Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Халықтық Банк) акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгін жекешелендiру жөнiндегi кеңесшiнi таңдауға тендер өткiзу жөнiнде комиссия құрылсын.
2. "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн жекешелендiру жөнiндегі кеңесшiнi таңдау бойынша тендер өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) 1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн мерзiмде Халықтық Банк акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн жекешелендiру жөнiндегі кеңесшiнi таңдауға тендер (бұдан әрi - Тендер) жарияласын;
2) 1999 жылдың 15 қазанына дейiн мерзiмде Тендердi өткiзсiн және оның жеңiмпазын айқындасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Тендердiң қорытындысы бойынша Комиссияның шешiмiн бекiту және Халықтық Банк акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн жекешелендiру жөнiндегi кеңесшiмен тиiстi келiсiм жасасу жөнiндегi қажетті рәсiмдердi жүргiзсiн;
2) Халықтық Банк директорлар кеңесiнiң қарауына мынадай:
Халықтық Банктiң номиналдық құны 100 (жүз) теңге саны 6 031 666 (алты миллион отыз бiр мың алты жүз алпыс алты) дана жаңа акцияларын шығару жолымен Халықтық Банктiң жарияланған жарғылық капиталын арттыру туралы;
1999 жылдың 15 желтоқсанына дейiн мерзiмде Халықтық Банктiң номиналдық құны 100 (жүз) теңге саны 6 031 666 (алты миллион отыз бiр мың алты жүз алпыс алты) дана жаңа акцияларын орналастыру туралы;
Тендердің қорытындысы бойынша таңдалған Халықтық Банк акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендіру жөніндегі кеңесшіні Халықтық Банк акцияларының жаңа шығарылымын орналастыру жөніндегі кеңесші ретінде тарту туралы мәселелерді қарау үшін 1999 жылдың 29 қазанына дейін мерзімде акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы мәселені енгізсін;
3) Халықтық Банк акцияларының жаңа шығарылымын орналастырғаннан кейін акциялардың мемлекеттік пакетінің Халықтық Банктің шығарылған акцияларының жалпы санының жартысынан кем емес қосу бір акция мөлшерін белгілей отырып Халықтық Банктің номиналдық құны 100 (жүз) теңге саны 6 031 666 (алты миллион отыз бір мың алты жүз алпыс алты) дана акцияларының мемлекеттік
пакетінің бір бөлігін жекешелендіруді жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 13 қыркүйектегі
N 1382 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік
қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін
жекешелендіру жөніндегі кеңесшіні таңдау бойынша
тендер өткізу жөніндегі комиссияның
Құрамы
Әбілғазин Данияр - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстемұлы вице-министрі - Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы,
төраға
Аманбаев Мұрат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ермұханұлы Кеңсесі Экономикалық бөлімінің меңгерушісі
Құзытбаева Ажар - Қазақстан Республикасының Әділет
Қилымбекқызы вице-министрі
Құдышев Мұрат - Қазақстан Республикасының
Тиышбекұлы Ұлттық Банкі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Жолдасбеков Азамат - Қазақстан Республикасы
Мырзаданұлы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Қасымбеков Б.