекен-жайы:
INTBAFRAD INTBAFRAD
Wаshingtоn, D.С. Wаshingtоn, D.С.
Теlех: 248403 (MCI) or Телекс: 248423 (MCI) немесе
64145 (MCI) 64145 (MCI)
Осыны куәландыру үшін осы Келісімнің тараптары өздерінің тиісті
түрдегі уәкілеттік берілген өкілдері арқылы жоғарыда аталған күн мен жылда
Америка Құрама Штаттарының Колумбия округінде өздерінің аттарынан осы
Келісімге қол қоюды қамтамасыз етті.
Қазақстан Республикасы
Б.Нұрғалиев
Ресми Өкіл
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
Ф.Кинг
Еуропа және Орталық Азия
Аймағы бойынша
қызмет істеп отырған
вице-президент
1-қосымша
Заем қаражатын алу
1. Төменде келтірілген кестеде заем қаражатынан қаржыландырылатын
баптардың санаттары, әрбір санат бойынша заем сомаларының бөлінуі және
қаржыландырылуға жататын әрбір санаттың баптары бойынша шығыстардың
проценттегі көрінісі берілген.
__________________________________________________________________________
| Санаты |Аударылатын заем сомасы| Қаржыландырылатын
| | (АҚШ долларында) | шығыстар %-пен
|__________________________|_______________________|_______________________
|(1) Инженерлік-құрылыс | | 70%
|жұмысы | |
|(а) Жобаның | |
| A 1-тарауына сәйкес | 61, 800, 000|
|(b) Жобаның | |
| А)2-тарауына сәйкес | 13, 200, 000|
|__________________________|_______________________|_______________________
|2) Консультанттардың | 5, 400, 000| 100%
|қызмет көрсетуі, оқуды | |
|және оқу мақсатымен жол | |
|жүруді қоса алғанда | |
|__________________________|_______________________|_______________________
|3) Тауарлар | |100% шетелдік шығыстар,
| (a) Жобаның В | 5, 200, 000|100% жергілікті
| тарауына сәйкес | |шығыстар (өндірістік
| (a) Жобаның С,Е, және Ғ| 1, 400, 000|жүктеме шығыстар) және
| тарауларына сәйкес | |80% сатып алуы осы
| | |жердің шегінде жүзеге
| | |асырылатын басқа
| | |позициялар бойынша
| | |жергілікті шығыстар
|__________________________|_______________________|_______________________
|(4) Қосымшалар ЖЖТ-ның | 1, 100, 000| 100%
|пайдалану шығындарды | |
|__________________________|_______________________|_______________________
|(5) Қайта қаржыландыру | 1, 100, 000|Осы Келісімнің 2.02 (c)
|Жобаны дайындауға арналған| |бөліміне сәйкес
|несие | |есептелетін сома
|__________________________|_______________________|_______________________
|(6) Комиссиялық алым | 1, 000, 000|Осы Келісімнің
| | |2.04-бөліміне сәйкес
| | |есептелетін сома
|__________________________|_______________________|_______________________
|(7) Бөлінбегені | 9, 800, 000|
|__________________________|_______________________|_______________________
|Жиыны | 100, 000, 000|
|__________________________|_______________________|_______________________
2. Осы Қосымшаның мақсаты үшін:
(a) "шетелдік шығыстар" деген термин Заемшының елінің валютасынан ерекшелігі бар, кез келген елдің валютасындағы Заемшының елін қоспағанда, кез келген елдің аумағынан берілетін немесе көрсетілетін тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды білдіреді;
(b) "жергілікті шығыстар" деген термин Заемшының валютасындағы не Заемшының аумағынан берілетін, не көрсетілетін тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды білдіреді; және
(c) "қосымша пайдалану шығындары" деген термин, Заемшының лауазымды тұлғаларының еңбекақысын қоспағанда, қызметтік үй-жайларды жалға алу, жабдықтар мен материалдардың, коммуналдық қызмет көрсетулердің, оларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету байланыстың құнын, іссапарларға, Жобаның есептерінің аудитіне және ЖЖТ консультанттарының жұмысына арналған шығыстарды қоса алғанда, Жобаны жүзеге асыруға байланысты ЖЖТ шеккен қосымша пайдалану шығындарын, басқаруға, ағымдағы бақылау мен қадағалауға байланысты шығыстарды.
