Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 P980484_ қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге арналған рұқсаттарды берудің тәртібі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Майкөбең-Вест" акционерлік қоғамына "Екібастұзөнеркәсіпсервис" акционерлік қоғамына "Майкөбең-Вест" акционерлік қоғамына Павлодар облысының Шөптікөл кен орнында қоңыр көмір өндіруге 1998 жылғы 3 қазандағы ГКИ сериялы N 572 ДД лицензиямен берілген жер қойнауын пайдалану құқығын
кепіл ретінде беруге рұқсат етілсін.
Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі - 6 (алты) ай.
2. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.