Оңалту рәсімдерін қолданудың қанағаттанғысыз нәтижелеріне, "Степногор подшипник зауыты" акционерлік қоғамының ауыр қаржы-экономикалық жағдайына байланысты, оның республиканың экономикасындағы маңызды стратегиялық және экономикалық мәнін, сондай-ақ оның "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес одан әрі жұмыс істеуінің қажеттігін ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Конкурстық массаны сатудың:
1) "Степногор подшипник зауыты" акционерлік қоғамының мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сатуды;
2) банкроттық рәсімдерін өндіріс циклының үзіліссіздігін сақтай отырып жүргізуді;
3) конкурстық басқарушыға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес "Степногор подшипник зауыты" акционерлік қоғамының үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқығын ұсынуды,сондай-ақ конкурстық басқарушыға тауарлық-материалдық бөлігінде конкурстық массасының өндірісінде өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер мен негізгі қаражатты пайдалану құқығын ұсынуды;
4) "Степногор подшипник зауыты" акционерлік қоғамы қызметкерлерімен еңбек шарттарының үзіліссіздігін қамтамасыз етуді мүліктік кешенді сатып алушының осы шарттар бойынша құқықтық мұрагерлерін;
5) сатып алушының конкурстық массаны сатудан түскен қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында мұндай кредиторлардың өкілетті өкілдерімен келісім бойынша бірінші және үшінші кезектер кредиторларының талаптарын өтеу жөніндегі міндеттемелерін;
6) сатып алушының өтеу жөніндегі шығыстарды сатып алудың бағасына енгізбестен, конкурстық массаның құрамына кірмейтін мүлікті пайдалану кезінде "Степногор подшипник зауыты" акционерлік қоғамның конкурстық іс жүргізу кезеңіндегі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды өтеуін;
7) конкурстық басқарушы тауарлық-материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер және негізгі қаражат бөлігінде конкурстық массаның құрамына кіретін мүлікті пайдаланған жағдайда оның құны сатып алудың бағасына енгізілетіндігін көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.