3. 1-тармақта жоғарыда келтірілген ережелерге қарамастан:
(a) осы Келісімнің күшіне енуі датасына дейін;
(b) егер Заемшы және осы Келісімнің 5-қосымшасының 6-тармағына сәйкес Жобаның А.2 тарауына орай қайта жаңарту жұмыстарына қатысты Банк үшін қабылданымдар Заемшы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты экономикалық, техникалық жұмыс деректері мен ақпаратты әзірлемесе (1) (b) санаттар бойынша; және
(c) егер Заемшы Банк үшін қабылданымды техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша осы Келісімнің 5-қосымшасының 4-тармағына сәйкес Алматы - Қарағанды трассасында күнделікті және қысқы кезеңдегі жұмыстарды бағдарламалау, келісімшарттарды жасау және орындау және Банкпен келісім бойынша жабдықты жалға алу жүйесін, рәсімдер мен техникалық санаттарын белгілемесе, (3) (a) санаттар бойынша қаражатты алу жүргізілмейді.
4. Банк:
(a) келісімшарттар бойынша АҚШ долларына есептегенде құны кемінде 200000 құрайтын тауарларға;
(b) келісімшарттар бойынша құны АҚШ долларына есептегенде кемінде 100000 құрайтын - әңгіме құны АҚШ долларына есептегенде кемінде 50 мыңды құрайтын фирмалар мен келісімшарттар туралы болған жағдайда, әңгіме жеке тұлғалар туралы болған жағдайда қызмет көрсетулерге; және
(c) Банк Заемшыны құлақтандырылатын шарттар мен ережелерге сәйкес - ЖЖТ қосымша пайдалану шығындарына арналған шығыстар туралы есептердің негізінде жүргізілген несие шотынан қаражатты алуды талап ете алады.
2-қосымша
Жобаның сипаттамасы
Жобаның мақсаты Заемшыға жұмыс істеп тұрған ішкі секторларды - Қазақстандағы жол және жолды және жол көлігін мейлінше тиімді дамытуға көмек көрсету болып табылады.
Жоба мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін Заемшы мен Банктің келісімі бойынша мезгіл сайын өзгерістер енгізуге жататын мынадай тараулардан тұрады:
А тарауы: мемлекеттік жолдарды қайта жаңарту
1. Жол жабындарын нығайту және қайта жаңартуды, жекелеген учаскелерді жалпы қабылданған ен стандарттарына сәйкес келтіруді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жолдардың геометриясын кейбір шектеулі сипатта жақсартуды, дренаждық қасиеттерді жақсартуды және су жіберетін құбырларды жөндеу мен көпірлерді қайта жаңартуды немесе ауыстыруды қоса алғанда, жалпы ұзындығы шамамен 500 километрді құрайтын мемлекеттік жол желісінің бірқатар жекелеген учаскелерін қайта жаңарту.
2. Жол жабындарын нығайту және қайта жаңартуды, жекелеген учаскелерді жалпы қабылданған ен стандарттарына сәйкес келтіруді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жолдардың геометриясын кейбір шектеулі сипатта жақсартуды, дренаждық қасиеттерді жақсартуды және су жіберетін құбырларды жөндеу мен көпірлерді қайта жаңартуды немесе ауыстыруды және айналма
жолдардың құрылысын салуды қоса алғанда, жылпы ұзындығы шамамен 500
километрді құрайтын Қарағанды және Астана қалаларының арасындағы
мемлекеттік жол желісінің бірқатар жекелеген учаскелерін қайта жаңарту.
3. Мынадай қызмет көрсетулер:
- инженерлік әзірлемелер саласында;
- сатып алуға байланысты; және
- консультациялық
және мемлекеттік жолдарды қайта жаңарту және жолдардағы құрылыс
жұмыстарын қадағалау мәселелері бойынша оқу.
B тарауы: күнделікті техникалық қызмет көрсетуді және
ағымдағы жөндеуді жақсарту
Күнделікті техникалық қызметті көрсетуді және ағымдағы жөндеуді жақсарту үшін жабдықтар мен босалқы бөлшектерді беру арқылы Қазақстан кәсіпорындарының техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі функционалдық мүмкіндіктерін арттыру.
