Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының "Орталық ғылыми кітапхана" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің " Орталық ғылыми кітапхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
1) ғылым, өндіріс, білім және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарға кітапханалық-библиографиялоық және ақпараттық қызмет көрсету;
2) кітапханатану, библиографиятану, кітаптану, қолжазбаларды ғылыми сипаттау және кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру салаларында зерттеу және әдістемелік жұмыстарды орындау деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
2) оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі