Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылдың 14-27 қазанында Чех Республикасына баратын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ілесіп жүретін лауазымды тұлғаларға (қосымшаға сәйкес) беру күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен қонақүйде тұруға және тәуліктік шығыстарға 33 180 (отыз үш мың бір жүз сексен) АҚШ долларына баламды сомада валюталық қаражат, сондай-ақ 1999 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен, өкілдік шығыстарға 6000 (алты мың) АҚШ долларына баламды сомада валюталық қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі лауазымды тұлғаларға белгіленген тәртіппен жол жүру құжаттарын ресімдесін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 қазандағы
N 1547 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен Чех
Республикасына ілесіп жүретін лауазымды тұлғалардың тізімі
1. Өтемұратов Болат - Қазақстан Республикасы
Жәмитұлы Президентінің көмекшісі
2. Досмұхамбетов Темірхан - Қазақстан Республикасы
Мыңайдарұлы Президентінің Іс басқарушысы
3. Шардарбаев Аман - Қазақстан Республикасы
Смағұлұлы Президентінің Күзет қызметі
бастығының орынбасары -
Президенттің жеке күзетінің
бастығы
4. Бенберин Валерий - дәрігер
Вавильевич
Күзет:
5. Аюбаев Мұқтар Ақатұлы - күзет офицері
6. Садықұлов Әнуар - күзет офицері
Төлеуханұлы
7. Слажнев Николай - күзет офицері
Николаевич
8. Беремқұлов Бауыржан - күзет офицері
Бойтаұлы
9. Шалапинин Вячеслав - күзет офицері
Григорьевич
10. Тұяшев Нұржан Зарифұлы - күзет офицері
11. Әдібаев Тимур Хасенұлы - күзет офицері
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.