"Лисаков ТБК" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн 1996 жылғы 4 қарашадағы N 04/004-96 сатып алу-сату келiсiмшарты бойынша "Есiл" акционерлiк қоғамы тарапынан мiндеттемелерiнiң орындалмағандығын ескере отырып Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) "Есiл" акционерлiк қоғамымен "Лисаков ТБК" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн 1996 жылғы 4 қарашадағы N 04/004-96 сатып алу-сату келiсiмшартын бұзсын;
2) "Лисаков ТБК" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң 39%-iне "Есiл" өнеркәсiп қаржы компаниясына берiлген иелену, пайдалану және басқару құқығын қайтарып алу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейiн
"Лисаков ТБК" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн
иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрлiгiне берсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.