Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі тікұшақтарының жаттығу өткізу кезіндегі құтқару операцияларына тұрақты дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Алматы қаласында Жер сілкінісіне ден қою жөнінде халықаралық семинар (жаттығу) өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 467 P990467_ қаулысының 2-тармағындағы "қаржыландыру үшін" деген сөздерден кейін "3440,448 (үш миллион төрт жүз қырық мың төрт жүз қырық сегіз) теңгесін тікелей жаттығу өткізу үшін, ал 2059,552 (екі миллион елу тоғыз мың бес жүз елу екі) теңгесін Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің балансындағы тікұшақтарға қызмет
көрсету жөніндегі регламенттік жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланып" деген
сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.