Мемлекеттік білім гранты туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.23.  N 58  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңын  атқару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім гранты туралы ережелер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша ел iшiндегi жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау бағдарламаларының әкiмшiлерi болып белгiленсiн.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.05.27.   N 807  Қаулысымен.  

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
1999 жылғы 25 қарашадағы 
N 1781 қаулысымен    
бекiтiлген       

Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы
ережелер

      1. Осы Ережелер "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджеттен мемлекеттiк бiлiм гранттары түрiнде бөлiнетiн қаржының мақсатты пайдаланылуының тәртiбiн айқындайды. 
      2. Мемлекеттiк білім гранты - мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқуға құқық алған адамдарға кәсiптiк бiлiм алуына төлеу үшiн тегiн берiлетiн ұлттық валютадағы мақсатты ақша сомасы. 
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк бiлiм гранттары берiлген адамдарға стипендия төленуi мүмкiн. 
      3. Мамандықтардың тiзбесi мен мемлекеттiк білім гранттарының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын (наурыздың 31-нен кешiктiрмей) айқындайды және республикалық баспасөзде жариялайды. 
      4. Мемлекеттiк бiлiм гранттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде бөлiнедi. 
      "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттiк білiм грантын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады. 
      Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары таңдаған мамандықтары бойынша олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранттарын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады. 
      Қабылдау емтихандарын тапсырмай бiлiм грантының берiлгендiгi туралы куәлiктi алудың және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдау жөнінде өтініш берудің тәртібі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленеді.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.26.  N 1517  Қаулысымен.  
      5. Конкурсты жүргiзген кезде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда, мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқықты жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша тиiстi бiлiм ұйымдарында оқуға кемшiлiгi болмаса, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер және үздiк бiлiм туралы құжаты (куәлiк, аттестат, диплом) бар азаматтар басым ие болады.
       Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28.  N 703  Қаулысымен.  
      6. Мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқуға құқық алған адамдар Қазақстан Республикасының өздерi таңдаған мамандық бойынша кадрлар даярлауға лицензиясы бар бiлiм ұйымына қабылдау туралы өтiнiш бередi. 
      Көрсетiлген өтiнiштiң берілуi бiлiм ұйымына қабылдау үшiн сөзсiз негіздеме болып табылады. 
      7. Мемлекеттiк бiлiм тапсырысын білім ұйымдарының арасында бөлген кезде Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органы бiлiм ұйымдары үшiн мiндеттi мынадай шарттарды басшылыққа алады: 
      1) мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыруға рұқсат етiлген бiлiм ұйымдарының мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыру тәртiбi бойынша оқуға арыз берген адамдарды сөзсiз қабылдауы; 
      2) мемлекеттiк білім тапсырысын орналастыруға байланысты қабылдаған адамдарды оқыту бойынша келiсiмді бiр жақты тоқтату құқығынан бас тартуы; 
      3) мемлекеттiк білім тапсырысын орналастыру тәртiбiмен өздерi қабылдаған адамдарды оқыту құнын төлеудiң мөлшерiн, оның iшiнде ұлттық валюта бағамы өзгерген жағдайда да, қайта қарау құқығынан бас тартуы; 
      4) мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыру тәртiбiмен өздерi қабылдаған адамдарды оқыту мiндеттемесi бұзылуынан келтiрiлген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шығынды өтеуi. 
      Оқуды ұйымдастыру үшiн басқа жағдайлар осы Ережеге өзгерiстер (толықтырулар) енгізу тәртiбiмен ғана белгiленуi мүмкiн. 
      8. Мемлекеттiк бiлiм тапсырысы орналастырылатын оқыту қызметiн жүргiзу құқығына мемлекеттің лицензиясы бар бiлiм ұйымдарының тiзiмiн Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органы республикалық баспасөзде жыл сайын 1 шiлдеден кешiктiрмей жариялайды. 
      9. Мемлекеттік бiлiм гранты бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм алған оқу бiтiрушiлердi еңбекке орналастыруға жәрдем көрсетедi. 
      10. Мемлекеттiк бiлiм гранты құқығына ие болған талапкерлер қабылданған Қазақстан Республикасының бiлiм ұйымы, қаржыландыруды ашу үшiн, Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органына аталған адамдардың қабылданғаны туралы бұйрықтың көшiрмесiн жiбередi. 
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен мемлекеттiк білім гранттарын беруге көзделген қаражатты аталған қаржылық бағдарламаның әкiмшiсiне бөлудi жүзеге асырады. 
      Мемлекеттік білім гранттарын қаржыландырудың тәртiбiн аталған бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып бекiтедi. 
      12. Бiлiм ұйымына мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыру тәртiбiмен қабылданған адамдар оқудан шығарылып қалған жағдайда, аталған грантты пайдалану құқығынан айырылады. 
      13. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде оқитын адам басқа бiлiм ұйымына ауыстырылған кезде мемлекеттiк грант мөлшерiне түзету енгiзiледi, бiрақ аталған грант мөлшерi көбейтiлмейдi. 
      14. Мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқып жүрген адамға академиялық демалыс берiлген жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқу құқығы сақталады және академиялық демалыс берiлген мерзiмде оны қаржыландыру тоқтатылады (академиялық демалыста медициналық қорытындының негiзiнде болған грант иелерiне заңдарда белгiленген тәртiппен стипендиялар төлеу көзделген шығыстарды қаржыландыруды қоспағанда), ол мерзiмi аяқталғанда қалпына келтiрiледi. 
      15. Мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыру тәртiбi бойынша оқитын адамға:
      1) ол оқып жүрген (оқитын) бiлiм ұйымы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
      2) ол оқып жүрген (оқитын) бiлiм ұйымынан лицензия қайтарып алынған немесе бiлiм ұйымы лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайларда, басқа бiлiм ұйымдарында қаржыландырудың жалғастырылатынына кепiлдiк берiледi.
      Бұл жағдайларда қаржыландыруды жалғастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісiнiң келiсiмiмен айқындайды.