С тарауы: институционалдық күшейту
Мынадай шараларды:
(a) жолдардың жай-күйін объективті бағалауға және баламалы шешімдерді экономикалық талдауға негізделген мемлекеттік және аймақтық жол желілері үшін ағымдағы бақылауды жүргізудің сметасы мен әдістерін жасау, жоспарлау әдістерін енгізу, сондай-ақ осындай әдістергі ККМ персоналын және жергілікті мамандарды оқытуды және мемлекеттік және аймақтық (облыстық) бюджеттерді 2001 жылға дайындауды техникалық қамтамасыз етуді;
(b) мемлекеттік және аймақтық жолдардың желілеріне қатысы бар келісімшарттар бойынша орындалатын жол жұмыстарына қадағалау жұмыстарын енгізуді, сондай-ақ ККМ персоналын және осы әдістерге жергілікті мамандарды оқытуды;
(c) осындай мәселелер бойынша саудаластыққа дайындық, келісімшарттың атқарылуын бақылау, шығындардың деңгейін бақылау ретінде қазақстандық мердігерлері үшін оқу бағдарламаларын дайындау, сапаны басқару мен бақылау;
(d) ККМ-ның жоғарыда аталған үш мәселе бойынша оқытудағы мүмкіншілігін арттыру; және
(e) консультациялар, оқулар, оқу сапарларын жүргізу және жолдың жай-күйін, көлік қозғалысын, деректерді өңдеу, жергілікті жерлерде және лабораториялық, қызметтік пайдалануға сынақтар жүргізу арқылы жолдың ішкі секторында ең негізгі Үкіметтік ұйымдардың институционалдық мүмкіндіктерін орнықты арттыру.
D тарауы: жол-көлік заңдары, ережелері мен саясаты
қазіргі заманғы құқықтық-көлік жүйесін әзірлеу және жол ішкі секторын бақылайтын режимді жетілдіру, сондай-ақ оны:
(a) жол және жол көлігі туралы заңдар мен ережелерді, мысалы, халықаралық жүк тасымалдауына арналған көлік құралдарының, көліктің көлемі мен салмағы, жол қозғалысының ережелері, көлік құралдарының жарамдылық және атмосфераға шығарып тастаулар мен автобус маршруттарын - халықаралық және ауылдық жерлерге пайдалану нормалары туралы ережелерді жетілдіру және әзірлеу, сондай-ақ ескірген немесе бір-біріне қайшы ережелерді бірте-бірте алып тастау; (қай жерде қолданымды болса);
(b) олардың сақталуын қамтамасыз ету, бірін-бірі қайталауды және тиімсіз бақылауды болдырмау, мекемелерді нығайту және тұрғындарды барынша толық хабардар етуді қамтамасыз ету бойынша мекемелердің функцияларын түсіндіру және жақсы үйлестіру жолымен заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету туралы қызметті жетілдіру;
(c) жол көлігінің ішкі секторы бойынша деректерді жинау мен өңдеу және оның дамуын байқау; жүйелерін жетілдіру;
(d) жолаушы көлігінің - тәуелсіз автобус станцияларын құру да қоса алғанда халықаралық және ауылдық жердегі саласында неғұрлым бәсекелестік қабілеті бар қызмет көрсетуді дамыту;
(e) консультациялар мен оқыту жүргізу арқылы қамтамасыз ету.
Е тарауы: жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру
Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мыналар кіреді:
(a) жол қозғалысының қауіпсіздігі және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша алдын ала мемлекеттік жоспарды және оларда жалпы сипатта жол қозғалысының қауіпсіздігінің ұлттық саясатының негізгі ерекшеліктері көзделінетін осы секілді жоспарларды дайындау жөніндегі уақытша топтарды құру, басты іс-әрекет жақын арадағы жылдарда қолға алынатын болады; бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерді айқындау;
(b) жол-көлік оқиғалары туралы деректерді жинау мен өңдеуді жетілдіру және оларды тарату (жол учаскелерінің аса қауіпті учаскелерін табу мен талдаудың әдістерін жетілдіруді қоса алғанда);
(c) ең жаңа халықаралық әдістерді қолдана отырып, жол-көлік оқиғаларына егжей-тегжейлі экономикалық бағалау жүргізуді жергілікті мамандарға көмек көрсету және жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері бойынша қазақстандық және халықаралық мекемелердің арасында байланыс орнатуға көмек көрсетуді қоса алғанда, Қазақстанда жол қауіпсіздігі мәселелерін зерделеуді жандандыру;
(d) құзыретті органдардың осындай қызметті орындауы үшін тиісті жабдықпен қамтамасыз етуін қоса алғанда, жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша ережелермен және тәртіптермен қамтамасыз етуін жақсарту;
(e) жастар мен қалың жұртышылықтың арасында жол қозғалысының қауіпсіздігі проблемаларын түсіну дәрежесін арттыру, өзге жәйттер мен бірге жол қозғалысының қауіпсіздігін насихаттау жөніндегі науқанды қоса алғанда, рульде жақсы отыру және қауіпсіз жүруге жәрдемдесу, оларға байланысты материалдарды тарату, мектептерде жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелеріне оқыту және осындай қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаушылар мен оқытушыларды дайындау;
(f) қолда бар жабдықтың жай-күйіне талдау жасау және жол-көлік оқиғалары жағдайында қажетті қосымша медициналық және басқа жабдықты беру мүмкіндігі (жедел жәрдемнің жол бойындағы телефондық аппараттары); және
(q) консультациялар, оқытулар, оқу сапарларын жүргізу және деректерді жинау, оларды өңдеу және қызмет бабында пайдалану үшін жабдықтарды қамтамасыз ету.
