Қазақстан Республикасында инновациялық қызметтi дамыту, инновациялық жұмыстардың қайтарымдық қаржыландыру тетiктерiн iске асыру және ғылыми сыйымды өндiрiстер құруға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 проценттiк қатысуымен "Республикалық инновациялық қор" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Инновациялық қор) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бiрлесiп қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртіппен:
1) Инновациялық қордың жарғылық капиталын айлық есептi көрсеткiштің 1000 еселiк мөлшерiнiң шегiнде, технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүргізуге 2000 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаржының есебiнен қалыптастырсын;
2) Инновациялық қордың Жарғысын бекiтiп, тiркеуден өткiзсiн;
3) Инновациялық қордың негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн:
инновациялық қызметтi дамыту және қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
инновациялық бағдарламаларды қайтарымдық негiзде мақсатты қаржыландыру;
ғылыми-техникалық кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi дамыту үшiн жағдай жасау, ғылыми-техникалық өнiмдер рыногын қалыптастыру.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.26. N 796
қаулысымен. P000796_
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Инновациялық қорға жарғысында айқындалған өз функцияларына сәйкес банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүргiзуге белгiленген тәртiппен лицензия беру ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Алматы қаласының әкiмiмен және Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп Инновациялық
қорды орналастыру туралы мәселенi шешетiн болсын және оған беру үшiн
ұсынылатын жылжымайтын мүлiктiң тiзбесiн айқындасын;
2)
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.26. N 796
қаулысымен.
5. "Қазақ КСР инновациялық қоры туралы" Қазақ КСР Министрлер
Кабинетiнiң 1991 жылғы 30 наурыздағы N 211 қаулысының күшi жойылды деп
танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.