Бас әскери прокуратураның Астана қаласына қоныс аударуына байланысты қызметтік үй-жайлар бөлу және қызметкерлеріне тұрғын үй беру мәселелерін реттеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Бас әскери прокуратураның Астана қаласына кезең-кезеңмен қоныс аударуын жүзеге асыру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір ай мерзімде Бас әскери прокуратураны Астана қаласында орналастыру үшін қызметтік ғимарат бөлуді қамтамасыз етсін.
3. Мыналар:
1) Бас әскери прокуратураның қызметкерлеріне басқа жерге (Астана қаласына) жұмысқа ауысуы кезінде Астана қаласына қоныс аударуға мемлекеттік органдар орталық аппараттарының қызметкерлері үшін заңдарда көзделген кепілдіктер мен өтемақылар қолданылады;
2) осы қаулының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген төлемдер
ағымдағы ұстауға арналған шығыстарды қысқартудың есебінен Бас әскери
прокуратураны ұстауға 1999 жылға арналған шығыстардың шегінде жүзеге
асырылады деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.