F тарауы: жобаны басқару
Аудит жүргізудегі қызмет көрсетулерді қоса алғанда консультациялар жүргізу жолымен Жобаны басқару кезінде ЖЖТ-ның мүмкіншілігін кеңейту, офистер үшін жабдықтар, қызметтік үй-жайлар және материалдар, коммуналдық қызмет көрсетулер, жарнамалық-насихаттық қызметті, байланысты ұсыну, ЖЖТ-ның жұмысы үшін қажетті оқыту, іссапарлар және кез келген өзге де хабарлар мен қызмет көрсетулер.
Жоба 2003 жылдың 31 желтоқсанына қарай аяқталды деп болжанып отыр.
3-қосымша
Заемды бөліп-бөліп өтеудің кестесі
__________________________________________________________________________
| Төлемнің келісілген мерзімі |Негізгі Соманы төлеу (АҚШ долларымен
|_____________________________________|____________________________________
|2004 жылғы 15 қыркүйек | 2, 120, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2005 жылғы 15 наурыз | 2, 185, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2005 жылғы 15 қыркүйек | 2, 245, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2006 жылғы 15 наурыз | 2, 315, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2006 жылғы 15 қыркүйек | 2, 380, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2007 жылғы 15 наурыз | 2, 455, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2007 жылғы 15 қыркүйек | 2, 525, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2008 жылғы 15 наурыз | 2, 600, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2008 жылғы 15 қыркүйек | 2, 675, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2009 жылғы 15 наурыз | 2, 755, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2009 жылғы 15 қыркүйек | 2, 835, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2010 жылғы 15 наурыз | 2, 920, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2010 жылғы 15 қыркүйек | 3, 005, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2011 жылғы 15 наурыз | 3, 095, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2011 жылғы 15 қыркүйек | 3, 185, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2012 жылғы 15 наурыз | 3, 280, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2012 жылғы 15 қыркүйек | 3, 375, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2013 жылғы 15 наурыз | 3, 475, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2013 жылғы 15 қыркүйек | 3, 575, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2014 жылғы 15 наурыз | 3, 680, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2014 жылғы 15 қыркүйек | 3, 790, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2015 жылғы 15 наурыз | 3, 900, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2015 жылғы 15 қыркүйек | 4, 015, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2016 жылғы 15 наурыз | 4, 135, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2016 жылғы 15 қыркүйек | 4, 255, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2017 жылғы 15 наурыз | 4, 380, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2017 жылғы 15 қыркүйек | 4, 510, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2018 жылғы 15 наурыз | 4, 465, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2018 жылғы 15 қыркүйек | 4, 780, 000
|_____________________________________|____________________________________
|2019 жылғы 15 наурыз | 4, 915, 000
|_____________________________________|____________________________________
* Осы бағандағы цифралар Жалпы шарттардың 4.04 (d) Бөліміндегі
көзделгендерден басқа, өтеуге жататын доллардағы соманы білдіреді.
4-қосымша
Сатып алулар және консультанттардың қызмет көрсетулері
1-бөлім
Тауарларды сатып алу және жұмыстарды қамтамасыз ету
А тарауы
Жалпы ережелер
Тауарлар Банктің 1995 жылғы жариялаған "ХКДБ Заемдары мен МАР несиелері бойынша сатып алулардың ережелері" және 1996 жылдың қаңтарында және тамызында, 1997 жылдың қыркүйегінде қайта қаралған (Ережелер) және осы Бөлімнің төмендегі ережелеріне сәйкес сатып алынады және жұмыстар қамтамасыз етіледі.
В тарауы
Халықаралық бәсекелесті саудаластықтар
1. Осы Бөлімнің С тарауында өзгеше көзделінетін жағдайларды қоспағанда, тауарлар ережелердің II бөлімнің қағидаларына және оған 1-қосымшаның 5-тармағының тәртіптеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша сатып алынады және жұмыстар қамтамасыз етіледі.