      

О государственном образовательном гранте

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1999 года N 1781. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года N 58.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 25 ноября 1999 года N 1781   утратило силу постановлением Правительства РК от 23 января 2008 года  N 58  (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Во исполнение  Закона  Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании" Правительство Республики Казахстан постановляет: 

      1. Утвердить прилагаемые Правила о государственных образовательных грантах. 

      2. Определить Министерство образования и науки Республики Казахстан и Агентство Республики Казахстан по делам здравоохранения администраторами программ подготовки кадров в высших учебных заведениях внутри страны по государственному образовательному гранту.  <*>
      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 27 мая 2000 г.  N 807  .

     3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

Утверждены           
постановлением Правительства  
Республики Казахстан     
от 25 ноября 1999 года N 1781 

     

Правила
о государственном образовательном гранте

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок целевого использования средств, выделяемых из республиканского бюджета в виде государственных образовательных грантов. 

      2. Государственный образовательный грант - целевая сумма денег в национальной валюте, безвозмездно предоставляемая лицам, получившим право на обучение по государственному образовательному гранту для оплаты профессионального образования. 

      Лицам, предоставленным государственные образовательные гранты в соответствии с законодательством Республики Казахстан, может выплачиваться стипендия. 

      3. Перечень специальностей и количество государственных образовательных грантов ежегодно (не позднее 31 марта) определяется Правительством Республики Казахстан и публикуется в республиканской печати. 

      4. Государственные образовательные гранты выделяются на конкурсной основе в соответствии с законодательством Республики Казахстан. 

      Учащиеся, награжденные знаком "Алтын белгi", имеют право на получение государственных образовательных грантов и принимаются в высшие учебные заведения Республики Казахстан без сдачи вступительных экзаменов. 

      Выпускники организаций образования, дающих среднее общее, начальное профессиональное и среднее профессиональное образование, являющиеся победителями республиканских и международных олимпиад и научных соревнований по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами I, II, III степени) текущего года, а также победители республиканских и международных конкурсов исполнителей последних трех лет (награжденные дипломами I, II, III степени) имеют право на получение государственных образовательных грантов и принимаются в высшие учебные заведения Республики Казахстан без сдачи вступительных экзаменов при соответствии выбранной ими специальности предмету олимпиады, научного соревнования, конкурса, по которому они являются победителями. 

