Мырғалымсай су төкпесіндегі қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңда белгіленген тәртіппен:
Мырғалымсай су төкпесіндегі қоршаған табиғи ортаға қатерді тежеуге бағытталған,№"Кентауликвидрудник" РМК өндірістік шығыстарын төлеу үшін, республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен 200 (екі жүз) миллион теңгені, кейіннен көрсетілген соманы берілген электр қуаты үшін есеп айырысу үшін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігіне бөлсін;
жоғарыда көрсетілген ақшаның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгіленген тәртіппен "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" ашық акционерлік қоғамының 1999 жылғы 1 қазандағы жинақталып қалған 331 (үш жүз отыз бір) миллион теңге сомасындағы бюджетке төлеу жөніндегі берешегін республикалық бюджеттің алдында толық өтеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.