2. Мынадай ережелер осы В тарауының 1-тармағының ережелеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша сатып алынатын және қамтамасыз етілетін тауарлар мен жұмыстарға қолданылады.
(a) Қайта бағалау құны 5000000 және одан көп АҚШ долларын құрайтын инженерлік құрылыс жұмыстарының құны тәртіптің 2.09 және 2.10-тармақтарының ережелеріне сәйкес қайта бағалауға түседі.
(b) Келісімшарттарды топтар бойынша бөлу
Инженерлік құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған келісімшарттар мүмкіндігіне қарай ұсынылған бағалардың пакеттері бойынша бөлінетін болады, олардың әрқайсысының құны АҚШ долларына есептегендегі бағалауларға сәйкес 4000000 немесе одан астамды құрайды.
(c) Осы елде өндірілген тауарларға үстемдік беру
Тәртіптің 2.54 және 2.55-тармақтарының ережелері және оған 2-қосымша Заемшының аумағында өндірілген тауарларға қолданылады.
(d) Құлақтандыру және жарнама
Құны АҚШ долларына есептегендегі бағалауларға сәйкес 10000000-ды немесе одан астамды құрайтын әрбір келісімшарт бойынша қайта бағалау жүргізуге немесе баға тағайындауға шақыру Тәртіптің 2.8-тармағына сәйкес ірі келісімшарттарға қолданылатын рәсімдерге орай жарияланады.
С тарауы
Сатып алулардың басқа да рәсімдері
1. Халықаралық сатып алулар
Құны келісімшартта АҚШ долларымен есептегенде 200000-нан кем және 1000000-нан асатын тауарлар Тәртіптің 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелеріне сәйкес халықаралық сатып алу рәсімдерінің негізінде жасалған келісімшарттар бойынша сатып алынады.
2. Ұлттық сатып алулар
Құны келісімшартта АҚШ долларымен есептегенде 75000-нан кем және 350000-нан асатын тауарлар Тәртіптің 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелеріне сәйкес халықаралық сатып алу рәсімдерінің негізінде жасалған келісімшарттар бойынша сатып алынады.
D тарауы
Банктің сатып алулар туралы шешімдерді қарауы
1. Сатып алуларды жоспарлау
Саудаластықтарды қайта бағалауға шақыруларды беруге немесе келісімшарттарға бағалар тағайындауға дейін Банкке Тәртіптің 1-қосымшасы 1-тармағының ережелеріне сәйкес Жоба үшін ұсынылатын сатып алулардың жоспарын қарау және мақұлдау ұсынылады. Барлық тауарды сатып алу және барлық жұмыстарды қамтамасыз ету Банк мақұлдаған осындай сатып алу жоспарына және жоғарыда аталған 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
2. Алдын ала қарау
(a) Осы Бөлімнің В.1 тарауына сәйкес сатып алынатын әрбір келісімшартқа қатысты Тәртіптің 1-қосымшасының 2 және 3-тармақтарында жазылған рәсімдер қолданылады.
(b) осы Бөлімнің С.1 және С.2 тарауларына сәйкес сатып алынатын әрбір келісімшартқа қатысты мынадай рәсімдер қолданылады:
(i) қандай да бір болмасын сатып алушыны таңдағанға дейін Заемшы Банкке алынған ұсыныстарды салыстыру және бағалау туралы есепті ұсынады;
(ii) қандай да бір болмасын келісімшартты атқарғанға дейін Заемшы Банкке ерекшеліктердің көшірмесін және келісімшарттың жобасын ұсынады; және
(iii) Тәртіптің 1-қосымшасының 2(f) және 2(q) және 3-тармақтарында жазылған рәсімдер қолданылады.
II бөлім
Консультанттарды жалдау
А тарауы
Жалпы Ережелер
Консультанттардың қызмет көрсетулері Банктің 1997 жылғы қаңтарда жариялаған және 1997 жылғы қыркүйекте қайта қаралған (Консультант туралы ереже) және осы Қосымшаның 2-бөлімінің мынадай ережелері мен "Тәртіп: Дүниежүзілік Банк Заемшыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауының" деген кіріспе бөлімі мен IV бөлімінің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
В тарауы
Сапа мен құнына негізделген іріктеу
Осы Бөлімнің С тарауында өзгеше көзделетін жағдайларды қоспағанда консультанттардың қызмет көрсетулері Консультанттар туралы ереженің II бөлімінің, оған 1-қосымшаның 3-тармағының, оған 2-қосымшаның ережелеріне және сапа мен құнына негізделген консультанттарды іріктеулер қолданылатын 3.13-тен бастап 3.18-ге дейінгі тармақтардың ережелеріне сәйкес жасалатын келісімшарттар бойынша сатып алынады.
