Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Астана қаласын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы N 261 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Астана қаласы әкімінің Астана қаласы, Абай даңғылы, 193
мекен-жайда орналасқан ғимаратты республикалық меншікке беру туралы
ұсынысына келісім берілсін.
2-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда аталған ғимаратты оның жарғылық капиталын баламды
өзгертумен, кейін оны Қоғамның мүлкінің құрамына бере отырып,
республикалық меншікке қабылдасын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын."
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.