1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимылдың тәртібі туралы келісім мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттар мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарларын ұсынудың және келісудің тәртібі туралы келісімге қол қойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Сергеевич Павловқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимылдың тәртібі туралы келісім мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттар мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарларын ұсынудың және келісудің тәртібі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Икебаева А.Ж.