Бүкiл адамзат рухани қазынасының аса көрнектi өкiлi Қорқыт Атаның мұрасын терең зерделеп, кеңiнен насихаттау мақсатында және халықаралық ЮНЕСКО ұйымының "Қорқыт Ата кiтабының" 1300 жылдығын мерекелеуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қызылорда облысының әкiмi белгiленген тәртiппен Қызылорда қаласында Қорқыт Атаға ескерткiш орнатуды қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiмен, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгімен бiрлесiп "Қорқыт және Ұлы Дала сазы" халықаралық дәстүрлi саз фестивалiн, қобызда орындаушылардың "Қыл қобыз" республикалық конкурсын өткiзсiн.
2. Алматы қаласының әкiмi "Қорқыт Ата кiтабының" 1300 жылдығына
арналған жұртшылықтың салтанатты жиналысы мен Қазақстан өнер шеберлерiнiң
концертiн өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Астана қаласының әкiмi Қазақстан өнер шеберлерiнiң "Қорқыт Ата
өнерi - ұрпағының үнiнде" атты әдеби-музыкалық көрiнiсiн өткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi белгіленген тәртiппен мыналарды ұйымдастырсын:
Қорқыт Атаның музыкалық туындыларын басып шығару;
деректi фильм шығару;
Қорқыт Ата шығармаларынан компакт-диск шығару;
Қазақстан Рсспубликасының Ұлттық кiтапханасында безендiрiлген кiтап
көрмесiн өткiзу;
бұқаралық ақпарат құралдарында мерейтойлық шараларды кеңiнен көрсету.
5. Қорқыт Ата кiтабiнiң 1300 жылдығына арналған мерейтой салтанатын
өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру 1999 жылға арналған бюджетте
тиiстi мемлекеттiк бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiне көзделген
қаражаттың есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылады деп айқындалсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.