Барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволардың Дүниежүзілік Банктің зейнетақы реформасын қолдауға арналған Бағдарламалық Займы бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметінің жеделдігі мен келісімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мына құрамда Ведомствоаралық кеңес құрылсын:
Өтембаев Ержан - Қазақстан Республикасы
Әбілхайырұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға <*>
Есенбаев Мәжит - Қазақстан Республикасының
Төлеубекұлы Қаржы министрі, төрағаның
орынбасары <*>
Радостовец Николай - Қазақстан Республикасының
Владимирович Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі,
төрағаның орынбасары <*>
Манабаева Қайни - Қазақстан Республикасы
Алдабергенқызы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Экономика бөлімінің
консультанты, хатшы <*>
Әлібаев Айдар - Зейнетақы қорларының
Байдәулетұлы ассоциациясы кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша) <*>
Әлимұханбетов Нұржан - Қазақстан Республикасының
Ержанұлы Зейнетақы жүйесіне қатысушылар
одағы Директорлар кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша) <*>
Үмбетов Алтынбек - Жинақтаушы зейнетақы қорларының
Смағұлұлы қызметін реттеу жөніндегі
комитеттің төрағасы <*>
Котенко Наталья - Қазақстан Республикасы
Леонидовна Премьер-Министрінің Кеңсесі
Экономикалық бөлімінің
меңгерушісі <*>
Жәмішев Болат - Қазақстан Республикасының
Бидахметұлы Қаржы бірінші вице-министрі <*>
Абдуллина Наиля - Қазақстан Республикасының
Құрманбекқызы Ұлттық Банкі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Бектасов Әбен - Қазақстан Республикасының
Ағыбайұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі
Жолдасбеков Азамат - Қазақстан Республикасының
Мырзаданұлы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссияның төрағасы (келісім
бойынша)
Мекішев Арман - Қазақстан Республикасының
Асылбекұлы Ұлттық Банкі Сақтандыруды
қадағалау департаментінің
директоры (келісім бойынша)
Назыров Фуат - Зейнетақы төлеу жөніндегі
Зиннурович мемлекеттік орталықтың директоры
Сүлейменов Серік - Қазақстан Республикасының
Жүсіпұлы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
Сұлтанқұлов Ерік - Мемлекеттік жинақтаушы
Ахметханұлы зейнетақы қорының директоры
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.22. N 1962 қаулысымен .
2. Ведомствоаралық кеңес министрліктер мен ведомстволардың зейнетақылық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында бірыңғай саясатты жасау жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі