Қазақстан Республикасының салық полициясы органдары үшiн мамандар даярлауды одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ақмола заң колледжі "Салық полициясы академиясы" (бұдан әрi - Академия) мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және бiлiм министрлiгi нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру құқығымен Академия қызметiн iске асыруға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
3. Академияның негiзгi мiндеттерi:
салық полициясы мен кеден қызметi органдары үшiн жоғары бiлiмдi мамандар даярлау;
салық полициясы мен кеден қызметi органдарының басшы кадрлары мен қызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
экономикалық қылмысқа қарсы күрестің өзектi проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі Салық полициясы комитетiнiң төрағасы Академияның басшысын тағайындайды, ол лауазымы бойынша Салық полициясы комитетi төрағасының орынбасарына теңестiрiледi.
6. Академияның басшысына Салық полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережеге сәйкес арнаулы атақ берiледi.
7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Академияның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында тiркетудi қамтамасыз етсiн;
2) Академияны басшы және профессорлық-оқытушылық құрамның бiлiктi кадрларымен жасақтасын;
3) екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнің бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
8. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi бiр ай мерзiмде Ақмола заң колледжiнің штат санын, ғимараттарын, материалдық-техникалық құралдары мен өзге де мүлкін Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiне берудi
жүргiзсiн.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Академия қызметiн қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Iшкi
iстер министрлiгiнiң Ақмола заң колледжiн ұстау үшiн 1999 жылға
арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз
етсiн;
кейiнгі жылдарға республикалық бюджетті әзiрлеу кезiнде
Академияны қаржыландыруға қаражат көздейтiн болсын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.