Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.1999 жылғы 11 сәуірде Тегеран қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметінің арасындағы Мұнайгаз секторындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкіметi арасындағы Мұнай-газ секторындағы ынтымақтастық туралы Келісім Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi,
мұнай-газ секторындағы экономикалық және техникалық ынтымақтастық Тараптардың мемлекеттерi халықтарының әл-ауқатын көтеру және гүлдену мүддесiне қызмет ететiн болады деп есептей отырып,
экспорттық мұнай-газ құбырларының дамуына зор маңыз бере отырып және осы саладағы ынтымақтастыққа деген өзiнiң мүдделiлiгiн куаттай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Ынтымақтастықты одан әрi дамыту мен тереңдету туралы бiрлескен декларацияны және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының Президентi А.Хашеми Рафсанджани Тегеран қаласында 1375 ә.қ ж. 22 Ордибихештке сәйкес келетiн 1996 жылғы 11 мамырда қол қойған Каспий теңiзiнiң мәселелерi жөнiндегi бiрлескен мәлiмдеменi негiзге ала отырып,
төмендегілер туралы келiстi,
1-бап
Тараптар теңдiк, өзара тиiмдiлiк, өзара көмек және мұнай операцияларын жүзеге асыру барысында бiр-бiрiне зиян келтiрмеу негiзiнде өздерiнiң мұнай-газ салаларын дамыту мен тұрақтандыру мақсатында күш-жiгерлердi үйлестiру және мұнай өнiмдерiн және мұнай, газ, конденсатты тасымалдау және өңдеу, шығару, әзiрлеу, барлау аясындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады.
2-бап
Тараптар үшiншi бiр жақтың заңды және жеке тұлғаларының
қатысуымен бiрге акционерлiк қоғамдар, бiрлескен кәсiпорындардың құрылуына және жұмыс iстеуiне жәрдем етудi, кәсiпорындар мен ұйымдар арасында тiкелей байланыстардың орнауын және ынтымақтастықты қолдайтын болады. 3-бап Тараптар бiр-бiрiнiң компанияларын өз аумақтарында орналасқан мұнайлы және газды кен орындарын барлау, игеру және пайдаға асырудың халықаралық тендерлерiне және қажеттi техникалық инфрақұрылымның құрылысын салуға қатысу үшiн шақыруды қамтамасыз ететiн болады. 4-бап
Тараптар өздерiнің аумақтарында орналасқан мұнай-газ кен орындарын игеру жөнiнде өз мұнай компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндiгi мен нысандарын зерттейдi.
5-бап
Тараптар Каспий теңiзiнде жұмыс жүргiзу үшiн теңiздегi мұнай платформаларының өндiрiсiн қоса алғанда, мұнай-газ жабдықтарының өндiрiсiнде бiр-бiрiнiң кәсіпорындарында тапсырыс беру, бiрлескен кәсiпорындар құру, тiкелей инвестициялар және басқа да нысандар жолымен ынтымақтасатын болады.
6-бап
Тараптар Иран Тарабының қолдауымен Атырау қаласында (Қазақстан) машина майын шығаратын зауыт салудың техника-экономикалық негiздемесiн дайындауды жылдамдату үшiн қажеттi шаралар қолданатын болады.
7-бап
Тараптар шикi мұнайды (SWAP) айырбастау жөнiндегi ынтымақтастықтың басталуын жоғары бағалайды және Қазақстан мұнайын экспорттайтын осы арнаның үздiксiз жұмысын камтамасыз ету мақсатында техникалық мәселелердiң бәрiнiң оң шешiлуi үшiн тиiстi шаралар кабылдайтын болады.
Иран Тарабы Қазақстан Тарабына қажет болған жағдайда шикi
мұнайдың дүниежүзiлiк рыноктағы маркетингiне және SWAP шеңберiнде Қазақстан мұнайының жеткiзiлiмiне айырбастап алынатын шикi мұнайды сатуда көмектесетiн болады. Тараптар SWAP шеңберiнде шикi мұнайды айырбастау көлемiн ұлғайту мүмкiндiгiн зеттейдi. 8-бап Тараптар оңтүстiк бағытта қазақстандық экспорттық мұнай-газ құбырларын дамытуға зор маңыз бередi және осы саладағы өз мүдделiлiгiн куаттайды. 9-бап
Қазақстан Тарабы SWAP шеңберiнде қазақстандық шикi мұнайдың экспорты үшiн негiзгi маршрут ретiнде Нека-Тегеран мұнай құбырының құрылысын салуды қолдайды.
10-бап
Тараптар Батыс Қазақстаннан Иранның солтүстiгiне және әрi қарай Парсы шығанағына мұнай және газ тасымалдау үшiн экономикалық, қаржылық, техникалық және құбыр төсеудiң жобасын iске асырудың басқа да аспектілерiн зерттеу мақсатында түрiкмен Тарабының өкiлдерiн шақырумен сарапшылардың бiрлескен Жұмыс тобының қызметiн жандандыруға келiстi.
11-бап
Иран Тарабы өз провинцияларының бiрiнде салынатын мұнай өңдеу зауытында шикi мұнайды өңдеу үшiн жеткiзiлiм көлемiнiң қажеттiлiгiне қатысты ақпарат берiп отырады.
Қазақстан Тарабы тиісті ақпаратты зерттегеннен кейін шикі мұнайдың талап етіліп отырған лимиттелген жеткізілімі жөнінде өз мүмкіндіктері туралы хабар береді.
Шикі мұнай көрсеткіштерінің сипаттамасы (спецификация) Тараптар арасында келісілетін болады.
12-бап
Осы Келісімге Тараптардың келісуі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылаты жекелеген хаттамалармен ресімделетін болады.
13-Бап
Осы Келісім Тараптардың бірінен қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тарапты оның қолданысын тоқтататын ниеті туралы хабардар еткенге дейін күшінде қалады. Мұндай жағдайда, Келісім осындай ниет туралы хабарлайтын мәлімдемені алған күннен бастап 6 ай өткенде өз күшін жояды. Тегеран қаласында 1378 к.қ.ж. 22 фарвардинге сәйкес келетін 1999 жылғы 11 сәуірде әрқайсысы қазақ, парсы және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіннің күші бірдей. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.