      Порядок получения свидетельства о присуждении образовательного гранта без сдачи вступительных экзаменов и подачи заявления о приеме в высшее учебное заведение Республики Казахстан устанавливается Типовыми правилами приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан.  <*>  
      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 26 ноября 2001 г.  N 1517  . 

      5. Преимущественное право на получение государственного образовательного гранта в случае одинаковых показателей при проведении конкурса, имеют дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, инвалиды первой и второй групп, инвалиды с детства, которым согласно заключению территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения не противопоказано обучение в соответствующих организациях образования, и граждане, имеющие документы об образовании (свидетельства, аттестаты, дипломы) с отличием.  <*>  
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 28 июня 2002 г.  N 703  . 

      6. Лица, получившие право на обучение по государственному образовательному гранту, подают заявление о приеме в те организации образования Республики Казахстан, которые имеют лицензии на подготовку кадров по избранной ими специальности. 

      Подача указанного заявления является безусловным основанием для приема на обучение в организацию образования. 

      7. При размещении государственного образовательного заказа среди организаций образования центральный исполнительный орган Республики Казахстан в области образования руководствуется следующими обязательными для организаций образования условиями: 

      1) безусловная обязанность организации образования, допущенной к размещению государственного образовательного заказа по приему лиц, подавших заявление о приеме на обучение в порядке размещения государственного образовательного заказа; 

      2) отказ от права одностороннего прекращения договора по обучению лиц, которых они приняли в связи с размещением государственного образовательного заказа; 

      3) отказ от права пересмотра размеров оплаты стоимости обучения лиц, принятых ими в порядке размещения государственного образовательного заказа, в том числе и в случае изменения курса национальной валюты; 

      4) возмещение предусмотренных законодательством Республики Казахстан убытков, вызванных нарушением обязательств по обучению лиц, принятых ими в порядке размещения государственного образовательного заказа. 

      Другие условия для организаций образования могут быть установлены только в порядке внесения изменений (дополнений) в настоящие Правила. 

      8. Список организаций образования, имеющих государственные лицензии на право ведения образовательной деятельности, в которых размещается государственный образовательный заказ публикуется в республиканской печати центральным исполнительным органом Республики Казахстан в области образования ежегодно, не позднее 1 июля. 

      9. Организации образования, осуществляющие подготовку специалистов по государственному образовательному гранту, оказывают содействие в трудоустройстве выпускников, обучавшихся по государственному заказу. 

      10. Организация образования Республики Казахстан, в которую зачислены лица, имеющие право на государственный образовательный грант, направляет в центральный исполнительный орган Республики Казахстан в области образования копию приказа о приеме указанных лиц в организацию образования для открытия финансирования. 

      11. Министерство финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке осуществляет выделение средств из республиканского бюджета, предусмотренных на выдачу государственных образовательных грантов администратору данной бюджетной программы. 

      Порядок финансирования государственных образовательных грантов утверждается администратором данной бюджетной программы по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан. 

      12. Лица, принятые в организацию образования в порядке размещения государственного образовательного заказа, лишаются права на обучение по государственному образовательному гранту в случае их отчисления. 

      13. При переводе лица, обучающегося на основании государственного образовательного гранта, в другую организацию образования размер государственного гранта подлежит корректировке, но без увеличения размера указанного гранта. 

      14. При предоставлении лицу, обучающемуся по государственному образовательному гранту, академического отпуска право на обучение по государственному образовательному гранту сохраняется за ним и финансирование его обучения прерывается (за исключением финансирования расходов, предусматриваемых на выплату в установленном порядке стипендий обладателям грантов, находящимся в академическом отпуске на основании медицинского заключения) на период представленного академического отпуска, которое возобновляется после его окончания. 

      15. Лицу, обучающемуся в порядке размещения государственного образовательного заказа, гарантируется продолжение финансирования в других организациях образования в случаях: 

      1) ликвидации и реорганизации организации образования, в которой он обучался (обучается);

      2) отзыва у организации образования лицензии или приостановления действия лицензии организации образования, в которой он обучался (обучается).

      Порядок продолжения финансирования в указанных случаях определяется Министерством финансов Республики Казахстан по согласованию с администратором соответствующей бюджетной программы.