Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 наурыздағы N 755 тапсырмасын орындауға және "Қазақстан - 2030" Стратегиясының "Кәсiпқой Yкiмет" ұзақ мерзiмдiк басымдығын iске асыру, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, оларды Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттiк басқарудың орталық органдары - оқу-практикалық базасымен тiкелей жақындықта оқыту жөнiндегi бас мекеме ретiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясына топтастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясын Астана қаласына кезең-кезеңiмен орналастыруға байланысты 1999-2000 жылдарға арналған қоса берiлiп отырған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп, 1999 жылғы қазаннан бастап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң базасында Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясының мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың бағдарламасын iске асыруды ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (келiсiм бойынша) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң оқу-әдiстемелiк жоспарлар мен мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жоспарларын бекiтудiң мәселелерi бойынша актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
4. Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын Астана қаласына орналастыру үшін қажетті мекемені (ғимаратты) бөлу жөнінде ұсыныс енгізсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен, Қазақстан
Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп Жоспардың
1999 жылғы іс-шараларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві
қаражатының есебінен қаржыландырудың тәртібі жөнінде ұсыныс енгізсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1435
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет
академиясын Астана қаласына кезең-кезеңімен орналастыруға байланысты
1999-2000 жылдарға арналған іс-шаралар
Жоспары
_________________________________________________________________________
N Іс-шаралар Атқару Атқаруға
мерзімі жауаптылар
_________________________________________________________________________
1 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 1999 жылғы қазан- Мемқызмет істері
университетінің базасында мем. 2000 жылғы жөніндегі агенттік
лекеттік қызметшілердің білік. қыркүйек (келісім бойынша),
тілігін арттыру бағдарламасын Ғылым және жоғары
іске асыру жөніндегі жұмысты біліммині,
ұйымдастыру Мемқызмет академия.
сы (келісім бойын.
ша), Еуразия универ.
ситеті
2 Оқу-әдістемелік бағдарламалар 1999 жылғы Мемқызмет істері
мен жоспарларды және білікті. қыркүйек-қазан жөніндегі агенттік
лікті арттыру жоспар-кестелерін (келісім бойынша)
бекіту жөніндегі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актіле.
ріне өзгерістер мен толықтыру.
лардың жобаларын енгізу
3 Қазақстан Республикасы Прези. 1999 жылғы Астана қаласының
дентінің жанындағы Мемлекеттік 1 қарашаға әкімі, ҚР Прези
қызмет академиясы үшін қажетті дейін дентінің ІБ
үй-жайлар бөлу (келісім бойынша)
4 Қажетті жобалық-сметалық 1999 жылғы Мемқызмет
құжаттаманы дайындау қараша академиясы
(келісім бойынша)
5 Жаңа оқу жылына орындар 1999 жылғы Мемқызмет
дайындау және Астана қаласын. қыркүйек- академиясы
дағы оқу процесін ұйымдастыру 2000 жылғы (келісім бойынша)
қыркүйек
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.