С тарауы
1. Консультанттарды іріктеудің басқа рәсімдері
Құны АҚШ долларына есептегенде кемінде 100000 АҚШ долларын құрайтын бағалауларға сәйкес қызмет көрсетулер Консультанттар туралы ереженің 3.1 және 3.7-тармақтарының ережелеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша сатып алына алады.
2. Жеке консультанттар
Консультанттар туралы ереженің 5.1-тармағында жазылған талаптарға сәйкес келетін міндеттерді шешу жөніндегі қызмет көрсетулер Консультанттар туралы ереженің 5.1-ден бастап 5.3-тармақтарының талаптарына сәйкес жеке консультанттармен жасалған келісімшарттар бойынша сатып алынады.
D тарауы
Банктің консультанттарды іріктеуді қарауы
1. Іріктеуді жоспарлау
Консультанттарға ұсыныстар енгізу туралы қандай да бір болмасын өтініш жасағанға дейін Жобаға сәйкес консультанттарды іріктеудің ұсынылатын жоспары Банкке Консультанттар туралы ереженің 1-қосымшасының 1-тармағының талаптарына сәйкес оған қарауға және мақұлдауға табыс етіледі. Консультанттардың барлық қызмет көрсетуін іріктеу Банк мақұлдаған іріктеудің осындай жоспарына және жоғарыда аталған 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
2. Алдын ала қарау
(a) Консалтингтік компанияларды жалдау үшін әрбір келісімшартқа қатысты айтар болсақ, Консультанттар туралы ереженің 1-қосымшасының 2(a) және 5-тармақтарының 3-тармақшасынан ерекшеленетін 1, 2-тармақтарында жазылған рәсімдер қолданылады.
(b) Жеке консультанттарды жалдау үшін әрбір келісімшартқа қатысты Банкке консультанттардың біліктілігі, қызметінің стажы, өкілеттігінің щеңбері және жалдау шарттары туралы мәліметтер алдын ала қарауға және мақұлдауға ұсынылады. Келісімшарт жоғарыда аталған мақұлдау берілген соң ғана жасалады.
5-қосымша
Жүзеге асыру бағдарламасы
1. Заемшы:
(a) стратегияны жүргізеді және рәсімдерді сақтайды, олар оған тиісінше Банк үшін қабылданымды көрсеткіштерге сәйкес тұрақты негізде ағымдағы бақылау мен бағалау жүргізуге, өзінің мақсаты үшін Жобаны жүзеге асыруға және өзінің мақсатында жетуге мүмкіндік береді;
(b) Банк үшін қабылданымды өкілеттіктер шеңберіне сәйкес Банкке осы Бөлімнің (a) тармағына сәйкес жүргізілген ағымдағы бақылау мен бағалау бойынша жұмыстардың бірыңғай тұтас нәтижелері біріктірілген есепті, осы жоғарыда аталған датадан кейінгі уақыт аралығының ішінде нәтижелердің Жобасын жүзеге асыруға қол жеткізілгені және Жобаны табысты қамтамасыз ету үшін осы датадан кейінгі уақыт аралығындағы мақсаттарға жету үшін ұсынылатын шараларды белгілейтін есепті дайындайды және оны 2001 жылдың 31 желтоқсанына немесе шамамен осы мерзімдерде; және
(c) Банкпен - 2001 жылдың 31 наурызына дейін немесе осы мерзімнен кезең Банктің өтініші бойынша осы тармақтың (b) тармақшасында айтылған есепті қарайды және бұдан соң жоғарыда аталған есептің қорытындылары мен ұсынымдарына және мәселе бойынша Банктің пікірін негізге ала отырып Жобаның табысты аяқталуын қамтамасыз ету және оның мақсаттарына жету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
2. Заемшы - РМЖК арқылы - жобаны орындау бойынша топ құрады және Жобаны аяқтағанға дейін оны Жоба бойынша барлық қызметті үйлестіру үшін ИЖБ құрамында сақтайды және осындай түрде және осындай құрамда, осындай ұйыммен ЖЖТ тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бұған Банк үшін қабылданымды қаржы қызметін басқару және бақылау объектілерді және өзге де ресурстарды, қаражатты бақылау жүйесі кіреді. ЖЖТ әрбір күнтізбелік жылға Жобаны орындау кезінде Банк үшін қабылданымды алдағы жылға көзделген шығыстардың жылдық сметасын дайындайды.
