"Шымкентшина" ашық акционерлік қоғамының ауыр қаржы-экономикалық жағдайын ескере отырып және "Банкроттық туралы" P970067_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір апта мерзімде "Шымкентшина" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Шымкентшина" ААҚ) банкрот деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінсін.
2. Сот "Шымкентшина" ААҚ-ын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда конкурстық массаны сатудың:
1) "Шымкентшина" ААҚ-ның негізгі өндірістік кешенді білдіретін мүлкін оны сақтау мақсатында бірыңғай лотпен сатуды;
2) банкроттық рәсімдері кезінде өндіріс циклының үздіксіздігін сақтауды және осы мақсат үшін конкурстық іс жүргізу кезеңінде ықтимал инвесторды татуды;
3) конкурстық басқарушыға заңдарға сәйкес "Шымкентшина" ААҚ-ның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында келісімшарттар жасасу құқығын беруді;
4) сатып алушының:
конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткіліксіз болған жағдайда бірінші және үшінші кезектердегі кредиторлардың талаптарын өтеу жөніндегі;
сатып алушының негізгі лотты сатып алған сәттен бастап үш жылдың ішінде кемінде 2000 (екі мың) жұмыс орнын қамтамасыз етуі жөніндегі;
"Шымкентшина" ААҚ-ның кепіл туралы шарттар бойынша міндеттемелер қабылдауы жөніндегі;
сатып алушының бес жыл бойы Қазақстан Республикасының Үкіметімен
келісілген тәртіппен, бірдей үлеспен Оңтүстік Қазақстан облысын немесе
басқа да аймақтарды әлеуметтік дамытуға 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге
бөлуі жөніндегі міндеттемелерін көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі
белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.