Заңды және жеке тұлғалардың пайдалануына берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тиiмдi пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Меншіктiң мемлекеттік нысанындағы орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ведомстволар, заңды тұлғалар мемлекеттiк меншiк объектілерiн заңды және жеке тұлғаларға (жалға, сенiмдi басқаруға және басқаға) беру туралы шарттар (келiсiмшарттар) жасасқан кезде осы тұлғалардың мемлекет меншiгiндегi объектiлерге байланысты барлық мәмiлелер бойынша есептердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне немесе тиiстi жергiлiкті атқарушы органға тоқсан сайын ұсыну мiндеттемесін көздесiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулы қабылданғанға дейiн жасалған шарттарға
(келiсiмшарттарға) көрсетілген есептердi ұсыну жөнiнде заңды және жеке
тұлғалардың мiндеттемелерiн бекiтетiн толықтырулар енгiзуге шаралар
қолдансын;
2) бiр ай мерзiм iшiнде заңды және жеке тұлғалардың
көрсетiлген есептердi ұсынудың тәртiбiн әзiрлеп, бекiтсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және
жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.