3. Заемшы Жобаның D тарауына сәйкес қызметті үйлестіру үшін АЖТ, ККМ Көлік инспекциясының және ККМ Заң бөлімнің өкілдерін қамтитын жұмыс тобын Жоба аяқталғанға дейін сақтайды және ЖТ-ның осындай түрде және осындай құрамда, Банк үшін қабылданымды қаражатпен, объектілермен және ресурстармен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4. Заемшы 1999 жылдың 31 желтоқсанына келісімшарттарды бағдарламалау, жасау және Алматы - Қарағанды трассасына күнделікті және қысқы жағдайларда техникалық қызмет көрсетулер мен ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру үшін Банк үшін қабылданымды жүйелерді, рәсімдер мен техникалық стандарттарды әзірлейді, қабылдайды және енгізеді.
5. Заемшы егер Жобаға сәйкес жолға қайта жаңарту үшін мұндай қажет болса, және қоршаған ортаға және тұрғындарға қатысты Банктің қабылданымды стратегиясына сәйкес Банк үшін қабылданымды түрде жүргізілетін болса, кез келген жаңа учаскелерінің құрылысын салуды қамтамасыз етеді.
6. Жобаның А.2 тарауын орындағанға дейін Заемшы Жобаның А.2 тарауына сәйкес қайта жаңартуға қатысты Банк үшін қабылданымды құзырет пен көлемде және детальдарға орай экономикалық, техникалық, табиғат қорғау және жұмыс деректері мен ақпаратты әзірлейді.
6-қосымша
Арнаулы шот
1. Осы Қосымшаның мақсаты үшін:
(a) "Қабылданымды санаттар" деген термин осы Келісімнің 1-қосымшасының 1-тармағындағы кестеде келтірілген (1), (2), (3) және (4) санаттарды білдіреді;
(b) "Қабылданымды шығыстар" деген термин Жоба үшін қажетті және Заем қаражатынан қаржыландырылатын осы Келісімнің 1-қосымшасының ережелеріне сәйкес қабылданымды санаттар бойынша ұдайы аударылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің қабылданымды құнына қатысты шығыстарды білдіреді; және
(c) "Рұқсат етілген аудару" деген термин осы қосымшасының 3а тармағына сәйкес несие шотынан алынатын және арнаулы шотта сақталатын АҚШ долларына есептегенде 7000000 құрайтын соманы білдіреді, алайда, егер Банк өзге шешім қабылдамаған жағдайда - рұқсат етілген аудару несие шотынан алынған қаражаттың жиынтық сомасы, мұның үстіне Жалпы Шарттардың 5.02-бөліміне сәйкес Банк өзіне алған барлық міндеттемелер бойынша төлемге ұсынылмаған жалпы сома АҚШ долларымен есептегенде 14000000-ды құрайтын сомаға тең немесе одан асқанға дейін АҚШ долларына есептегенде 3500000 сомаға дейін шектелінетін болады.
2. Арнаулы шоттан төлемдер осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес тек қабылданымды шығыстарға қатысты ғана жүргізіледі.
3. Банк өзі үшін арнаулы шот тиісті түрде ашылғандығына растау алған соң рұқсат етілген аударым сомасын алу және қаражатты арнаулы шотты толықтыру үшін бұдан кейінгі алу мынадай түрде жүргізіледі:
(a) Заемшы рұқсат етілген аударым қаражатын алу үшін Банкке арнаулы шотта рұқсат етілген аударымның жиынтық сомасын немесе одан аспайтын соманы сақтау туралы сұрау салуды немесе сұрау салуларды ұсынады. Осындай сұрау салудың немесе сұрау салулардың негізінде Банк Заемшының атынан несие шотынан осындай соманы немесе Заемшы сұрау салған сомаларды несие шотынан алады және арнаулы шотқа сақтайды.
(b) (i) Заемшы арнаулы шотты толықтыру үшін Банкке арнаулы шотта Банк айқындайтын жүйеде сақтау туралы сұрау салуды ұсынады.
