Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 P990308_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-тармақшада:
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"Қалқабаев Ержан Шойбекұлы - Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм вице-министрі, төраға;
Тойбазаров Бауыржан Сайфуллаұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының
бірінші орынбасары";
"Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы - Қазақстан Республикасы Көлік,
коммуникациялар және туризм вице-министрі, төраға;
Доминов Евгений Евгеньевич - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті
директорының орынбасары" деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.