Бағдарламалық және жүйелік қамтамасыз етуді түзетуге, жаңа автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құруға, сондай-ақ 2000 жылдың проблемасына тап болуы мүмкін техниканы ауыстыруға байланысты проблемаларды шешу қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президентінің Іс Басқармасына 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік құжаттарға көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында бағдарламалық және жүйелік қамтамасыз етуді түзетуге, жаңа автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құруға, сондай-ақ 2000 жылдың проблемасына тап болуы мүмкін техниканы ауыстыруға теңгелік баламада 247 700 (екі жүз қырық жеті мың
жеті жүз) АҚШ доллары бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттардың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.