Экономикалық өсуді қамтамасыз етудің орта мерзімдік бағдарламасының шеңберінде қолданбалы зерттеулер жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне:
1) маркоэкономикалық көрсеткіштер, инвестициялар, нақты секторды,
инфрақұрылымдар объектілерін дамыту, кірістің өсуі мен жұмыспен қамту,
білім беру, ғылым проблемалары;
2) қазақстандық өнімдердің бәсекелестік қабілеті, сыртқы және ішкі
сауданы дамыту салаларында қолданбалы экономикалық зерттеулер жүргізуге
20 000 000 (жиырма миллион) теңге бөлсін.
2. Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.