"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары ведомстволарының құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ведомстволардың штат саны лимитінің негізінде тиісті орталық атқарушы органдардың басшыларымен келісім бойынша ведомстволардың басшылары белгілейді деп айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі