Стокгольм қаласындағы Сауда Палатасы Төрелік Институтының "Бидерман Интернэшнл Инк." компаниясының өтініші бойынша 1999 жылғы 2 тамыздағы шешіміне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Стокгольм қаласындағы Сауда Палатасы Төрелік Институтының "Бидерман Интернэшнл Инк." компаниясының өтініші бойынша 1999 жылғы 2 тамыздағы мөлшері түпкілікті келіссөздерде нақтыланатын кесілген соманы төлеу туралы Қазақстан Республикасына қарсы шешімі қарауға қабылдансын.
2. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) Стокгольм қаласындағы Сауда Палатасы Төрелік Институтының "Бидерман Интернэшнл Инк." компаниясының (бұдан әрі - Компания) өтініші бойынша 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасына қарсы шешімін Компаниямен келісілген кестеге сәйкес және сомалар бойынша атқаруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ "Эйкин, Гамп, Штраус Хауер энд Фельд" заң фирмасының гонорары мен шығыстарын төлесін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі, "Қазақойл" ҰМК (келісім бойынша) бір апта мерзімде жобаның экономикасы мен "Қазақойл" ҰМК-ның қаржы жағдайын ескере отырып, "Кенбай" кен орны (Атырау облысы) бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өтелетін шығыстардың есебінен "Қазақойл" ҰМК-ның шығыстарын өтеудің тетігі мен мерзімдерін белгілей отырып, төлемдерді өтеудің сызбасы бойынша ұсыныс енгізсін.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір апта мерзімде
"Қазақойл" ҰМК-на осы қаулыны атқаруға байланысты қажетті құжаттарды
ұсынсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.