(ii) Заемшы әрбір осындай сұрау салуға дейін немесе соның сәтінде Банкке осы Қосымшаның 4-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар мен толықтыру сұралатын төлемі немесе төлемдерді, өзге де растауды ұсынылады. Әрбір осындай сұрау салудың негізінде Банк Заемшының атынан Заемшы сұрау салған, жоғарыда аталған құжаттарда көрсетілген және өзге растауда көрсетілген қабылданымды шығыстарға қатысты арнаулы шоттан төленетін осындай соманы несие шотынан алады және арнаулы шотқа сақтайды. Барлық осындай салымдарды Банк осы жоғарыда аталған құжаттармен және басқа да растаулармен негізделген тиісті баламды сомалардағы қабылданымды санаттар бойынша несие шотынан алады.
4. Арнаулы шоттан Заемшы жүргізген әрбір төлем бойынша Заемшы Банк сұраған мерзімдерде Банкте мұндай төлемнің тек қабылданымды шығыстар бойынша жүргізілетін көрсететін осындай құжаттар мен растауларды ұсынады.
5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелеріне қарамастан, Банк:
(a) егер бұдан кейінгі алу Жалпы шарттардың V бабының және осы Келісімнің 2.02-бөлімінің (a) тармағының ережелеріне сәйкес несие шотынан Заемшы тікелей толық жүргізілуі тиіс деп кез келген уақытта айқындайтын болса;
(b) егер Заемшы осы Келісімнің 4.01 (b)(i) бөлімінде көрсетілген мерзімнің ішінде есеп құжаттарының аудитіне және арнаулы шот бойынша шоттарға қатысты жоғарыда аталған бөлімге сәйкес талап етілетін Банк аудит туралы есептердің әлдебірін ұсынбаған болса;
(c) егер Банк кез келген уақытта Заемшыға Жалпы шарттардың 6.02-бөлімінің ережелеріне сәйкес Заемшының несие шотынан қаражатты алуды жүргізу құқығын толық немесе ішінара тоқтату туралы өзінің ниетін хабарлаған болса; немесе
(d) Заемның қабылданымды санаттар бойынша аударылатын жиынтығындағы алынбаған сомасы және минус Жобаға қатысты Жалпы шарттардың 5.02-бөліміне сәйкес Банк өзіне алған барлық арнаулы міндеттемелер бойынша төлемге ұсынылмаған жалпы сома рұқсат етілген аударым сомасының екі есе баламына тең болса. Қабылданымды санаттар бойынша аударылатын заемның қалған алынбаған сомасын несие шотынан алғаннан кейін, мұндай рәсімдерді Заемшыға хабарлауды Банк айқындайды. Қаражатты одан әрі алу Банк талаптарына жауап беретін осындай хабарландыру датасында арнайы шотта сақтауды қалған барлық осы секілді сомалар Банктің талабына жауап беретін мөлшерде ғана қабылданымды шығыстар бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын болады.
6. (a) Егер Банк кез келген төлемнің:
(i) шығыстар бойынша немесе осы Қосымшаның 2-тармағы үшін қабылданымсыз сомада жүргізілгендігін; немесе
(ii) Банкке ұсынылған растаумен негізделмегендігін кез келген уақытта айқындайтын болса,
Заемшы Банктің хабарландыруын алуы бойынша:
(A) Банк сұрауы мүмкін осындай қосымшаны растауды ұсынады; немесе
(B) арнаулы шотты (немесе) егер Банк осылай сұраса, Банкке қайтарады (қабылданымды) немесе негізделмеген осындай түрде болып табылатын осындай төлемнің немесе оның бір бөлігінің сомасына тең соманы сақтайды.
Егер Банк өзге шешім қабылдамаған жағдайда Банктің арнаулы шотқа ештеңені одан әрі сақтауы Заемшы осындай растауды ұсынғанға немесе міндеттемелеріне қарай осындай сақтауды жүргізгенге немесе қайтарғанға дейін жүргізілмейді.
(b) Егер Банк арнаулы шотқа төлемге ұсынылмаған кез келген соманың қабылданымды шығыстарға қатысты бұдан арғы төлемдерді жабуы үшін талап етілмейтіндігін кез келген уақытта айқындаса, Заемшы Банктің хабарландыруын алуы бойынша дереу Банкке төлемге ұсынылмаған осындай соманы қайтарады.
(c) Заемшы Банкке хабарлай отырып арнаулы шотта сақтаулы қаражаттың
бәрін немесе бір бөлігін Банкке қайтарады.
(d) Банкке осы қосымшаның 6(а), (b) және (с)-тармақтарына сәйкес
жүргізілген қаражаттарды қайтару Жалпы шарттарды қоса алғанда, осы
Келісімнің тиісті ережелеріне сәйкес одан әрі алу немесе жою үшін несие
шотына кредитке жазылады.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.